Биология кафедрасы



бет31/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

БӨЖ тапсырмалары: Индукция, дедукция, талдау мен жинақтаудың өзара байланыстары.


Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
Негізгі әдебиеттер:
1. Исаев Ғ.И., Халикова Г.С., Алпамысова Г.Б. Биологияны оқыту әдістемесі. Шымкент, 2017.
2. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
3. Дуйсебекова А.М., Сейтметова А.М., Жылысбаева А.Н., Тойжигитова Б.Б., Ибрагимова Д.И. Білім сапасын диагностикалау дайындығын қалыптастыру. Шымкент, 2019.
4. Аяшев О.А., Қадірбаева Р.І., Тілеуова С.С. Жас ұстазға 100 бағдар. Астана: Фолиант, 2016.
5. Бөрібекова Ф.Б., Жанатбекова Н.Ж. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар. Алматы, 2014.
6. Бегалиева Р.Н., Исаев Ғ.И., Ергубекова Ж.С. Оқытудың инновациялық аспектілері. Шымкент, 2017.


Қосымша әдебиеттер:
1. Сарыбаева Ә.Х. Болашақ жаратылыстану мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіруде электрондық оқулықтарды қолданудың ғылыми әдістемелік негіздері. Түркістан, 2018.
2. Элен Битэм, Рона Шарп(Аудармашы Омарова С.К.). Педагогиканы цифрлік дәуірде қайта зерделеу. Астана, 2019.
WEB сайттар тізімі:
1.http://ustaz.kz/
2. http://collegy.ucoz.ru

3.http://sabaqtar.kz/


7 Биология пәндерін жаңартылған бағдарлама бойынша оқыту пәнінен сабақта қолданылатын стратегиялар




Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:

  1. Биология пәндерін жаңартылған бағдарламамен оқытуда білімі мен білік, дағдыларын қолданады;

  2. Сабақты жаңартылған бағдарламаға сайкес формаларын мен әдіс-тәсілдерін білім алушылардың танымына қарай ұйымдастырады;

  3. Көпмәдениеттік, көпэтикалык және педагогикалық риторика құндылықтарын бағалайды;

Лабораторилық сабақтың мазмұны:


Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында: «Қазіргі мектептердің, біріншіден, практикалық қызметінде жинақталған барлық игіліктердің сақталуы; екіншіден, қоғамның интеллектуалдық қуатын жетілдіру, еліміздің материалдық-қаржылық ресурстарын әрі қарай дамытатын адам тәрбиелеу, орта білім жүйесін одан әрі дамытып жұмылдыру міндеттерін көздейді.Бұл міндеттерді шешу үшін мектеп ұжымдары, әр мұғалім күнделікті ізденіс арқылы барлық жаңалықтар мен қайта құру,өзгерістерге батыл жол ашарлық жаңа практика, жаңа қарым-қатынас жасаулары қажет»,-деп атап көрсетілуі мектептегі оқу-тәрбие үдерісіне жаңа бағыт сілтейді.
Қазіргі кезеңде білім берудің сапасын жақсарту, әдістемелік негізін өзгерту заман талабына сәйкес туындап отырған қажеттілік. Өйткені, мектептің әр күні көптеген ғылыми жаңалықтарға, терең әлеуметтік өзгерістерге толы. Бұрын оқу үрдісінде мұғалім басты рөл атқарған болса, қазір оқушының белсенділік көрсететін кезі туды. Сабақ мұғалімнің емес, оқушының іс-әрекетімен бағаланады. Қазіргі заманда нені оқыту емес, қалай оқыту маңыздырақ болып отыр. Сабақ барысында оқушының ізденуі мен зерттеу дағдыларын қалыптастыра отырып, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру мақсатында қолданылатын технологиялар баршылық. Солардың бірі–сын тұрғысынан ойлау технологиясы. Бұл технология Кеңес өкіметі кезінде 1973 жылдан, Қазақстанда 1997 жылдан бері таныла бастады. Оқу мен жазу арқылы сыни тұрғыдан ойлау, яғни, RWCT жобасы 29 мемлекетте қолданылады. Технологияның негізін қалаушылар американдық ғалымдар Чарльз Темпл, Джон Дьюи, Мередит. «Оқу және жазу арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы» RWCT Сын тұрғысынан ойлауды дамыту бағдарламасы–әлемнің түпкір-түпкірінен жиылған білім берушілердің бірлескен еңбегі.Кезінде жоба ретінде ұсынылып, көпшіліктің қолдауын тапқан бұл технологияда Ж.Пиаже, Л.С.Выготский,Эльконин,Давыдовтардың еңбектерінің ең құнды жерлері көрініс тауып,идеялар тоғысып,біріктірілген.
Сын тұрғысынан ойлау–оқушыны мұғаліммен, сыныптастарымен еркін сөйлесуге, пікір таластыруға, бір-бірінің ойын тыңдауға, құрметтеуге, өзекті мәселені шешу жолдарын іздей отырып, қиындықты жеңуге баулиды. Мектеп жасындағы балалардың ойлауын зерттеу нәтижелері олардың меңгерген теориялық жалпылауларының маңызды рөлін көрсетті.Дамыта оқыту технологиясының негізін қалаға нғалым В.В.Давыдов былай деп жазады: «В настоящее время можно считать установленным, что приопределенном содержаниии методах обучения уже у младших школьников обнаруживаются такие познавательные возможности, которые позволяют детям успешно усваивать математические и лингвистические знания теоретического характера.Это в свою очередь закладывает у них фундамент теоретического мышления, теоретического отношения к действительности». Ал теориялық ойлау ақыл-ой әрекетінің өз еркімен өзін реттеуіне жағдай жасайды. Атақты ғалым Л.С.Выготский: өзінің психологиялық үрдістерін түсіну және игеру «ғылыми ұғымдардың есігі арқылы келеді» деген еді.Ойлау үрдістерін өз бетімен ұйымдастыру ең алдымен бірлескен оқу әрекетінде пайда болады. Оқушы әрекеттің мақсаттары, құралдары мен шарттарының арасындағы қатынасты біртіндеп түсіне бастайды. Қазіргі кезде балада ойлаудың ерекшеліктерін жоғары қарқынмен мақсатты қалыптастыру мүмкін екені дәлелденіп отыр.
Сын тұрғысынан ойлауғ аүйрету үшін мына төменгі шаралар орындалуы шарт:

    1. сын тұрғысынан ойлауды тудыру үшін уақыт керек;

    2. оқушыларға ойланып-толғануға,ойынашық айтуға рұқсат беру;

    3. әр түрлі идеялар мен пікірлерді қабылдау;

    4. үйрену барысындағы оқушылардың белсенді іс-әрекетін қолдау;

    5. кейбір оқушылар түсіп қалған қолайсыз жағдайларды әжуаға айналдырмау;

    6. оқушылардың бір-бірінің жауабына жасаған сынының дәлелді, дәйекті болуын талап ету;

    7. сын тұрғысынан ойлауды бағалау. Ал оқушылардан осыған байланысты:

  • сенімділікпен жұмыс жасау;

  • бар ынтасымен оқуға берілу;

  • пікірлерді тыңдау, құрметтеу;

  • өз пікірін ашық білдіруді талап ету қажет.

Тек сонда ғана олар:

  • мен осы мәселе туралы не ойлаймын?

  • осы мазмұннан алған ақпарат менің бұрынғы осы мәселе туралы білетініме сәйкеспе?

  • осы ақпараттыүйренеотырыпменбірдеңежасайаламынба?

  • маған бұл жаңа ойлар, идеялар қаншалықты әсер етті? деген сауалдар төңірегінде ойлауға үйренеді.

Сын тұрғысынан ойлау – өзіндік ойлау. Сын тұрғысынан ойлау – сұрақ қоюдан және шешімін талап ететін проблемаларды айқындаудан басталады. Оқушы өзі сұрақ қойып, шешімін өзі айқындайды. Сын тұрғысынан ойлау–әлеуметтік ойлау, бірлесе оқыту идеясы. Мақсаты – барлық жастағы оқушыларға кез келген мазмұнға сын тұрғыдан қарап, екі ұйғарым бір пікірдің біреуін таңдауға, саналы шешім қабылдауға үйрету. Бұл бағдарлама жаңа буын оқулықтарының талаптарын жүзеге асыруда, оқушылардың білім деңгейін көтеруде, балаларды шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға, тез арада дұрыс шешім қабылдауға көмектесетін бірден–бір тиімді технология. СТО технологиясын пайдаланатын әр ұстаз өз педагогикалық қызметінде, оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынасқа дегенде көзқарасының мүлдем өзгергенін байқайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының басты стратегияларына тоқталып өтейік.
Технологияны жетік меңгеру үшін бірнеше тәсілдер қолданылады. Оқытуда жақсы нәтижеге жету үшін осы стратегияларды оқыту үрдісінің әр кезеңінде сабақтың мазмұнына қарай пайдаланған жөн.
Жaлпы сын тұрғысынaн ойлaйтын оқyшылaр бeлсeнді болaды, олaр сұрaқ қойып,дәлeлдeрді тaлдaйды, мaғынaны aнықтay үшін сaнaлы түрдe стрaтeгиялaр қолдaнaды; олaр ayызшa, жaзбaшa, көзбeн шолy дәлeлдeрінe сeнімсіздікпeн қaрaй отырып, eштeңeгe сeнбeйді,мұндaй aдaмдaр жaңaшыл идeялaрмeн кeлeшeккe aшық болaды.
Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын қолдануы мен жүргізілген сабақтың жоғары деңгейде өтуінің алғы шарты оның қағидаларында, яғни, стратегияларында. Стратегия дегеніміз—философия, әдістемелік ұстаным. Мұғалім мен оқушы кез келген стратегияның әдіс-тәсілін, қыр-сырын жетік түсіне білуі қажет. Сонда ғана жұмыс нәтижелі болмақ. Стратегиялар оқушыларды шығармашылық пен әрекететуге, ізденімпаздыққа баулиды, еркін, терең, жан-жақты ойлауына, үздіксіз жұмыс жасауына жол ашады, стратегияның 80-нен аса түрі бар. Жұмыстың ыңғайына қарай стратегияларды өзгертіп те жіберуге болады. Сыни тұрғыдан ойлау технологиясын пайдалана отырып,сабақ құрылымын жоспарлауға шығармашылықпен қарау,әдістемелік лабораторияны жинақтау секілді мүмкіндіктерге қол жеткіздім. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере
отырып, жазу мен оқу арқылы сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін арттыру мақсатында қолданып жүрген стратегиялардың мүмкіншіліктеріне тоқталсақ:
РАФТ Бұл стратегияны «кейіпкерге хат» деп алса да болады. Формасын түрлендіруге мүмкіндік бар: хат, хабарландыру, жеделхат, өтініш, бұйрық, жарнама.Оқушы жұмысқа кіріспес бұрын мәтіннің мазмұнын жетік түсінуге тырысады, ол үшін оны бірнеше қайтара оқып, ой елегінен өткізеді. Рафт оқушылардың тілін дамытады, қиялын өрбітеді, өз ойларын қағаз бетіне түсіру арқылы эссе жазуға жетелейді, ресми іс қағаздары жөнінде түсініктері қалыптаса түседі.
Жуан-жіңішке сұрақтар:оқушылар мәтінмен жұмыс істей отырып, мәтін мазмұны бойынша өздері тың сұрақтар құрастырады. Бұл дегеніміз, оқудың барлық әдістерін меңгеру болып табылады. Өйткені, оқушы алдымен қатесіз, түсініп оқуға тырысады,қойған сұрағына өзі жауап беруге дайын тұрады, басқа балалардың сұрақтарын мұқият тыңдап,сұрақ құрастырудың қиын жұмыс екенін біліп, ең үздік сұрақтарға ілтипат білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет