Оқыту құралдары: тесттік тапсырмалар, жаттығулар, жағдайлық есептер, «Биологиялық химиядан практикум» (2004ж.), Абитаева С.А. «Биохимияның кейбір тараулары» (Алматы, 2004ж.), Биохимияны студенттердің өздігінен оқып-білуіне арналған оқу құралы 3 Бөлім- «Биологиялық сұйықтықтар мен тіндер биохимиясы» (2009).
1. Сабақты ұйымдастыру бөлімі - оқытушы студенттерді тексеріп, сабаққа келмеген студенттердің себебін білу. Кейін сабақтың жоспары, мақсаты мен міндеттерімен таныстырып, үйге тапсырма беріледі: Аралық бақылау: «Гормондар. Қан және зәр биохимиясы»Студенттердің келесі сабаққа өз бетінше дайындалуына арналған сұрақтар:
Қандағы кальций мен фосфаттардың мөлшерін реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Негізгі алмасуды реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Су-минерал (су, натрий мен калий деңгейін) алмасуын реттейтін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Гипогликемиялық әсер көрсететін гормон. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Контринсулярлы гормондар. Түзілетін орны. Олардың гипергликемиялық әсерінің механизмдері.
Қантты диабет дамуының биохимиялық механизмдері.
Гипертиреоз дамуының биохимиялық механизмдері.
Гипотиреоз дамуының биохимиялық механизмдері. Ересектер мен балалардағы гипотиреоз. Эндемиялық зоб.
Катехоламиндер. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Анаболикалық эффект көрсететін гормондар. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Әйел адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Ер адамдардың жыныс гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері. Секрециясының реттелуі.
Эйкозаноидтар. Олардың түзілетін орны. Эйкозаноидтардың негізгі өкілдерінің физиологиялық әсері.
Гипофиз гормондары. Түзілетін орны. Негізгі физиологиялық әсері..
Қан сарысуының белоктары мен белок фракциялары. Қалыпты жағдайдағы пайыздық мөлшері. Қағаздағы электрофорез әдісінің принципі.
Белок электрофореграммасының түрлері, олардың диагностикалық маңызы.
Мочевина және несеп қышқылы. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Оларды қанда және зәрде анықтаудың диагностикалық маңызы.
Билирубиннің түрлері. Олар қайда түзіледі? Қан сарысуындағы қалыпты мөлшері. Қандағы және зәрдегі билирубинді анықтаудың диагностикалық маңызы
Креатин және креатинин. Олардың түзілетін орны. Маңызы. Қандағы креатининнің қалыпты мөлшері. Қандағы креатинин мөлшерінің артуы нені көрсетеді? Креатинурия қандай жағдайда байқалады?
Қан плазмасының азотсыз органикалық заттары. Олардың қалыпты жағдайдағы мөлшері. Оларды анықтаудың диагностикалық маңызы.
Натрий және калий. Осы элементтердің қан плазмасы мен эритроциттердегі қалыпты мөлшері және организмдегі маңызы. Қандағы натрий мен калий деңгейін қандай гормон реттейді?
Қалыпты зәрдің физикалық-химиялық қасиеттері және химиялық құрамы. Зәр құрамындағы заттардың тәуліктік қалыпты мөлшері.
Зәрдің патологиялық компоненттері. Олардың зәрде пайда болуының негізгі себептері.
Атеросклероз дамуының биохимиялық механизмдері.
Қантты диабет кезіндегі қан және зәр құрамындағы биохимиялық өзгерістер.
Орташа молекулалы пептидтер. Олардың диагностикалық маңызы.
2. Блиц-сұрақ тест бойынша жүргізіледі, оқытушы студентті тақтаға шығарады, ол тесті ішінен оқып, дұрыс жауабын бірден айтуы тиіс, немесе оқытушы қай тесті оқу керектігін нұсқайды, студент жауап береді. Студенттің жауабы Білім құзырлылығын бағалауда ескеріледі.
3)Дискуссия немесе шағын топта жұмыс жасау – келесі проблемалық сұрақтар бойынша жүргізіледі: