Бір тараптан еуразиялық экономикалық одақ пен оған мүше мемлекеттер және екінші тараптан



Pdf көрінісі
бет82/83
Дата06.01.2022
өлшемі0,88 Mb.
#11934
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83
 

 

13.5-бап 

 

Шығу және қолданылуын тоқтату 

 

1.  ЕАЭО  Қытайды  жазбаша  хабардар  ету  арқылы  осы  Келісімнің 

қолданылуын тоқтата алады, ал Қытай ЕАЭО-ны жазбаша хабардар 

ету арқылы осы Келісімнің қолданылуын тоқтата алады. Осы Келісім 

осындай хабардар ету күнінен кейінгі 180-ші күні өзінің қолданылуын 

тоқтатады. 

 

2.  ЕАЭО-дағы мүшелігін тоқтатуға ниеті бар кез келген ЕАЭО-ға мүше 



мемлекет ЕАЭО-дан шыққан күнінен бастап осы Келісімнің тарапы 

ipso facto болып табылмайды. 

 

3.  ЕАЭО  және  осы  баптың  2-тармағында  көрсетілген  ЕАЭО-ға  мүше 



мемлекет Қытайға дереу дипломатиялық арналар арқылы хабарлама 

жібереді, онда ЕАЭО-дан шығу үшін ЕАЭО туралы шартта көзделген 

12 айлық кезеңге сәйкес белгіленген ЕАЭО-дан шығудың нақты күні 

көрсетіледі.  ЕАЭО-дан  және  ЕАЭО-ға  мүше  осындай  мемлекеттен 

тиісті  хабарламаны  алғаннан  кейін  Қытай  дипломатиялық  арналар 

арқылы  жоғарыда  аталған  хабарламаны  алғанын  растайды,  онда 

ЕАЭО-дан және осы Келісімнен шығу күні көрсетіледі. 

 

4.  Егер ЕАЭО туралы шартқа ЕАЭО-дан шығуға қатысты бөлікте қандай 



да  бір  өзгеріс  енгізілсе,  осы  Келісімнің  Тараптары  осы  Келісімге 


75 

 

 



тиісті  өзгерістер  енгізудің  орындылығын  айқындау  мақсатында 

консультациялар өткізеді. 

 

5.  Егер  ЕАЭО-ға  мүше  мемлекет  осы  баптың  2-тармағына  және  3-



тармағына сәйкес осы Келісімнен шығатын болса, осы Келісім ЕАЭО-

ға,  ЕАЭО-ға  мүше  қалған  мемлекеттерге  қатысты  өзі  қолданысын 

жалғастырады. 

 

 




76 

 

 



ОСЫНЫ  РАСТАУ  ҮШІН  төмендегі  қол  қоюшылар  осыған  барлық  қажетті 

өкілеттіктерге ие бола отырып, осы Келісімге қол қойды. 

 

2018  жылғы  17  мамырда  Астана  қаласында  армян,  белорус,  қазақ,  қырғыз, 



орыс,  қытай  және  ағылшын  тілдерінде  екі  данада  ЖАСАЛДЫ,  әрі  барлық 

мәтіндердің  күші  бірдей.  Алшақтықтар  туындаған  жағдайда  ағылшын 

тіліндегі мәтін басымдыққа ие болады. 

 

 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет