Биология кафедрасы



бет27/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
Байланысты:
1-15 -БПЖББО-практика испр-26.01.22

Қосымша әдебиеттер:
1. Сарыбаева Ә.Х. Болашақ жаратылыстану мұғалімдерінің кәсіби даярлығын жетілдіруде электрондық оқулықтарды қолданудың ғылыми әдістемелік негіздері. Түркістан, 2018.
2. Элен Битэм, Рона Шарп(Аудармашы Омарова С.К.). Педагогиканы цифрлік дәуірде қайта зерделеу. Астана, 2019.
WEB сайттар тізімі:
1.http://ustaz.kz/
2. http://collegy.ucoz.ru

3.http://sabaqtar.kz/



6 Функционалдық сауаттылық


Лабораториялық сабақтың оқыту нәтижелері:
1. Биология пәндерін жаңартылған бағдарламамен оқытуда білімі мен білік, дағдыларын қолданады;
2.Орта мектеп оқу бағдарламалары мен оқулықтарының мазмұнын зерделейді;
3.Оқытудың және білімді критериалды бағалаудың заманауи талаптарын, функционалдық сауаттылық дағдысын меңгереді;

Лабораториялық сабақтың мазмұны:


«Функционалдық сауаттылық» ұғымына қатысты жүргізілген зерттеулерді
қарастыра келе, бүгінгі таңда отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектерінде
«функционалдық сауаттылық» ұғымын түсіндіруде, мән-мағынасын ашуда бірізділік жоқ
екені байқалды.
Ең алдымен, «сауаттылық» ұғымын қарастырайық. Бұл термин ретінде ХІХ
ғасырдан бері «жаппай сауатсыздықты жою» мәселесіне байланысты қолданылып келді.
Ол заманда сауатсыздықты әлеуметтік мәселе ретінде қарастырған, яғни сауаттылықты
«бастапқы оқу және жазу қабілеттілігі немесе хат тануы» ретінде таныған.
Қазіргі таңда бұл терминнің мағынасы «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»:
«Сауаттылық – адамның әдеби тілдің нормаларына сәйкес ауызша және жазбаша сөйлеу
дағдыларын меңгеруі» – деп түсіндіріледі. Берілген анықтамада сауаттылық, жалпы, кең
мағынасында алғанда, халықтың мәдени, әлеуметтік дамуының көрсеткіші ретінде
қолданылса, контекстегі мағынасы оқыту үдерісінің сапалық көрсеткішінің бірі екенін
меңзеп тұр. Бұл «Педагогикалық түсіндірме сөздікте» берілген «Сауаттылық – ана тілінің
заңдары мен ережелерін оларды ауызша және жазбаша сөйлеуде пайдаланудың берік
дағдыларымен үйлестіре отырып білуі» деген анықтамаға мағыналық тұрғыдан жақын
келеді.
Жалпы, сауаттылық ұғымының мән-мағынасын қарастырған ғылыми еңбектерде
берілген анықтамаларды зерделей келе, олардағы ортақ пікір: «сауаттылық – белгілі бір
деңгейде ана тілінің грамматикалық нормаларына сай оқу, дұрыс жаза алу дағдыларын
игеру» екенін байқадық. Дегенмен, бүгінгі өркениеттің даму деңгейі білімділік пен
сауаттылық ұғымдарының мазмұны мен оны түсінудің сара жолдарын әлі де іздестіруді
қажет етіп отыр.
Қоғамның дамуына байланысты сауаттылық ұғымының мәні тарихи тұрғыдан
өзгерді. Бүгінде сауаттылық ұғымының нақты мазмұны дара тұлғаның дамуына
қойылатын қоғамдық талаптарға байланысты жаңа сипатқа ие болды. Кейінгі уақытта ол
қарапайым оқу, жазу, санау біліктіліктерін ғана қамтып қоймай, адамның әлеуметтік
үдерістерге саналы түрде қатысуына мүмкіндік беретін, қоғамдық қажеттігі айқын
білімдер мен білік-дағдылардың жиынтығы ретінде қарастырылып жүр. Яғни, тұлғаның
оқи білу, жаза білу, санай білу қабілеттерін қалыптастырудан гөрі белгілі бір қоғамда өмір
сүруге қажетті білім мен біліктердің жиынтығын игерту, нақтылай айтқанда,
функционалдық сауаттылыққа қол жеткізу өзекті мәселеге айналды. Қазіргі әлемдегі,
еліміздегі өріс алып отырған түрлі бағыттағы әлеуметтік, экономикалық, технологиялық
дамулардың әсерінен қоғамның адамға қоятын талаптарының өзгеруі нәтижесінде
«функционалдық сауаттылық» ұғымы кең тарала бастады.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымы термин ретінде 1960 жылдары пайда болып,
ЮНЕСКО құжаттарында алғаш рет қолданысқа енгізілген. Онда «функционалдық
сауаттылық» оқу мен жазуды қоса алғандағы білім, білік, дағдылар жиынтығы ретінде
анықталған болатын.
«Функционалдық сауаттылық» ұғымының мән-мағынасына үңіліп көрейік.
«Функционалдық» сөзінің түбірі – «функция» («function»).С.И.Ожеговтың сөздігінде «функция» сөзінің мәні «Вызванный функционированием
чего-нибудь, зависящий от деятельности, а не от структуры, строения чего-нибудь
(книжн.)» – деп анықталған. «Қазақ тілінің түсіндірме сөздігінде»: «фукционалды» ұғымы
бір нәрсенің құрылысы, құрамынан емес, қызметіне қатысты, соның әрекетіне байланысты
қолданылады» – деген сипаттама беріледі. Бұдан «функция» ұғымы белгілі бір заттың
атқаратын қызметіне немесе іс-әрекетіне қатысты айтылатынын түсінеміз. Мысалы,
техникалық құрал-жабдықтарды алар болсақ (компьютер, сканер, принтер, т.б.), олардың
әрқайсысының өз функциялары бар. Ал «функция» ұғымы адамға қатысты айтылғанда, оның іс-әрекетіне байланысты қарастырылады. Мысалы: кез келген маманның атқаратын белгілі бір функциясы немесе қызметі болады, ол соның дұрыс атқарылуына жауап береді. Айталық, мектеп директорының, оқу ісі немесе тәрбие жөніндегі орынбасарларының әрқайсысының өзіндік лауазымдық функциясы бар және әрқайсысы өз бағыты бойынша жауапкершілікпен қызмет атқарады.
Ғылым тілімен айтсақ, функционалдық сауаттылықтың ерекшелігі – жылдам өзгеріп
отыратын қоғамда барлығы үшін қажетті қолданбалы білімдер негізінде әртүрлі қызмет
салаларында өмірлік мәселелерді шеше алуымен сипатталатыны. Яғни, функционалдық
сауаттылық «адамның өмірдің және іс-әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім
негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілеті» деген мағынада ұғынылады.
Сонымен, «сауаттылық» адамның білімділігіне қатысты ұғым екенін анықтадық.
Яғни, сауатты адам деген сөздің түпкі мағынасы оқу, жазу, санау біліктіліктері
қалыптасқан, грамматикалық тұрғыда таза, қатесіз жаза, сөйлей, оқи алатын, сондай-ақ
қарапайым арифметикалық амалдардың көмегімен дұрыс есептей білетін адам ретінде
танылады. Ал «функционалдық сауатты» адам деген ұғым белгілі бір кезеңге сай алған
білімі мен білік-дағдысы негізінде сауатты іс-әрекет ете алатын адам деген мағынада
қолданылады.
Сауаттылық ұғымы оны білім берудің әрекеттік аспектісімен бірлікте алғанда ғана
мағынасы кеңейе түсіп, функционалдық сауаттылыққа ұласады. Олай болса,
функционалдық сауаттылық дегеніміз – тұлғаның пәндік білім, білік, дағдыларын
әлеуметтік-қоғамдық ортада кез келген жағдаятқа сәйкес еркін қолдана алу
мүмкіндіктерінің қалыптасқан жүйесі болып табылады.Қазіргі қоғамда сауаттылық ұғымы кез келген іс-әрекеттің өлшемі, көрсеткіші ретінде қалыптасып, кең таралып отыр. Мысалы, музыкалық сауаттылық, техникалық сауаттылық, ақпараттық сауаттылық, компьютерлік сауаттылық, т.б. кездестіреміз. Бұл терминдер адамның өмірдің және іс-әрекеттің түрлі саласында қолданбалы білім негізінде қалыпты тіршілік міндеттерін шешу қабілетін бағалау мақсатында қолданылып жүргені белгілі. Осыған байланысты функционалдық сауаттылықтың бірнеше түрін анықтауға болады (1-кесте):

1) оқу және жазу сауаттылығы;


2) математикалық сауаттылық;
3) жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;
4) компьютерлік сауаттылық;
5) заң және құқық мәселесіндегі сауаттылық және т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет