Биология мен экологияны оқыту әдістері Тақырып: Мектептегі сабақтың түрлері мен типтері


-материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында материалды терең түсінуіне жағдай жасау



бет4/7
Дата25.11.2023
өлшемі187,54 Kb.
#126206
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
биология сабақтарындағы сабак типтері

-материалмен өз бетімен жұмыс істеуге керекті білім және іскерліктерді оқушылардың жадында бекіту барысында материалды терең түсінуіне жағдай жасау;

  • Білімдер мен іскерліктерді бекіту;
  • Меңгерген білімдерімен қатар, жаңа ұғымдарды қалай түсінгенін байқау;
  • Білімге сәйкес келетін дағдылар мен іскерліктерді бекіту;

Үй тапсырмасын орындау жөнінде нұсқаулар беру кезеңі

  • Оқу-тәрбиелік міндеттері: үй тапсырмасын оқушыларға хабарлау, оны орындау әдістемесін, орындаудың қажеттілігін, міндеттілігін оқушыларға түсіндіру.
  • Кезеңнің мазмұны: • сабақтың қорытындысын шығару; • оқушыларды үй тапсырмаларын орындауға ынталандыру: оқушының білімге құмарлығын ояту (мәселені қызықты етіп қою); борыш сезімін ояту, баланың икемділіктері, талап тілектерін ескеру; • үй тапсырмаларын орындау жөнінде толық, бірақ қысқа нұсқау беру. Оқу материалын бекітуге, оқушылардың жеке қабілеттерін дамытуға көмектесетін тапсырмалар беру. Үйге берілетін тапсырманы оқушының қабілетін, әсіресе дарынды балалардың қабілетін дамыту үшін қолданған дұрыс. Үй тапсырмалары - оқушылардың оқуға қызығушылығын дамытудың, адамгершілік сапаларын, дүниетанымын қалыптастырудың құралы. Мұғалімнің үй тапсырмаларын дұрыс орындатуы үйдегі оқу жұмысының, сабақтың сапасын жақсартады.

Оқушылардың білімін бағалау

Оқушылардың білімін бағалауға қойылатын талаптар:

  • Білім, білік, іскерлік, дағдыны тексерудің әр түрлі тәсілдерін қолдану;
  • Бағаның әділ қойылуы;
  • Оқушының өзін-өзі және басқаны бақылауы және бағалауы;
  • Бағалау-бақылау процесінің әрбір баланың оқу үлгерімінің төмендеуіне, көңіл күйінің жақсы болуына көмектесу;

Кіріспе сабағы:

Кіріспе сабағының ерекшелігі, оқу бағдарламасын жаңа тақырыптарын немесе тарауын оқып үйренуде қолданылады. Мұғалім тараудың немесе тақырыптың оқу-тәрбиелік мәнін ашып береді, алдағы оларды өткізу тәртібін оқушыларға түсіндіреді, ондағы жаңа оқу материалдарының мазмұнын оқып үйренудің тәсілдерін көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет