Биология кафедрасы


Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы



бет77/81
Дата25.11.2023
өлшемі3,95 Mb.
#126428
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81


Деңгейлеп саралап оқыту технологиясы.


Деңгейлеп саралап оқытуда негізделген технология дамыта оқыту идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Өйткені ол оқушының ойлауын, елестету мен есте сақтауын, ынтасын белсенділігін дағдысын, білім сапасының дамуын қамтамасыз етеді.Мақсаты: әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне қарай оқыту. Оқытуды оқушының әр түрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу,ыңғайлау.

Ерекшелігі:


  • Таланттылар өздерінің қабілеті мен икемділігін одан әрі бекіте түседі,әлсіздер оқуға ниет білдіріп,сенімсіздіктен арылады.

  • Оқушылардың оқуға деген ынтасы артады.

  • Білім дәрежесі бірдей топтарды оқыту ісі жеңілдейді.

Саралап оқыту технологиясы.


Саралап оқыту –бұл:–оқу үдерісінде мұғалімдердің, оқушылардың білімдерін есепке ала отырып, жұмыс істеуі;–әр түрлі топтарды оқыту үдерісінде жалпы дидактикалық жүйенің бөлімі;Саралап оқыту əдісі оқу үдерісінің белгілі бір білігін қамтитын саралап оқытуды ұйымдастырудың, құралдары мен əдістерінің жиынтығы болып табылады. Оқыту жүйесінің кез келгенінде қандай да болсын оқушыларды саралауы жүзеге асып отырады. Сондықтан 
саралап оқыту əдісінің өзі əр түрлі əдістемелік құралдарды қолдану арқылы енген.
Сипат бойынша мынадай түрлерге бөлінеді:
- жас ерекшелігі бойынша;
- жынысына байланысты;
- қызығушылығы бойынша;
- ақыл-ой деңгейінің дамуы бойынша;
- тұлғалық-психологиялық типтері бойынша;
- денсаулық деңгейі бойынша.
Мақсаты: əркімді мүмкіндігіне сай оқыту. Əр түрлі топтағы оқушыларды ерекшелігі бойынша оқуға бейімдеу.
Ерекшелігі:
-
үлгерімі жақсы оқушыға көңіл бөлініп, нашар оқушыларға көмектесу мүмкіндігі туады;
- қиын балалармен тиімді жұмыс жүргізу мүмкіндігі болады;
- жақсы оқитын оқушының тереңірек білім алуына жағдай туады;
- оқушылар қабілеті артады;
- əлсіздер оқу мүмкіндігіне ие болады;
- деңгейлері бірдей оқушыларды оқыту мен тəрбиелеуде қиындық кездеспейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   81




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет