Биология пәні бойынша мектеп оқушыларын олимпиадаға дайындау жоспары



бет11/25
Дата26.02.2022
өлшемі419,5 Kb.
#26460
түріБағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25
Эпидерма. Эпидерма – шығу тегі жағынан алғашқы жабын ұлпа. Эпидерма, 1868 жылы Ганштейн негізін салған теория бойынша, төбе меристемасының дерматоген (протодерма) қабатының бөлінуі болып табылады. 1920 жылы Шмид негізін салған теория бойынша төбе меристемасының сыртқы қабаты клеткаларының бөлінуі нәтижесінде пайда болған.

Эпидерма – жапырақтың, гүлдің және көптеген өсімдіктер жемістерінің, шөптесін өсімдіктердің сабағы мен сүректі өсімдіктердің жас өркендерінің түпкілікті жабын ұлпасы. әр трүрлі өсімдіктердің әр мүшесінің эпидермасының қызметі әр түрлі, осыған орай олардың биологиялық мәні де бірдей емес. Мысалы, жапырақтың эпидермасы қорғаныштық қызметімен қатар фотосинтез, ауа алмасу және судың тепе-теңдігін реттейді.

Эпидерма көпшілік жағдайда бір қатар, сирек түрде екі немесе одан да көп қатар клеткалардан тұрады. Көп қабатты эпидермасы бар өсімдіктерге алабота тұқымдасына жататын суккленттер: тарбақ бұйырғын (Anabasis brachiata), итсигек бұйырғын (Anabasis aphylla) және тұт ағашы (Morus L), фикус (Ficus elastica) т. б. өсімдіктер жатады. Кейбір өсімдіктердің эпидермасының астында гиподерма деп аталатын қабат болады. Ол құрғақшылықта өсетін өсімдіктерде су қорын жинайды. Мысалы, жасаңшөп, итсигек бұйырғын, сібір қаpағайы (Pinus sibirica) және кәдімгі қарағайдың (Pinus sylvestris L) қылқан жапырағының гиподермасы қабырғалы қалыңдап кеткен бір қатар клеткалардан тұрады. Бұл клеткалар жапыраққа мықтылық қасиет береді және эпидманың қыстың қатты желінің құрғатып жіберуінен қорғайды. Қарағайдың оңтүстік түрлері, мысалы, Эльдар қарағайында гиподерма 2-3 қабатты болып келеді.

Эпидерма күрделі ұлпа, ол клеткалардың әр түрлі типтерінен тұрады.

Олар: 1. Эпидерманың негізгі клеткалары.

2. Устьице аппаратының жанаспалы және қосалқы клеткаларының сырт жағынан өсіп шыққан өскіншелер.

Эпидерманың негізгі клеткалары бір-бірімен тығыз, ал өзінен төмен орналасқан паренхималық клеткаларымен нашар байланысады. Сондықтан да тез сыдырылады. Эпидерманың негізгі клеткаларының пішіні, көлемі әр түрлі. Мысалы, сабақтың, таспа тәрізді жапырақтың, сағақтың эпидерма клеткаларының пішіні сопақ, ал өсу барысында ұзындығы мен көлденеңі бір қалыпты жүретін мүшелерде изодиаметрлі. Эпидерма клеткаларының көлемі сыртқы ортаның әсеріне байланысты шөл, шөлейт және далалық аймақтың ксерофиттері эпидермасының негізгі клеткалары мезофиттер эпидермасынан майдалау. Бұлай болуы ксероморфтық белгіден ғана емес, ботаник ғалым Гребтің 1957 жалғы зерттеуі бойынша әр иүрлі қоректік заттардың жеткіліксіздігінен, екінщі бір ғалым Сурождың (1892) пікірі бойынша жарықтың шамадан тыс болуынан, төменгі температурадан, сыртқы ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен деп түсіндіріледі.

Жапырақтың үстінгі эпидермасының клеткалары төменгі эпидерма клеткаларынан ірірек. Эпидерма – тірі ұлпа. Ол цитоплазмада клетка қабырғаларын астарлай орналасады. Онда тірі клеткаларға тән клетканың протопласт бөлімінің барлық компоненттері: лейкопласт, сирек жағдайда хлоропласт кездеседі. Хлоропласт көлеңкеде және суда тіршілік ететін өсімдіктер эпидермасына тән. Бұған папоротник және алабота тұқымдастарының кейбір өкілдері жатады. Эпидерма клеткалары лейкопластан басқа түсті платидтердің болмауынан (түсінің мөлдір жылтырлығынан) өзінен төмен орналасқан фотосинтез процесі өтетін паренхималарға жарықты мол өткізеді. Шөл, щөлейт тау өсімдіктерінде мөдір, жылтыр түскен кун сәулесі шағылысып жапырақты және сабақты қызып кетуден сақтайды, булануды азайтады. Эпидерма клеткаларының шырыны көпшілік жағдайда түссіз келеді, кейде гүлдерде, жемістерде, сабақтарда антоцианмен жеке антохлормен боялады.

Эпидерма клетка қабырғаларының қалыңдығы бәрінде бірдей емес. Сыртқы ортамен жанасып жатқан жерлері қалыңдау келеді де тұтас кутикула қабатымен жабылады. Кутикула қабаты бірыңғай кутиннен ғана емес, сондай-ақ өсімдік балауызынын (воск) да тұрады. Кутин қабатында балауыздың болуы су мен газды нашар өткізеді. Балауыз кутикуланың бетіне бөлініп шығады, онда жиналып, қалыңдығы мен пішіні әр түрлі қабыршақтар, таяқшалар түзеді. Балауыз бозғылт немесе көгілдір түсті. Мысалы, жүзім, қара өрік жемісін, терек, қалампыр, капуста жапырағын, үйеңкінің, жыңғылдың жас сабағының сыртын қаптап жатқан шаңдақ зат - осы балауыз. Ол шаң тәрізді, сүртсең тез кетіп қалады.

Эпидерма клеткалары қабықшасының целлюлоза қабаты цитоплазмамен беттесіп жатады. Целлюлоза қабаты мен кутикуланың арасында пектин қабаты бар. Пектин қабатынан кутикулаға қарай кесе көлденең жолақтар өтеді ( пектин жолақтары). Бұл жорлақтар (прожилки) соңғы жылдары электрондық микроскоптың көмегімен табылған пектин заттарынан тұрады.

Эпидерма клеткалары қабырғаларының күрделі құрылысы өсімдік тіршілігінді тірі протопласт қызметтерінің әсерінен өзгеріп отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   25




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет