Биология кафедрасы


Функционалдық сауаттылықтың ерекшеліктері



бет30/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Функционалдық сауаттылықтың ерекшеліктері:

  • оқу мен жазу дағдыларын қалыптастыру үшін базалық деңгей болып табылады;

  • тұрмыстық проблемаларды шешуге бағытталады;

  • адамды нақты жағдайлардағы тәртібіне байланысты сипаттайды;

  • стандартты мәселелерді шешумен байланысты;

  • ең алдымен ересек адамдарды бағалау үшін пайдаланылады.

Оқытудың техникалық құралдары: интерактивті тақта, проекторсызба, бейнефильмдер
Жұмысқа қажетті құрал-жабдықтар: кестелер, плакаттар, дидақтикалық тапсырмалар.
Жұмысты орындау тәртібі:
1.«Тыңдайтын үшбұрыштар». Оқушылар үш адамнан тұратын топта бірлесіп жұмыс істейді: СПИКЕР мұғалімнің нұсқаулығы бойынша тақырыпты түсіндіреді (немесе проблема туралы өз ойымен бөліседі).ИНТЕРВЬЮЕР мұқият тыңдайды және егжей-тегжейін анықтау үшін сұрақтар қояды. ХАТШЫ үдерісті бақылайды және «спикерге» де,«интервьюерге» де кері байланыс береді. (Рөлдерді анықтау үшін“Бірге ойланамыз” тәсілі қолданылуы мүмкін – рөлдермен ауысуға болады (қазір немесе кешіректеу).
2.«Синквейн» әдісі

Деңгейлік тапсырмалар:

I- деңгей:


1. Түрлі әдістемелік әдебиеттерді пайдаланып тақырып сұрақтарын талдаңыз және тірек конспектісін жасаңыз.
2.Функционалдық сауаттылыққа сипаттама беріп,түрлерін атап,мәні мен маңызын анықтаңыз.
II- деңгей:
1.Оқушылардың оқу жетістіктері мен білім алу үрдісіне әсер ететін факторларды атаңыз.
2.Халықаралық PISA,TIMSS зерттеулеріне сипаттама беріңіз,мәні мен маңызын түсіндіріңіз.
III- деңгей :
1.Оқушылардың пәндік сауаттылығын дамытудағы отандық және шетелдік тәжірибелерді салыстырмалы және сыни тұрғыдан талдаңыз.
2.«Қазақстан оқушыларының пәндік сауаттылығын дамыту» ұлттық моделін жасап, бағалаңыз.


ӨБӨЖ тапсырмалары: Верзилин оқулығы бойынша дәрістер мен оларға қойылатын талаптарды сипаттау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет