Антигеморрагиялық витамин. К дәрумені күнделікті пайдаланатын барлық тағамдарда кездеседі. Олар тіпті ішектегі кейбір бактериялардың әсерімен жаңадан пайда болып отырады. Сондықтан бұл дәруменнің жетіспеуі бойға тараған кейбір аурудың салдарынан деп түсіну керек. К дәруменінің қанды ұйытудағы маңызы зор. Ғалымдардың ұйғаруынша, тәулігіне адамға 0,2-0,3 мг К дәрумені қажет.Химиялық құрылысы.Филохинон 2-метил -1,4-нафтахинон туындысы.Бұл филохинондар мен менахинондардың үлкен тобына жатады.1929 жылы даниялық ғалым Г.Дам антигеморрагиялық фактор ретінде шөжектерден бөліп алды.
Биологиялық маңызы
Адам үшін К1 филлохинондар -және К2менахинондар витаминдері ең алдымен,қан ұю процесін жылдамдату үшін немесе қалпына келтіру үшін қажет.Бұл витамин тікелей қанның ұю процесіне және тромбиннің түзілуіне қатыспайды.К витамині протромбиндердің түзілуіне және осы күрделі жүйедегі II,VII,IX,және X-ыншы факторлардың түзілуіне қатысады.Дәлірек айтсақ,глутамин қышқылы қалдығын ГАММА –карбоксилдендендіру арқылы,ГАММА –карбоксижүйелерін түзуге қатысады.ГАММА-карбоксижүйелері кальций иондарын байланыстыру үшін қажет.
Сонымен қатар,менохинондар фотосинтез,тотығудан фосфорлану немесе дегидроорот қышқылының оротатқа тотығуы сияқты,кейбір биохимиялық тотығу-тотықсыздану реакцияларының медиаторы болып табылады.Табиғи К1 және К2 витаминдерінен басқа,бұлардың көптеген синтетикалық аналогтары белгілі.Көбінесе,олардың биологиялық активтілігі жоғары болады.Мысалы,менадион(витаминК3) ,организмде алкилденіп,менахинон 4-ке (К2(20)) айналады және басқа К витаминдері метаболизмінде аралық өнім болып табылады.