Бірі ретінде тану қажеттігітілігі тиек етіледі. Жергілікті тіл ерекшеліктерін зерттеген ғалымдар, олардың пікірлері, диалектизмдердің жіктелуі сөз болады


«Аға. Бойлай, қуалай. Өзенді аға жүр (Жезқ., Ағад.)». «Ағаш орақ



Pdf көрінісі
бет11/12
Дата27.11.2022
өлшемі231,04 Kb.
#53062
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
«Аға. Бойлай, қуалай. Өзенді аға жүр (Жезқ., Ағад.)».
«Ағаш орақ. Ағаш жонатын, екі жағында тұтқасы бар құрал (сүргі). Ағаш 
орақпен жонылған ағаш өте жақсы шығады (Көкш.)».
«Адал зат жоқ. Малы жоқ. Қозыдан басқа адал затым жоқ (Гур., Шевч.)».
«Айтұяқ. 1. Садақа. Пітікей мінген бозатты айтұяққа беріпті (Жамб., Шу). 
2. Жылқы. Қазақ жылқы малын айтұяқ, қыдыражал, алмауыт, қылқұйрық деп 
бейнелеп те айтады. Ертеректе жүніт деп те айтылған (ҚХР)».
«Балиғы. Ер жете бастаған кез. 13-14 жаста баланың балиғы кезі 
болады (Қост., Торғ., Жанг.)».
«Белдік. 1. Үйдің төбесіне салатын жуан ағаш, белағаш. Үйдің төбесіне 
белдік салып қойдық (Түрікм., Таш., Ауғ., Ир., Ақт., Ойыл); 2. Білім, білік. Өздерінің 
белдігі сол шығар, оларға мен тимеймін (Қост., Жанг.); 3. Есіктің тақтайларын 


Elmira HAMITOVA
50
ұстап тұратын көлденең шебіктелген ағаш (Рес., Омбы). Көкшетау облысында 
қарғаша, Қостанай облысының Семиозер, Федоровка аудандарында кесе ағаш // 
жағдан, Орынборда белағаш деп атайды; 4. Арбаның белағашы. Арбаның 
белдігін ауыстыру керек (Рес., Омбы)».
«Белкүрек. Теміркүрек. Белкүректі қайрап алып, арық қазуға кірістік 
(Қ.орда, Сыр.)»
«Дәрпі кету. Атағы шығу, атағы жер жару. Ол – дәрпі алысқа кеткен 
адам (Шымк., Арыс)».
«Епей. Көп, өлшеусіз. Ол қымызды епейсіз ішетін еді (Шығ. Қаз.)».
«Пұшайман. Зәбір, қысым. Ел ауып пұшайманды жүргенімде осы жерге 
келіп едім (Қарақ.)» (Айтбайұлы, Әбдірахманов, Кекілбай, Қайдарбек, Сыздық, 
Серғалиев 2007: 21, 21, 24, 33, 142, 163, 163, 219, 242, 557).
Осы мысалдар арқылы қазақ тіліндегі диалектілердің лексикологияны 
байытып отырғанына көз жеткізуге болады. Жоғарыда келтірілген фактілерді 
талдау көрсетіп отырғанындай, бұл лексикалық қабатқа жататын сөздердің 
мағынасындағы ақпараттың таралуы, қабылдануы жөнінде олардың мынандай 
басты-басты ерекшеліктерін атап көрсетуге болады:
Бірінші ерекшелігі – диалектілік лексиканың мағынасындағы ақпараттың 
таралу аумағының шектеулілігі. Мұны аумақтық (территориялық) шектеулік деуге 
де болады. Диалект сөздердің мағынасындағы ақпарат сол сөздер тараған 
географиялық аумақ көлемінде (өңір, облыс, аудан) ғана таратылып, белгілі 
говорлар тобының құрамында қолданылады.
Екінші ерекшелігі – диалект сөздердің тілді тұтынушылардың белгілі бір 
бөлігінің ғана ақпарат алмасу құралы ретінде қызмет ететін тілдік бірлік болып 
табылатындығы. Егер, диалект сөз белгілі бір говорлар тобына ортақ болса, онда 
ол диалект сөз сол говорлар тобы тараған аумақта тұратын халықтың ғана 
ақпарат алмасу құралы болады. Сол өңірде қанша тұрғын болса, солар диалект 
сөзді қолдану арқылы өзара ақпарат алмаса алады. Бір аудан халқы ғана 
қолданатын жергілікті сөздер де бар. Яғни, диалект сөздер жалпы халыққа немесе 
белгілі бір кәсіп иелеріне, сала мамандарына емес, таралу аумағында тұратын 
тұрғындар тілінде қолданылып, соларға қызмет етіп, солардың санымен 
шектеледі.
Үшінші ерекшелігі – жергілікті сөздердің жалпы әдеби тіл құрамына, 
терминологиялық лексика қатарына енуіне байланысты ақпарат тарату 
аумағының да, ол сөздер арқылы ақпарат алмасушылар санының да артып 
отыратындығы. Жергілікті сөздер алдымен терминологиялық лексика қатарына 
өтуі де мүмкін (Әлімбек 2006: 74-75).
Лингвистикалық зерттеулерде кейде географиялық фактілерге де назар 
аударуға тура келеді. Тіл білімі мен географияның өзара байланысы ғылымның 
жаңа бір саласы – лингвистикалық географиядан көрінеді. Лингвистикалық 
география тілдегі фонетикалық, лексикалық және грамматикалық құбылыстардың 


51


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет