Бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады



Pdf көрінісі
бет5/12
Дата27.11.2022
өлшемі231,04 Kb.
#53062
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Elmira HAMITOVA
44
атауында сақталып, қазіргі қазақ, қырғыз, қарақалпақ, түркімен т.б. түркі 
халықтарында ұшырасады.
А.Габэн бойынша (Габэн 1950: 122) түркі руникалық жазулары, манихей 
жазбаларының көпшілігі н (нь) диалектісін көрсетеді, ал буддалық, кейбір кейінгі 
манихей қолжазбалары және құқық ісқағаздары й диалектісіне жатады. Брахми 
алфавитіндегі қолжазбалар мен ұйғыр жазулы христиандық текстер де й 
диалектісіне кіреді деп көрсетілген (Аманжолов 1996: 34-36).
Қазақ тілінің диалектісінің зерттелуіне оралатын болсақ, диалектілік 
ерекшеліктерді жинауға арналған бірінші экспедиция 1937 жылы профессор 
І.Кеңесбаевтың басшылығымен қолға алынды. КСРО Ғылым академиясының 
Қазақ филиалы ұйымдастырған алғашқы диалектологиялық экспедиция кезінде 
Нарынқол, Кеген, Нұра, Мақтаарал ауданындағы тұрғындардың ауызекі сөйлеу 
тілінде кездесетін жергілікті ерекшеліктерге байланысты едәуір материалдар 
жиналды. Бұдан соңғы уақыттарда Қазақстанның басқа жерлеріне де 
экспедициялар ұйымдастырылып отырды. Ғ.Ғ.Мұсабаевтың басқаруымен 1939 
жылы Маңғыстау, 1940 жылы Орда қазақтарының тіліндегі ерекшеліктер 
зерттелді. Ұлы Отан соғысы кезінде бұл жұмыстың қарқыны біраз баяулағанымен, 
1945 жылы Тіл және әдебиет институтында қазақ тілінің тарихы мен 
диалектологиясын зерттейтін арнаулы бөлім құрылуымен байланысты, халық 
тіліндегі өзгешеліктерді жинау жұмысы жандана түседі. Осы жылдары 
Қазақстанның бірсыпыра жерлеріндегі тұрғындар тілінің ерекшеліктерін 
сипаттайтындай біраз материалдар жиналды.
Халық тілінің диалектілік ерекшеліктерін зерттеуге арналған еңбектер де 
жазылды. Біраз жылдар бойы жиналған материалдар негізінде Ж.Досқараев 
«Оңтүстік диалектісінің кейбір мәселелері» деген тақырыпта кандидаттық, 
профессор С.Аманжолов 1948 жылы «Қазақ тілінің негізгі проблемалары» деген 
тақырыпта докторлық диссертация қорғайды. 1946 жылдан бастап, қазақ тілінің 
диалектілік ерекшеліктерін зерттеуге арналған мақалалар жариялана бастайды. 
Осындай алғаш рет диалектологияға байланысты баспа бетін көрген еңбектің бірі 
– Ж.Досқараевтың кандидаттық диссертация негізінде жазылған «Краткий очерк о 
южном диалекте казахского языка» деген көлемді мақаласы еді. Бұдан кейінгі 
жылдарда да (1946-1955 ж.ж.) Ж.Досқараев, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев т.б. 
тілшілердің диалектологияға байланысты бірқатар мақалалары республикалық 
және одақтық баспасөз беттерінде жарыққа шықты (Тасымов 2014: 12-13).
Жоғарыда аталған зерттеулердің, тұжырымдардың, көптеген ізденістердің 
нәтижесінде көршілес отырған халық тілінің әсері де диалектизмдерді туғызатыны 
дәлелденді. Мысалы, Ташкент, Сырдария облыстарындағы қазақ мектептерінде 
көбінесе өзбек сөздері араластырылып қолданылады: мұнда, онда сияқты 
есімдіктер – бұ, о яқ; бір, екі, төрт сан есімдері – біттә, екіта, төртта
төменге түс – пәске түс; жаны, қасы, маңы – қаптал (сенің қасыңда жүрейін – 
сенің қапталыңда жүрейін); есік – қапы (есікті жап – қапыны жап), негіз – тиқар; 
ұйым – шөлкем т.б.
Басқа тілдердің диалектілеріне көз жүгіртетін болсақ, оларда да қазақ 
тіліндегідей біршама диалектизмдер байқалады. Орыс тілінде грамматикалық, 
лексика-фонетикалық, семантикалық сөздер туғызатын диалектизмдер көп. 


45


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет