Саны – популяциядағы даралар саны. Популяцияның негізгі көрсеткіші.
Популяция тығыздығы – бір аумақта қанша дара орналасатынын көрсетеді. Популяция алатын аумақ пен оның құрамына кіретін даралар саны арасындағы арақатынас.
Туу – уақыт бірлігіндегі, мысалы, бір жылдағы популяцияда туған дара санын көрсетеді.
Туу – уақыт бірлігіндегі, мысалы, бір жылдағы популяцияда туған дара санын көрсетеді.
Өлім-жітім – уақыт бірлігіндегі, мысалы, бір жылдағы популяцияда тіршілігін жойған дара санын көрсетеді.
Өсім – уақыт бірлігіндегі туу және өлім арасындағы айырмашылық. Егер өсім теріс болса, демек, популяция жойылу жағдайында тұр, саны қысқарып бара жатқан немесе жойылып бара жатқан популяция болып табылады.
Жастық құрамы – осы популяциядағы әртүрлі жастағы даралар арасындағы қатынас.
Жыныстық құрамы – популяциядағы жыныстық жағынан жетілген аталық және аналық арасындағы қатынас. Біте, Дафния, Комод кесірткелерінің және т.б. партеногенетикалық ұрпақтары болатыны белгілі.
Популяция генофонды не генетикалық құрылымы – популяциядағы даралар ие барлық геннің, олардың түр өзгерістерінің жиынтығы.
Популяцияда «пайдалы гендер» неғұрлым көп болса, олардың тірі қалу мүмкіндігі соғұрлым жоғары – эволюциялық жетістік.
Әртүрлі жағдайда түрлер түрлі жолмен тірі қалуға ұмтылатынын Ч. Дарвин байқаған. Тірі қалуға ұмтылу түсінігін И. Шмальгаузен дамытқан.
Түрлердің өзін-өзі сақтауының қарама-қарсы 2 стратегиясы:
Тірі ағзалардың өзара қарым-қатынас түрлері
Нақты селбестік (кооперация) – екі ағза үшін де пайдалы қарымқатынастың түрі.
Нақты селбестікте – бірлесіп тіршілік етуі маңызды емес және олар бір-бірінсіз де тіршілігін жоймайды.