41
Elmira HAMITOVA
Жергілікті тілдік ерекшеліктер – жалпыхалықтық
тілдің бір аймаққа тән
тілдік көрінісі. Ол аймақтың тілдік материалы жалпы халықтық тіл арнасымен
жалғасып жатады да, кейбір лексикалық, фонетикалық,
грамматикалық
ерекшеліктері жағынан одан ажырап тұрады. Өзінің изоглостық (сөздердің таралу
шегін картаға түсіру) шекарасы бар нақтылы территорияда өмір сүріп жатқан
тілдік ерекшеліктер ру-тайпалық тілдің қалдықтарынан, сол жердің халқының
шаруашалық кәсібіне байланысты қалыптасқан сөздерінен, қонысы,
тұрмыс-
тіршілігі жағынан жақын көрші отырған елдер тілінің әсерінен кейбір
грамматикалық формалар арқылы семантикалық өзгеріске түскен, жергілікті тілге
ғана қатысты сөздер мен формалардан құралады.
Жергілікті ерекшеліктердің қамтитын территориясы, тілдік материалының
көлеміне қарай лингвистикада
диалект, сөйленіс терминдері қолданылады.
Диалект – жалпы халықтық сипаты жоқ белгілі бір жерде ғана қолданылатын
тілдік ерекшеліктері бар территория. Ал, сөйленістің қамтитын аясы – шағын.
Бірнеше сөйленіс бір диалектінің құрамына енуі мүмкін (Тасымов 2014: 8).
Қай тілде болмасын құрамында дәстүрлі норма болып қалыптасқан,
жалпыхалықтық деңгейде қолданылатын, баршаға ұғынықты әдеби сөздермен
қатар, түрлі өңірде түрліше айтылып, өзгешеленіп
тұратын сөздер мен сөз
тіркестері көптеп ұшырасады. Жалпылама қолданыла бермейтін, тек білгілі бір
аймақ шеңберінде ғана жұмсалатын сөздерге мысал ретінде: Шымкент, Арыс
маңында
шайнекті – чәугім, жұмыртқаны – тұқым, Орал өңірінде
таразыны –
шеккі, бәкіні – шаппа, қауғаны – бөрлек, Тараз, Меркеде
жәрдемші, көмекшіні –
жәкенші деп атайтынын айтуға болады. Мұндай жергілікті
халық тіліне ғана тән
сөз қолданыс
диалектизмдер болып табылады (Исаев 2007: 31). Оны тіл білімінің
арнаулы саласы –
диалектология дыбыстық, мағыналық тұрғыдан жан-жақты
зерттейді.
Диалект сөздер әдеби тілдің қатысына қарай бірнеше түрге бөлінеді:
1) лексикалық диалектизмдер;
2) лексика-фонетикалық диалектизмдер;
3) лексика-семантикалық диалектизмдер;
4) туынды диалектизмдер.
Лексикалық
диалектизмдер деп аңғаратын ұғым жалпы халық тілінде басқа
сөздермен аталатын, әдеби тілде кездеспейтін түбір сөздерді айтады. Мысалы:
сәйпіл (Алматы, Кеген) – қорған, қамал;
сой (Орал обл., Түркім.) – нәсіл, ұрпақ,
тұқым;
сіле (Маңғыстау) – дәке, марля сияқты мата;
ұтыр (Шымкент, Қызылорда)
– қисын, рет, жөн т.б.
Лексика-фонетикалық диалектизмдерге әдеби тілдегі сөздердің жергілікті
жерлерде фонетикалық өзгеріске ұшыраған варианттары жатады. Мысалы:
о/ұ
сәйкестігінен
сұрақты – с
орақы,
сұнар – с
онар,
дұмалау – д
омалау;
а/ы
сәйкестігінен
шырлау – ш
арлау,
қымықпай – қ
аймықпай;
а/ә сәйкестігінен
дәнә –
д
ан
а,
кәте – қ
ате,
кәйтейін – қ
айтейін,
зәлім – з
алым,
уәйім – у
айым т.б.
Лексика-семантикалық диалектизмдер – жалпыхалықтық
тілге тән бола
тұрып, әдеби тілге жат мағынаға ие сөздер. Мысалы:
бел – шабылған шөптің ізі,
жолы;
баспа – ілгек;
баспахана – қастық, дұшпандық;
баю – бату
(күн туралы);