Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) Тіл білімі және оның салалары



бет43/51
Дата01.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97686
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
Á³ð³íø³ ä?ð³ñ Ò³ë á³ë³ì³ æ?íå îíû? çåðòòåó íûñàíû (îáúåêò³ñ³) Ò³

22-бап
Почта – телеграф жөнелтілімдерінің тілі – мемлекеттік және орыс тілдері (халықаралық ережелерге сәйкес).

5-тарау. Тілді құқықтық қорғау
Тілді құқықтық қорғау мемлекетімізде қамтамасыз етіледі. Тіл Заңын бұзушылық Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
Жер – жерде осы Заңның орындалуын ұйымдастыру, қадағалау үшін уәкілетті (уполномоченный) органдар құрылады. Ал, кадрлармен, қаржымен, материалды – техникалық және оқу - әдістемелік құралдармен қамтамасыз ету үкіметке және де мемлекеттік органдарға жүктеледі.

6-тарау. Тілді шет елдермен және халықаралық ұйымдармен
қатынастарда пайдалану
27-бап. Тіл халықаралық қызметте
Халықаралық қызметте мемлекеттік тіл қолданылады. Қажет болған жағдайда басқа да тілдер қолданылады.
Халықаралық шарттар мен келісімдер мемлекеттік және шетел тілдерінде жасалады.
Ресми қабылдаулар мен басқа да шаралар мемлекеттік тілде жүргізіледі, олар шет тілдеріне аударылып отырады (орыс тілін көрсеткен, ерекшелеген бап та, жекелеген сөз де жоқ).

Тақырыбы: ТІЛ БІЛІМІ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК 


  1. Тіл білімінің салалары 


  2. Жалпы және жеке тіл білімі 

Тіл білімі лингвистика (грек linqua-тіл), тіл жөне онын даму заңдары туралы ғылым. Тіл білімінің зерттеу нысанасы -тіл. Тіл - адамның табиғи тілі.Тіл-таңбалар жүйесі.Тіл - қоғамның ең маңызды байланыс құралы.Әрбір тілдің дыбыс жүйесі, сөздік құрамы және грамматикалык құрылысы болады. Осынан келіп тіл білімінің салалары шығады.
Тіл білімінің салалары: фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика. Тілдің әр түрлі жақтары: дыбыс жүйесі, сөздік құрамы, грамматикалық құрылысы бір-бірімен тығыз байланыста болады. Өйткені, тіл білімінің әр түрлі жақтары мен салалары, олардың дамуын, өзара байланысын, тіл дамуының ішкі заңдары зерттейді.
Тарихи тіл білімі - тіл тарихы туралы ғылым. Зерттеу нысанасы-бүкіл тіл жүйесіндегі тарихи өзгерістер. Диахрондық лингвистика. Сипаттамалы лингвистика-белгілі бір кезеңдегі тіл жағдайын зерттеу, яғни белгілі бір уақыттан және өзгерістерден тыс жататын қатынастар жүйесі ретінде зерттеу. Синхрондық лингвистика.
Жалпы тіл білімі - жалпы тілдерге ортақ, универсалды мәселелерді зерттейтін тіл білімінің бір саласы.Жалпы тіл білімінің теориялық топшылаулары мен қорытындылары жеке тілдерді зерттеу үшін қажет. Ал жалпы тіл білімі жеке тілдерді зерттеуге бағыт-бағдар сілтейді. Сқйтіп, жалпы тіл білімі тілдің мәні мен қызметін, оның ойлаумен ара қатынасын, байланысын, адам баласы тілінің пайда болуын қарастырады; тілдің даму заңдарын айқындайды; дүниежүзі тілдеріне классификация жасайды; ғылымдар жүйесінде тілдің алатын орнын айқындайды. Жеке тіл білімі-жеке, нақты, туыстас тілдер тобын зерттейді. Туыстас тілдер тобын тюркология (түркі тілдер). Славянистика (славян тілдері), германистика (герман тілдер) т.с.с. зерттейді.
Бақылау сұрақтары:


  1. Тіл білімінің фонетика, лексика. грамматика (сөзжасам, морфология және синтаксис) стилистика салаларының бүгінгі көрінісін сипаттаңыз 


  2. Жалпы және жеке тіл білімі мәселелері 


  3. Тіл білімі-жеке дара ғылым ретінде 


Ұсынылатын әдебиеттер: 



Негізгі әдебиеттер тізі.мі. 1,5,6. 

Қосымша әдебиеттер тізі.мі: 4,14,33,51 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет