Проблемалық оқыту технологиясының негізгі мақсаты – оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету, олардың танымдық жəне шығармашылық икемділіктерін дамыту.Проблемалы оқыту технологиясының ерекшелігі де оқушының белсенділігін арттыру жəне оқу материалдарын баланы қызықтыратындай құпиясы бар мəнге жеткізу.Себебі, оқушы материалдарды сезім мүшелері арқылы қабылдап қана қоймайды, білімге деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді
Проблемалық оқытудың басқа əдістерден айырмашылығы – білім оқушыларға дайын күйінде ұсынылмайды, керісінше, олардың алдына белгілі бір проблеманы өз бетінше шешу міндеті қойылады. Осылайша іздену əрекеті барысында шешімді оқушылардың өзі тауып, білімді игеруге жол ашады.
Тірек сигналдары бойынша оқыту технологиясы(В.Ф.Шаталов бойынша) Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясының негізін қалаған В.Ф.Шаталов. Мақсаты: әр оқушының білім,білік,дағдыны
қалыптастыру, жеке ерекшеліктерін ескере отырып, барлық балаларды оқыту, жеделдете оқыту. Технологияның мазмұндық ерекшелігі:
оқу материалын тірек сызбалары–конспектілеу арқылы беру;
берілетін ақпаратты, ойды айқын бейнелейтін тірек конспектісі.
Ұжымдық оқыту технологиясы.Мақсаты: әроқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу ұйымшылдық қабілеттерін ояту,ынтымақтастыққа тәрбиелеу. Өзін-өзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу.
Ерекшелігі:
Жекелей оқыту.
Жұптық оқыту.
Топтық оқыту.
Ұжымдық.
Оқушы-оқушы,оқушы-оқытушы,оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады.
Талаптары:
Əр оқушының еңбегі пайдалы болуыкерек.
Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау.