«Биология,биохимия және микробиология» кафедрасы Презентация Тақырыбы: Витаминдер



бет2/6
Дата20.10.2023
өлшемі2,33 Mb.
#119944
түріПрезентация
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
биохим 2срс

Химиялық құрылысы

  • А витамині – антиксерофтальмикалық,антигемеролапикалық витамин.Химиялық құрамы бойынша циклді қанықпаған бір атомды спирт болып табылады.
  • Витамин А-ның екі түрі бар:Витамин А1-ретинол және аксерофтол деп те аталады.А1 витамині –иондық сақинадан және изопреннің екі қалдығынан тұрады.

Тағам көздері

  • Ретинол негізінен жануар тектес тағамдарда,әсіресе су жануарлары мен балықтардың бауырында көп кездеседі.Өсімдік тектес тағамдарда,көкөністерде А-каротин – провитамин түрінде болады. Организмге түскеннен кейін,ішектің кілегей қабатында және бауырда,тотығудан ыдырап,ретинолға айналады. А витаминінің жетіспеуі нәресте үшін өте қауіпті,себебі олардың организмінде бұл витамин мүлдем жоқ.Ересек адамдардың бауырында,2 жылға жетерліктей мөлшері қор ретінде жиналады

Авитаминоз

  • А витамині жетіспегенде ең алдымен көздің көру қызметі бұзылып,ксерофтальмияға(көздің мүйізді қабаты құрғайды) және гемералопияға (қараңғыға бейімделудің бұзылуы немесе «тауық»,соқыр)ұшырайды.Жас организмнің өсуі тоқтайды. Әсіресе ,сүйектің өсуі нашарлайды. Эпителий клеткалары кератинденіп,метаплазия болады,сонымен қатар,бүйрек үсті безінің клеткалары,ұрық эпителиі,орталық нерв жүйесінің тіндері зақымданады.
  • Тәуліктік қажетті мөлшері. Дені сау ересек адам үшін тәулігіне кем дегенде 2,7 мг А витамині немесе 2-5 мг Ветта –каротин қажет.

Биологиялық маңызы

  • Эпителий ұлпаларының дамуын,қалыпты өсуін реттейді;
  • Ферменттер жұмысын күшейтеді;
  • Көру пигменті –родопсиннің түзілуін қамтамасыз етеді;
  • Өсу витамині деп атайды;
  • Жануартекті өнімдерде-бауыр,сарымай,балық майында көп.
  • Өсімдіктекті өнімдерде-құрамында каротин бар сәбіз,қызан, асқабақ, тәтті қызыл бұрыш,өрікте көп.

Қызғылт пигмент – каротин

  • КАРОТИНОИДТАР ( лат. carota —сәбіз және грек. eidos — түр),қызғылт және сарғыш табиғи пигменттер тобы.
  • Табиғатта: Ұсақ ағзалар және барлық өсімдіктерде түзіледі;
  • Жарық сәулесін сіңіру арқылы фотосинтез процесіне қатысады;
  • Жемістерге, күзгі жапырақ түсіне рең береді.
  • Адам ағзасына тағаммен түскен каратиноидтардан А витамині түзіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет