Бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады



Pdf көрінісі
бет8/12
Дата27.11.2022
өлшемі231,04 Kb.
#53062
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Elmira HAMITOVA
сөздің мағынасындағы ақпараттың таралу шегін анықтау керек болса, оның 
говорлар тобының қайсысына жататынын, олардың ішінде қай говорға кіретінін 
білу арқылы көз жеткізуге болады. Мысалы, кепеш (тақия), жоян (зор), шылауыш 
(кимешек және оның сыртынан орайтын орамал), мұқым (бүкіл), тарпа (қол 
шалғы), тошала (қарақат тәрізді жеміс ағашы) деген сөздер шығыс говорлар 
тобына жатса, зәліс (қу, алаяқ), пансат (зор, дәу), қолапат (орашолақ, 
ебедейсіз), жөргентай (кішкене пысық бала), қырбасы (арық, жүдеу), моты 
(кескін, пішін, қалпы), жұпын (нашар) т.б. орталық-солтүстік тұрғындар тілінде 
қолданылады (Нақысбеков 1982: 5).
Диалект сөздер белгілі бір аумақ шеңберімен ғана шектеліп қалмай, жалпы 
әдеби тілге, терминологиялық лексика құрамына да еніп, оның қолданыс аясы 
кеңеюі де мүмкін. Бұл орайда белгілі тілші ғалымдар Ш.Сарыбаев пен 
Ә.Нұрмағамбетовтың мына пікілері орынды айтылған: «Қай тіл болмасын оның 
диалектілік лексикасын жинап, зерттеудің маңызы зор. «Кен асылы жерде, сөз 
асылы елде» дегендей, Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі бір аудан, не бір облыс 
көлемінде ғана айтылатын, көпшілікке бимәлім, бірақ әдеби тіл терминологиясын 
байытуға қажетті сөздерді жарыққа шығарып, әдеби тілге енгізу арқылы көпшілік 
қауымының игілігіне айналдыруда да бұл сөздердің пайдасы мол» (Сарыбаев, 
Нұрмағамбетов 1996: 8).
Бұл тұрғыдан келгенде диалектолог ғалымдар Ш.Сарыбаев пен 
О.Нақысбековтың жергілікті сөздерді прогрессивті диалектілік сипаттағы және 
регрессивті диалектілік кәсіби лексика деп екіге жіктеуі назар аудартады. 
Ғалымдардың әдеби тілде баламасы жоқ, сондықтан әдеби тілге еніп, оны байыту 
мүмкіндігі мол диалектизмдерді прогрессивтік, ал әдеби тілде баламасы бар
әдеби тілді шұбарлайтын диалектизмдерді регрессивтік деуінің өзі орынды екенін 
айтуға тиіспіз (Сарыбаев, Нұрмағамбетов 1996: 50-51).
Ғалымдар атап көрсеткендей, диалект сөздер жалпы әдеби тілге де, 
терминологиялық лексика құрамына да еніп, қолданыс аясын кеңіте алады. 
Жалпы тілдің сөздік құрамын құрайтын лексикалық қабаттар арасында 
алынбайтын асу жоқ, керісінше, олардың арасында үздіксіз жүріп жататын 
байланыс бар. Тілде оған мысалдар жеткілікті. Мысалы, құжат, ұжым, мөр сияқты 
сөздер терминдену арқылы түрлі ғылым салалаларының атаулары қатарына 
өткен. Бұл тұрғыда диалектілік лексиканы терминқор қалыптастырудың тұрақты 
көздерінің бірі ретінде тану қажеттігін атап көрсетіп жүрген терминолог ғалымдар 
пікірі соған дәлел.
Әдеби тіл құрамына еніп немесе терминденіп белгілі бір ғылым саласының 
терминіне айналған диалект сөздер жаңа сапаға, мәртебеге ие болады. Олар 
бұрынғысынша жергілікті тіл ерекшеліктері ретінде аймақтық лексика құрамында 
қалып қоймайды. Қолданылу аумағы да кеңейеді, мағынасы да жұртшылыққа 
түсінікті бола бастайды. Сол себепті, олар жалпы тілдік немесе кәсіби ақпарат 
тарату құралына айналады. Ал, мұндай сапаға көшпеген көптеген жергілікті 
сөздердің мағыналары арқылы берілетін ақпаратқа аумақтық шектеулік тән болып 
қала береді. Бұл сипат аймақтық лексиканың басым, негізгі бөлігіне тән екендігін 
айтқан жөн (Әлімбек 2006: 73-74).




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет