Elmira HAMITOVA ғасырда Махмұд Қашғари түрк этнонимін нағыз «түрк» тайпасы үшін ғана емес,
жалпы түркі тілдес тайпаларға бірдей қолданған.
Түркі руникасының тілі жазба-әдеби тіл ретінде көне тайпа диалектілері
негізінде қалыптасты. Бұл тіл даму барысында жалпы түркі тілінің алғашқы
қалпынан көп өзгерген. VІІ-ІХ ғасырлардағы түркі руникалық ескерткіштерінің тілі
оғыз және ұйғыр диалектілерінің (тайпа тілдерінің) ықпалында болды. Сонымен
қатар, А.Н.Кононовтың пікірінше (Кононов 1980: 256), ескерткіштердегі кейбір
графикалық (фонетикалық) және морфологиялық ерекшеліктерге назар
аударғанда, Күлтегін жазуы ашина тайпасының диалектісінде, ал Тоныкөк жазуы
ашиде диалектісінде жазылған.
Көне ұйғыр жазба ескерткіштері тілдік және хронологиялық жағынан көне
түркі руникалық ескерткіштерімен ұштасады. А.Н.Самойлович (Самойлович 1922:
22) олардың өзара жақындығын айрықша көрсетіп, кейбір ерекшеліктерін де жоққа
шығармайды.
Жазба ескерткіштерден байқалатын көне түркі диалектілерін жіктеудің
алғашқы жобасын В.В.Радлов «Көне түркі зерттеулері» атты еңбегінде (Радлов
1911: 156) түзген еді. Ғалым көне түркі ескерткіштерінің тілін солтүстік, оңтүстік
және аралас диалектілерге бөледі. Көне солтүстік диалектісіне немесе ұйғыр
тіліне Турфандағы курсивті ұйғыр қолжазбалары мен «Құтадғу білігтің» Герат
нұсқасын енгізген. В.В.Радлов оңтүстік және солтүстік диалектілерінің кейбір
фонетикалық және морфологиялық ерекшеліктерін атап өткен. Соның ішінде: 1)
оңтүстік диалектісінде сөз басындағы бдыбысының м дыбысымен ауысуы (бен – мен, баңа – маңа, бің – мің); 2) оңтүстік диалектісінде шығыс септік жалғауы -тын, -тін, -дын, -дін және жатыс септік жалғауы -та, -те, -да, -де болса, солтүстік
диалектісінде біртұтас жатыс-шығыс септігінің -та, -те, -да, -де жалғауы
қолданылған.
Аралас диалектінің тілдік белгілері оңтүстік және солтүстік диалектілерге
де тән. Оның өзі екі диалектіге бөлінеді: батыс немесе «батыс түркілер тілі»
(манихей жазулы түркі ескерткіштері, ұйғыр алфавитімен жазылған манихей
шығармалары, «Құтадғу білігтің» араб жазулы Каир нұсқасы) және шығыс немесе
«көне әдеби тіл» («Майтрисимит», «Алтун яруқ», «Тишаствустик» т.б. буддалық
текстерден аударылды).
В.В.Радлов
ұсынған
көне
түркі
диалектілерінің
жіктелуі
толық
дәлелденбесе де, кейінгі топшылауға ықпалын тигізді. Бірақ, мұнда 1911 жылы
табылған Махмұд Қашғаридың «Диуани лұғат ат-түрк» (ХІ ғ.) атты еңбегі
ескерілмеген еді.
А.Габэн өзінің «Көне түркі грамматикасында» (Габэн 1950: 118) кейбір
сөздерде кездесетін н (нь) және й дыбыстарының сәйкестігін көне түркі
диалектілерін ажыратудың негізгі белгісі етіп алған. Мысалы, анығ (аньығ) – айығ «жаман», чыган (чыгань) – чығай «кедей, жарлы», қон (қонь) – қой «қой».
Махмұд Қашғари көрсеткендей, ХІ ғасырда арғу тайпасы нағыз
«түркілерден» бөлек, сөз ортасы мен сөз соңындағы йдыбысын н дыбысымен
алмастырып қолданған. Сонымен қатар, арғу тайпасы оғлан «ұлан, жасөспірім»
сөзін оғла деп айтқан және өздері Исфиджаб (Сайрам), Тараз (Талас өзені),
Баласағұн (Шу өзені) аймақтарын мекен еткен. Арғу түбірі арғын деген ел