Теміртау қаласының 70 жылдығына арналған әуесқой авторлар мен орындаушылардың
(қала туралы ең үздік мерейтойлық әнге) ән шығармашылығы конкурсын өткізу жөніндегі
Ереже
І.Жалпы ережелер
Конкурстың құрылтайшысы:
«Теміртау қаласы әкімінің аппараты» ММ
Конкурсты ұйымдастырушылар:
«Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ;
«Теміртау қаласының Ішкі саясат бөлімі» ММ;
Қалалық конкурс (одан әрі конкурс) Теміртау қаласының 70
жылдығына арналған іс-шаралардың аясында өткізіледі.
ІІ. Конкурстың мақсаттары мен міндеттері
- патриотизмді, туған қалаға деген сүйіс пен шілікті тәрбиелеу, өзіңнің
кіші Отаныңа қамқорлық рухын қалыптастыру;
- әуесқой авторлардың поэзиялық және ән шығару шығармашылығын
дамытып, қолдау;
-қала тұрғындарының ең үздік әндерін және композицияларын наси-
хаттау;
- әуесқой ақындар мен сазгерлердің шығармашылық ресурстарын
белсен ділен діру;
- Теміртау қаласы туралы сазгерлік және поэзиялық шығармалар жа-
сау;
- халықтың көп бөлігін мәдениетті дамытуға қатыстыру;
- шығармашылық ұжымдар қызметінің танымалдығын арттыру.
ІІІ. Конкурстың ұйымдастыру комитеті
Конкурсты өткізуде негізгі басшылық ұйым дас тыру комитетіне
жүктеледі, оның құрамына құрылтайшылар мен ұйымдастырушылардың
өкілдері кіреді. Ұйымдастыру комитеті дай ын дық, конкурсты ұйымдастыру,
өткізу және әділ қазылар құрамын анықтау ісімен ай налы сады.
ІҮ. Конкурсты өткізудің шарттары,
тәртібі және уақыты
Конкурсқа жеке орындаушылар мен ансамбльдер қатыса алады.
Конкурсқа қатысу шылардың жас ерекшелігіне шек қойылмайды.
Конкурс 2014 жылғы 1 шілдеден 1 қазан ара лы ғында өтеді, ол үш
кезеңнен тұрады:
1. Іріктеу мерзімі – 2014 жылғы 4 тамызға дейін.
2. Жартылай финал, оған он автор қатысады;
3. Финал және жеңімпаздарды марапаттау 2014 жылғы 1 қазанда
Теміртау қаласының 69 жылдығына орай қала күніне арналған гала-кон-
цертте орындалады.
Ү. Марапаттау
Мерекелік гала-концертке марапаттау үшін бар лық конкурсанттар
шақырылады.
Конкурстың жеңімпаздары мен қатысушыларға гала-концертте дип-
ломдар, алғыс хаттар, арнайы ынталандыру сыйлықтары тапсырылады.
Комиссияның ұсынуымен арнайы сый лық тар берілуі мүмкін.
ҮІ. Өтініштер беру
Конкурсқа қатысушылардың өтініштері 2014 жылғы 1 тамызға дейін
мына мекен-жайда қабыл данады: Теміртау қаласы, Герцен көшесі,1
«Теміртау қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ
Байланыс телефоны: 87213 92-47-98.
e-mail: Temirtau Meniet@mail.ru
с тан дарттарға сәйкес болуына на-
зарда ұстауы тиіс.
Ақпараттық кеңістіктің бәсе-
ке ге қабілетті болуы – төртінші
ба ғытта қарастырылған. Әрине,
ақпарат құралдары де ген де көз
алдымызға да, тілі міз дің ұшына да
металлургтер қаласындағы басы-
лымдар келе тіні анық. Егер нақты
деректерге назар аударсақ, бүгінгі
таңда Теміртауда он үш бұқаралық
ақпарат құралдары тіркелген екен.
Олардың басым бөлігі – яғни 9-ы
газет болса, соның тек біреуі ғана
мемлекеттік тілде жарық көреді,
ол – «Құрыш қала» газеті. Сонымен
қатар электрондысы – 3, яғни бір ра-
дио, 2 телеарна. Биыл мемлекеттік
тапсырыс алуға ниеттенген элек-
тронды БАҚ қатары көбейген, олар
қалалық «Сфера», «ТТК» және
об лыстық «Қарағанды», «5 арна»
секілді телеарналар.
Азаматтардың әлеуметтік оп-
ти мизмі мен әлеуметтік жүкте ме-
нің мониторингі – соңғы стра тегия-
лық бағытқа жатады. Ай ішінде
қаладағы барлық оқиғалар назарға
алынып, олардың мони торингі жа-
салады. Кез-келген мәселеге бей-
жай қарамай, дер кезінде есепке
алып ғана қоймай, оның қоғамға
тигізетін әсері мен ықпалы сарала-
нады.
Әрине, атқарылатын жұ мыс
көп, олар осы аталған бағыт тар-
дың шеңберінде қалып қоймасы
анық, әр бағыттың өзіне сай ауқы-
мы болатыны анық. Сайып келген-
де, Ішкі саясат бөлімінің қызметі
арқылы тұрғындар қала мыздың
бет-бейнесін мен тыныс-тіршілігін
көруі тиіс, мем лекетіміздің эко-
номи калық-әлеуметтік даму ба-
рысымен қатар жалпы қоғамның
тұрақтылығын, ұлттардың келісімі
мен бірлігін дәріптей отырып, оны-
мен мақтана алатындай деңгейге
жетуі тиіс.
Руза АЛДАШЕВА
Өтініш
1.Тегі, аты-жөні/ ұжымның атауы
2.Туған жылы
3. Жұмыс орны/оқу орны
4. Үйінің мекен-жайы
5. Шығарманың атауы
6.Музыкасының авторы
7. Сөзінің авторы
8. Қатысушы туралы шағын
ақпарат
« » 2014ж.
Өтінішке әннің мәтіні қоса
тапсырылады
Жұрт көргендей
қалаң болсын
Қ
қ
5
№ 27 (137) 4 шілде 2014 жыл
“Нұр Отан” партиясы
Жемқорлық жегі құрт
Шын мәнінде қаламыздағы
«Нұр Отан» партиясы филиа-
лы Президент алға қойған осы
міндеттерді орындау барысын-
да көшбасшылық рөлді жоғары
деңгейде орындап отыр.
Өткен айда осы партияның
жемқорлыққа қарсы күрес
қоғамдық кеңесі тұрғындарды
арнайы қабылдап олардың
мемлекеттік және кәсіпкерлік,
өнеркәсіп және басқа билік
органдарына байланысты
арыз-шағымдарын тыңдаған
болатын. Бұл байланыс әлі де
болса адамдардың күнделікті
тұрмыс-тіршілігіндегі мұң-
мұқтажы кейде аяқ асты
қалып жататынын көрсетті.
Осыған орай «Нұр Отан»
филиалының қоғамдық кеңесі
төрағасы, қалалық мәслихат
депутаты Кеңесхан Сықақұлы
Басқарбаев кезекті жиын
өткізіп онда тағы да осы
сыбайлас жемқорлыққа жол
бермеу мәселесі, оған қарсы
тегеуірінді күрес жүргізу
тәсілдері талқыланды.
ҚР «Сыбайлас
жемқорлықпен күрес тура-
лы» Заңында: «Мемлекеттік
міндеттерді орындай-
тын адамдар, сондай-ақ
соларға теңелген адам-
дар тікелей өзі немесе
делдал арқылы өздерінің
лауазымды құзыреттерін
және онымен байланысты
мүмкіншілікті басқаша пай-
даланып мүліктік пайда алу
үшін заңмен қарастырылмаған
мүліктік жайлылықты және
артықшылықты қабылдау,
сондай-ақ жеке және
заңды тұлғалармен атал-
мыш жайлылықты және
артықшылықты оларға заңсыз
беруге осы адамдарды па-
рамен сатып алу» сыбайлас
жемқорлық белгісі делінеді.
Және онымен күрестің негізгі
қағидалары көрсетіледі.
Соның бірі мемлекеттік
органдар қызметінің нақты
құқықтық тәртібін, заңдылығын
және осындай қызметтің
жариялылығын, оған
мемлекеттік және қоғамдық
бақылауды қамтамасыз
ету болып табылады. ҚР
Президенті Жарлығымен
бекітілген жемқорлыққа қарсы
күрес бойынша мемлекеттік
бағдарламаға сәйкес
қабылданған шешімдердің
мөлдірлігі қамтамасыз етіліп,
сонымен бірге мемлекеттік
Сыбайластық –
экономикаға кедергі
Елбасымыз Н.Назарбаев биылғы халыққа арнаған
«Қазақстан 2050» стратегиясы: бір ел, бір мүдде, бір
болашақ» жолдауында қоғамға кедергі келтіретін,
экономиканың дамуына, тіпті мемлекеттің барлық
жүйесіне қауіпті сыбайлас жемқорлық үдерісімен күресуді
«Нұр Отан» партиясының нақты басымдықтарының
бірі деп атап көрсеткен еді. «Аса маңызды міндет сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы күрестің жаңа стратегиясын
қалыптастыру және оны түбегейлі іске асыруды жалғастыру
қажет» деді Елбасы.
сатып алудың электрон-
ды жүйесіне көшу арқылы
мемлекеттік сатып алу жүйесін
реформалау тапсырылды.
Қоғамдық кеңес
отырысының күн тәртібіне
мемлекеттік сатып алуды
ұйымдастыру саласында
жемқорлыққа қарсы күрес
жөнінде жергілікті атқарушы
органның жұмысы туралы
арнайы есептің тыңдалуы
да осы заң қағидаттарынан
бастау алған еді. Теміртау
қалалық мемлекеттік са-
тып алу бөлімінің жетекшісі
Н.Нелюдина есепті ба-
яндамада өткен жылы
бюджеттік бағдарламалар
басқарушыларының 3 358 978
мың теңге тұратын 74
конкурстық жұмыстарды
өткізгенін айтты. Бәрі де
белгіленген мерзімде өткен,
мерзімі бойынша ешбір сын
ескертпе болған емес. Осы са-
ланы тексеру жағынан кенделік
жоқ, былтыр 12 рет жүргізілген
тексеріс барысында бірқатар
келеңсіздіктер де анықталды.
Теміртаудың шағын қала
бағдарламасына қосылуына
орай республикалық бюд-
жеттен қаржыландырудың
ұлғаюына байланысты
жүргізілген осы тексерістер
нәтижесінде «Тұрғын үй
коммуналдық шаруашалығы,
жолаушы тасымалы және авто-
мобиль жолдары» бөлімінде
өткен жылы 778, 649 мың
теңге бюджетке қайтарылып,
мекеменің бас бухгалтері
әкімшілік жауапкершілікке
тартылды.
Үстіміздегі жылы қала бой-
ынша 79 конкурстық жұмыс жа-
салып 4 064 357 мың теңгенің
жұмыстары белгіленді, оның
2 334 068 мыңы облыстық, ал
1 732 289 мың теңгесі жергілікті
ұйымдастырушылардың
иелігінде. Осы мемлекеттік
сатып алу жұмыстары бой-
ынша қаржылық бақылау
органдары 3 рет кезектен
тыс тексеру жасап бір тәртіп
бұзушылық бойынша Теміртау
қалалық әкімшілік сотына
шағымданған еді. Алай-
да бұл жағдай конкурстық
комиссияның жағдайына
шешілген. Конкурстың бірегей
ұйымдастырушысы «Теміртау
қаласы әкімінің аппараты» ММ
жөнінде прокурорлық бақылау
бойынша мектептер мен бала
бақшаларының күрделі жөндеуі
жөнінде мемлекеттік сатып алу
туралы тексеріс кезінде проку-
ратура 4 қарсылық актісін жа-
сады. Оған себеп болған осы
конкурсқа қатысушы «Теміртау
жөндеу орталығы» ЖШС - ның
талаптарға сай келмейтін
ақпараттарды беруі еді.
Дер кезінде анықталған осы
келеңсіздік бойынша аталған
мекеме өз міндетіне толық
жауап бермейтін өнім беруші
деп танылды. ҚР мемлекеттік
сатып алу жөніндегі заңға
енгізілген өзгеріске сәйкес
бірыңғай мемлекеттік сатып
алуды ұйымдастыру жұмысын
қала әкімі Н.Е. Сұлтанов
басқарады. Ал конкурстық
комиссия төрағасының орын-
басары қалалық мәслихат
хатшысы В.И. Свиридов.
Жаңа заң өзгерістеріне
орай конкурстық комиссия
10 күнтізбелік мерзім ішінде
арыз берушілердің кәсіби
және басқа заңды талаптарға
сәйкестігін қарап кемшіліктерді
анықтайды. Ал өнім беруші
болса 3 күннің ішінде
анықталған кемшіліктерді
ретке келтіруге тиіс. Осы
жұмыстардың бәрі заңға
сәйкес болуы үшін қаржылық
бақылау инспекциясының
өкілдерін қатыстыра отырып
арнайы нормативтік-құқықтық
актілерді түсіндіру жұмыстары
жүргізілген. Сондай Теміртау
қалалық әкімдігінің интернет
ресурсында мемлекеттік сатып
алу және оны жоспарлау
туралы ақпараттар беріліп
тұрады. Мемлекеттік сатып алу
веб порталында мемлекеттік
сатып алуды өткізулер туралы
хабарламалар жариялана-
ды. Конкурстық комиссияның
құрамына қалалық мәслихат
депутаттары А.В. Ломакин.
И.В. Сиверский, В.В. Дроз-
децкий енгізілді. Сондай-ақ
қаладағы басылымдарда өнім
берушілерге – кәсіпкерлерге
арналған мақалалар үнемі
жарияланып тұрады.
Теміртау қалалық әкімдігі
аппаратының мемлекеттік са-
тып алуды және экономикалық
бағдараламарды бақылауды
жүргізетін бөлімі де бюджеттік
бағдараламар әкімшіліктеріне
әдістемелік көмек көрсетеді.
Міне осындай тұрақты-жүйелі
жұмыстың нәтижесінде
қаладағы мемлекеттік са-
тып алу жұмыстарын
өткізу, ұйымдастыру кезінде
белгіленген заң талаптары
мұқият сақталуда. Бұл рет-
те мемлекеттік сатып алуда
тәртіп бұзу, жемқорлық және
қылмыстық әрекеттер қатаң
жазалатаныны үнемі ескертіліп
айтылып келеді.
«Нұр Отан» партиясы
Теміртау қалалық филиалының
қоғамдық кеңесі мәжілісінде
күн тәртібіне қойылған тағы
бір мәселе қаладағы Ішкі
істер басқармасның сыбай-
лас жемқорлыққа қарсы
күрес бойынша жүргізген
жұмыстары туралы болды. Бұл
жөнінде Ішкі істер басқармасы
бастығының орынбасарлары
Ж.С.Әділханов, С.А.Омаров
хабарламалар жасады.
Тиісті мемлекеттік құқық
қорғау органдары анықтаған
сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрес фактілер және
қала тұрғындарының арыз-
шағымдары әлі де болса тиісті
мемлекеттік құрылыстардың
бұл іске жете мән бермейтінін
байқатады. Өткен, 2013 жылы
бір ғана көші-қон полициясы
қызметінде 100-ге жуық әртүрлі
тәртіп бұзу фактісі тіркелген.
Мұндай әрекеттер өткен
жылы 3 рет, ал биылғы бірінші
тоқсанда 1 рет жасалғаны
азаматтарды қабылдау бары-
сында анықталды. Дегенмен
құқық қорғау органдарының
өзі мұндай әрекеттерге тиісті
баға бермейді. Қалалық про-
куратура құқық қорғау орган-
дары басшылары тарапынан
жіберілген кемшіліктерге
тым жеңіл қарап, оларды
жөндеуге асықпайтынын атап
айтқан еді. Тіпті тәртіп бұзған
полиция қызметкерлерінің
өз еріктерімен жұмыстан
кетуіне мүмкіндік берілген
жағдайлары да бар. сыбайлас
жемқорлыққа қарсы жұмысты
жүргізуге құзіретті Ішкі істер
органдарының өзінде заң та-
лаптары сақталмайтын болса
онда сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күрестің тиімділігі тура-
лы сөз қозғау мүмкін емес.
Қоғамдық кеңестің мәжілісі
барысында осы және басқа да
қоғамға оның экономикасына
елеулі қауіп туғызатын сыбай-
лас жемқорлыққа жол бермеу,
оған қарсы күресті барынша
күшейту жөнінде келелі әңгіме
қозғалып екі мәселе бойынша
тиісті қаулы қабылданды.
Серікгүл АЛтАйбАЕВА
№ 27 (137) 4 шілде 2014 жыл
Қ
қ
6
Бас қалаға – 16 жыл
Еңсесі биік Елорда
Кең-байтақ еліміздің ортасы-
нан орын тепкен елорда – қасиетті
мекен. Тәуке хан мен Абылай
ханның есімдері мәңгі өшпек
емес. Бөгенбай батырды, Балу-
ан Шолақ пен Иманжүсіпті берген
қасиетті топырақ ешқашан тозбақ
емес. Астана қаласы келешекте
халқымыздың тұрмысын көтеріп,
беделін асырып, тұғырының мықты
болуына бастайтын өрелі істің
көшбасшысына айналмақшы. Ол
көркейіп, көріктеніп, үлкен мәдени
және ғылыми орталыққа айналуы
керек.
Қала күні – Астананың жолба-
сы, ізкесері ғана. Оның болашағы
зор. Астана өзгерсе, адамдар да,
өмір де өзгереді. Сондықтан мем-
лекет ордасы ел экономикасын
өркендетудің орталығына айналуы
керек.
* * *
Ашығын айтайын, бұл шешімнің
біздің ұлттық қауіпсіздігімізге тіке-
лей қатысы бар. Мыңдаған жыл-
дар бойы ата-бабаларымыз мекен
еткен қасиетті қазақ жерінің бір
бөлігін – аяулы Сарыарқаны саяси
саудаға салып, дарқан даламыз-
ды дау-дамайға айналдырғысы
келе тіндер бар кезде, солтүстіктегі
шұрайлы өңірге суық көзінің сұғын
қадайтындар бар кезде біз мына
жылы жерде, әсем қала – Алматы-
да тыныш отыра алмас едік.
* * *
Біз Алматыға сыймай кеткен
жоқпыз, біз оны қимай-қимай кеттік.
Сол арқылы біз елордамызды
еліміздің географиялық тұрғыдан
алғанда орта тұсына, экономикалық
тұрғыдан алғанда оңтайлы мекенге
жылжытып қана қоймай, осыны ар-
мандап өткен Әлихан Бөкейханов,
Қаныш Сәтбаев сынды аяулы
арыстарымыздың арманы мен ама-
натын жүзеге асырып шықтық. Оған
қоса, атақоныс, шырайлы өлкемізге
көз сұғы түсе берген әлдекімдердің
жымысқы ниеттеріне де тұрлаулы
тосқауыл қойдық.
* * *
Бұдан былай және ғасырдан
ғасырға, осында ұлан-байтақ елдің
кіндігінде халық тағдыры үшін
өміршең маңызы бар шешімдер
қабылданатын болады. Бұл жерде
енді Отанымыздың жүрегі соғуда.
Осы жерден Қазақстан үшінші
мыңжылдықтың табалдырығында
өзінің тарихи тағдырын айқын дайт-
ын болады.
* * *
ХХІ ғасырдың табалдырығында
біз өз таңдауымыз – көне Сары ар-
қа ның киелі аспаны астында қоныс
тепкен жаңа астанамыз туралы
мәлімдейміз. Бұл таңдау астарын-
да еліміздің қазіргі басшылығының
айқындамасы ғана тұрған жоқ.
Бұл таңдауда Тәукенің көрегендігі
мен Абылайдың ұлылығы, есім-
де рі аңызға айналған билердің
даналығы мен 1986 жылдың жел-
тоқ санында ұлттық қадір-қасиет
Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ:
Астана –
дәуіріміздің
ұлы жобасы
Мен осы істі бастадым, елім сеніп, соңымнан
ерді. Мемлекет құруда да, Астана салуда да солай
болды. Осыдан артық бақыт бар ма?
дегеннің не екенін күллі әлемге
паш еткен сол бір жас жүректердің
қаһармандығы тоғысып жатыр. Бұл
таңдауда өз тағдырының қожасы
болу құқығы үшін өмірін қиған
миллиондаған қандастарымыздың
ерік-жігері бар. Осы таңдауға дәйім
лайық болайық!
* * *
Ғасыр аяғында, ғасырлар тоғы-
сын да біздің тәуелсіздігіміздің
айқын нышаны – Қазақстанның
жаңа астанасы Астана болды.
Тұңғыш рет біздің мемлекетіміздің
тарихында жалпыұлттық мүд де-
міз ді ескере отырып, біз өз аста-
намыз туралы шешімді дербес
қабылдадық.
* * *
Тәуелсіздік туы көгімізде жел-
біреген күннен бастап, Қазақстан
үшін жаңа тарихтың басталғаны, ал
ол ескі тарихтың сылбыр жалғасы
бола алмайтыны белгілі еді. Батыл
ой, батыл әрекет қажет болды.
Міне, осы тұста өзімнің көкіре-
гім де қайнап піскен осы идеяны,
ешбір кедергіге қарамастан, кейбір
үзеңгілес, тілектес жандардың да
күдіктеріне қарамастан, аяғына
дейін қорғап шыққанымды сіздердің
алдарыңызда бүгін мақтанышпен
еске аламын.
Он жылдың ішінде Астана
әлемге танылды және елімізді де
әлемге танытты деп айта аламыз.
Астананың көркіне небір өркениетті
елдерден келген шетелдіктер таң-
ғалу да.
Астана – ең алдымен азатт ығы-
мыз дың символы, Қазақстанның
жаңа тарихының шынайы шежіресі,
қарқынды дамуымыздың, қол жет-
кен табыстарымыздың, абырой-
беделіміздің, береке-бірлігіміздің
жарқын көрінісі.
* * *
Астана арқылы біз жаһандық
әлемге жаңа Қазақстанды аштық.
Алайда, бәрінен бұрын бұл қаланы
өзіміз үшін, өз Атамекеніміз үшін
жаңаша аштық.
Астананың құрылысы осынау
жылдары біздің еліміздің әлеуетін
танытып, бүкіл посткеңестік кеңіс-
тік тегі ең орасан мегажобаға ай-
налды.
Бүгінде Астана – бұл Қазақс-
тан ның жаңа тарихы жинақталған
орын. Астананың мысалы арқылы
біздің бүкіл мемлекетіміздің дамуы
туралы пікір түюге болады.
* * *
Есілдің сол жағалауындағы қа-
ла ның жаңа орталығы тәнті етеді,
оның қала түзушілік идеясын бүкіл
әлемге танымал белгілі архитек-
тор Кисе Курокава және басқа
сәулетшілер айрықша шабытпен
әзірлеген болатын.
Оның аса маңызды қағидаты –
бір тұрпатты, бір-біріне ұқсамайтын
ғимараттар болмауы керек. Ендігі
бір қағидат мынада: Астана –
бұл еуразиялық қала, ол әлем-
нің барлық тараптарының – Ба-
тыс пен Шығыстың, Солтүстік пен
Оңтүстіктің мәдениеттерінің жай
қосындысымен емес, сола р дың
үйлесімімен, кірігуімен ерек ше ле-
не ді. Бұл күрделі, бірақ та нақты
іске асатын міндет еді.
Астана көз алдымызда өсіп,
құл пырып келеді, ол ең болмағанда
бір рет көргендерді таңдандырып,
өзіне ынтық етеді.
* * *
Астана бүгінде сәулетімен ғана
дараланып қоймай, бау-бақшалы
қалаға айнала түсуде. Елу мың
гектар Астана төңірегіндегі ор-
ман соңғы шек емес. Біз Бурабай
өңірін Астанамен орман арқылы
жалғастыруды жоспарлаудамыз.
Бар-жоғы 50 шақырым қалды.
Бұл жасыл белдеу қаланы жазғы
аңызақ жел мен қысқы борандар-
дан қорғайтын болады. Осының
арқасында біздің қалада климат
өзгерді. Алайда, бәрінен бұрын ол
біздің сезімдеріміздің арқасында
өзгерді деп ойлаймын. Астана ора-
сан зор дала өлкесінің кіндігіндегі
жасыл оазиске, экологиялық жағы-
нан таза мегаполистің өнегесіне
айна лады.
* * *
Астана біздің Отанымыздың жү-
ре гіне, халықты біріктірген ұлттық
идеяға айналды, ол халықтың өз
күші мен ұлы мақсаттарына деген
сенімінің символына айналды.
Бүгінде бүкіл Қазақстандағы
секілді Астанада жүзден астам
ұлыстардың өкілдері тұрып жатыр.
Бұл күн сайын қоныс тойы, күн сай-
ын мереке, үйлену тойлары болып
жататын қала. Ондаған мың қоныс
тойлары, жаңа отбасылар мен
жаңа тағдырлар қаласы.
* * *
Астананы құру – ұлттық та-
рих тың жаңа мәтінін жазу. Мұн дай
мәртебе әр ұрпақтың маң дайы-
на бұйыра бермеген. Екі мың-
жыл дықтың тоғысында біз шешім
қабылдап, Еуразияның жүрегінде іс
жүзінде жаңа Астана құрдық.
Достарыңызбен бөлісу: |