Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет51/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83
 

 

7.12-бап 

 

Тауарлар шығарылған жерлердің географиялық сілтемелері мен 

атауы 

 

Әрбір Тарап өз аумағында өзінің заңнамасына және ЗМҚСА келісіміне, 

атап  айтқанда,  22  және  23-баптарға  сәйкес  Тауарлар  шығарылған 

жерлердің  географиялық  сілтемелері  мен  атауларын  баламалы  және 

тиімді құқықтық қорғауды қамтамасыз етеді.

2

 



 

Екі  Тарап  та  жоғарыда  көрсетілген  мәселе  бойынша  талқылауды 

жалғастыратын және одан әрі ынтымақтастықты дамытатын болады. 

 

7.13-бап  

 

Патентке қабілеттілік 

                                         

2

 

Нақтылау  ретінде,  ЕАЭО  және  ЕАЭО-ға  мүше  мемлекеттердің  тауарлары  шығарылған 



жерлердің атаулары Қытайда географиялық сілтемелер ретінде қорғалуы мүмкін.

 



49 

 

 



 

1.  Осы  баптың  2  және  3-тармақтарының  ережелеріне  сәйкес  өнім 

түрінде  және  процесс  түрінде  де,  кез  келген  технологиялық 

салалардағы кез келген өнертабыстарға қатысты, егер ол жаңа болса 

өнертабыстық  деңгейі  болса  әрі  өнеркәсіпте  қолданылатын  болса 

патент берілуі мүмкін. 

 

2.  Тараптардың 



әрқайсысы  патенттелетін  өнертабыс  саласынан 

адамдардың  өмірін  немесе  денсаулығын,  жануарларды  немесе 

өсімдіктерді  қорғауды  қоса  алғанда,  қоғамдық  тәртіпті  немесе 

моральды  қорғау  үшін  немесе  осындай  алып  тастау  олардың 

заңдарында  және  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерде 

пайдаланылуға тыйым салынғандықтан ғана жасалмайтын жағдайда, 

қоршаған  ортаға  елеулі  нұқсан  келтірмеу  үшін  өз  аумағы  шегінде 

коммерциялық пайдалануды алып тастауы мүмкін. 

 

3.  Тараптардың әрқайсысы патенттелетіндер саласынан мыналарды: 



 

(a) адамдарды немесе жануарларды  диагностикалық,  терапиялық 

және хирургиялық емдеу әдістерін; және 

 

(b)  микроорганизмдерден  басқа,  өсімдіктер  мен  жануарларды, 



сондай-ақ биологиялық емес және микробиологиялық процестерге 

қарағанда  өзге,  шын  мәнінде  өсімдіктер  немесе  жануарларды 

биологиялық өсіру тәсілдерін алып тастай алады. 

 

4.  Тараптардың 



әрқайсысы 

өтінім 


нысанасы 

компьютерлік 

бағдарламаны  қамтиды  деген  негізбен  ғана  патентке  арналған  кез 

келген  өтінімнен  бас  тартылмауын  қамтамасыз  етеді.  Техникалық 

шешімді  қалыптастыратын  компьютерлік  бағдарламаларға  жататын 

өнертабысқа арналған патенттік өтінімдер мұндай Тараптың заңдары 

мен  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілеріне  сәйкес  патентке 

қабілетті нысанаға қосылуы мүмкін. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет