Биологиялық химия Кафедрасы



бет36/226
Дата19.09.2023
өлшемі0,76 Mb.
#108785
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   226
Байланысты:
СИЛЛАБУС-Мамандығы-051301-–-«Жалпы-медицина»

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР:
1.Энергия алмасуының сатылары.
2. Көмірсулар, липидтердің және белоктардың арнайы жолдармен ыдырауына сипаттама.
3. Үш карбон қышқылдарының цикліне сипаттама.
4. БТ мен ТФ-қа сипаттама.
4 дәріс.
Тақырыбы: Тотығу түрлері. Организмнің антиоксидантты жүйесі.
МАҚСАТЫ: Тотығу түрлері мен организмнің антиоксиданттық жүйесі туралы түсінік қалыптастыру.
ДӘРІС ЖОСПАРЫ:

  1. Тотығудың оксидазды типі.

  2. Оксигеназды тотығу типі.

  3. Пероксидті тотығу типі және организмнің антиоксиданттық жүйесі.

  4. Пероксидазды тотығу типі.

ДӘРІСТЕЗИСТЕРІ:
Оксидаздық тотығу бұл – биологиялық тотығу.
Оксигеназдық тотығу 2 түрдегі реакцияны катализдейді: гидроксилдену және микросомальді тотығу. Оксигеназдық тотығудың маңызы – табиғи стероидтардың өзгерістерін, холестерин мен адреналиннің түзілуін, циклді қосылыстардың синтезін және т.б. және табиғи емес субстраттардың ксенобиотиктердің өзгерістерін жүргізу.
Пероксидтік тотығу- молекулалық оттектің бір электрондық тотықсыздануының нәтижесінде оттектің активті формаларыныңОАФ- супероксид анионы, гидроксил радикалы, пероксид ионы, синглетті оттек, гипохлорит ионы түзілуінен
липидтерде бос- радикалдық реакцияның жүруі, яғни липидтердің пероксидтік тотығуыЛПТ. ЛПТ-ның физиологиялық деңгейін антиоксиданттық жүйе бақылайды.
Ол екі түрлі болады: 1ферменттіксупероксиддисмутаза (СОД), каталаза, глютатионпероксидаза, глютатионредуктаза, церулоплазмин және т.б. 2 ферменттік емесЕ,А,С витаминдері; убихинон, зәр қышқылы,стероидты гормондар; тиол қосылыстары және т.б..Антиоксиданттар ЛПТ-ны тоқтатады немесе түзілген өнімді бейтараптайды.
Пероксидаздық тотығу макроэргиялық байланыс түзе жүрмейді. Олар пероксисомадағы активті оксидаздардың көмегімен жүреді. Пероксисома- гепатоциттердегі кішкентай денелер; оларды арнайылықты тотықтырғыш денешіктер деп қарастыруға болады. Бұл кішкене денешіктерде зәр қышқылдарының оксидазалары, лактооксидаза, Д-амин қышқылдарының оксидазалары және каталаза болады. Каталаза осы оксидаздар түзетін сутек пероксидін ыдыратады.
Мысалы, ксантиноксидазаның әсерінен несеп қышқылы және сутек пероксиді түзіледі, ал түзілген Н2О2-ні каталаза су мен молекулалық оттекке дейін ыдыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   226




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет