Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) Тіл білімі және оның салалары


– дәріс Тақырыбы: ТІЛДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ



бет47/51
Дата01.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97686
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
5 – дәріс
ТақырыбыТІЛДІҢ ДЫБЫСТЫҚ ЖҮЙЕСІ

  1. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі 


  2. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі 



Фонетика - тіл дыбыстарының ерекшеліктері мен зандылықтары, процестер, сәйкестіктер туралы ілім. Қазіргі фонетика дыбыстың төрт қырын жеке қарастырады, олар: Қызметтік, артикуляциялық акустикалық, перцептивті қырлары. Фонетика анатомия, физика, психология, физиология пәндерімен байланысты болады. Қазақ тілінің дыбыстық заңдылықтарын А.Байтұрсынов, Х.Досмұхамедов, Ғ.Мұсабаев, Ж.Аралбаева, Ә.Жүнісбеков, С.Мырзабеков және т.б. зерттеді. Фонеманы зерттейтін ілім - фонология деп аталады. Фонема - тілдегі дыбыстық қатарды қүрайтын бірлік.фонеманың қазіргі түсінігін және фонология теориясын Бодуэн де Куртенэ XIX г. 70-80 жылдары жасаған.
Қазақ тілінің фонетист ғалымы Ә.Жүнісбеков фонема ұғымының түркі тілдерінің табиғатына аса үйлесімді еместігін айтып, түркі тілдері үшін «сингармема» деген атаудың лайықтығын дәлелдейді. Бұл түркі тілдеріндегі сингорманизм заңдылығымен үйлес. Сингорманизм зандылыгын С. Мырзабеков көп зерттеді. Фонетикалық процестер: ассимиляция, диссимиляция, диереза, редукция, элизия және т.б. фонетикалық кұбылыстар: просодиялық фонетикалық құбылыстар, анлауттағы фонетикалық кұбылыстар. инлауттағы фонетикалық құбылыстар, ауслауттағы фонетикалық құбылыстар.
Бақылау сұрақтары:


  1. Фонетика – тіл ғылымының бір саласы . Зерттелуі 


  2. Фонетиканың бүгінгі жай-күйі 


  3. Латын әліппиіне көшу туралы өз ойыңыз 


Ұсынылатын әдебиеттер:


Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,2,5,6.
Қосымша әдебиеттер тізімі: 6,8, 9.10 ,19,21. 

6- дәріс 
Тақырыбы: ТІЛДІҢ ЛЕКСИКА ЖҮЙЕСІ МЕН ҚҰРАМЫ 
  1. Тіл білімінің лексикология саласы 


  2. Лексикология салалары 


  3. Лексикография 


Лексикологияның зерттеу нысаны-сөздік құрам, яғни лексика. Лексика болмысты бейнелейді, қоғам мен тұрмыстағы өзгерістерге байланысты болатын жаңа затқа, кұбылысқа, ұғымға қатысты үнемі толықтырылып отырады. Лексикологияда зеріттеудің жалпы лингвистикалық тәсілдері қолданылады, олар: дистрибутивті тәсіл, субституция, компоненті-оппозитинті: трансформациялық тәсіл. Сапалық тәсілдермен бірге сандық-статистикалық тәсілдерде қолданылады. Лексикологияның салалары: ономасиология, семасиология, этимология, фразеология, лексикография. Сөз бен ұғым, сөз бен мағына, сөз бен зат. Сөз номинативті мағынаға ие.


Семасиология сөздер мен сөз тіркестерінің мағыналарын зерттейді. Мағына түрлері. Полисемия, омонимдер, антонимдер, табу мен эвфемизмдер. Мағына ауысуының негізгі типтері: метафора, метанимия, синекдоха.
Ономасиология-атаулар туралы ғылым. Ономастика түрлері: антропоним, топоним, этноним. Сөздердің шығу тегі туралы ғылым - этимология. Этимологияның түрлері: ғылыми этимология, халықтық этимология.
Фразеология-тұрақты тіркестер туралы ғылым. Фразеологизмдердің түрлері: идиомалар, фразалар, штамптар, мақал-мәтелдер, қанатты сөздер. Фразеологизмдерге тән қасиеттер: мағына тұтастығы, тіркес тиянақтылығы, даяр күйде қолданылуы. Түрлері: фразеологиялық тұтастық, фразеологиялық бірлік, фразеологиялық сөйлемдер, фразеологиялық тізбектер.
Этимология сөздердің шығуын зерттейді. Этимология өзі екіге бөлінеді: халықтық этимология және ғылыми этимология. Соңғы кездері халықтық этимология кеңінен зерттелуде.
Лексикография-сөздіктер жасаудың тәжірибесі және оның теориясымен айналысатын тіл білімінің саласы. Сөздіктің түрлері.

Бақылау сұрақтары: 


  1. Тіл білімінің лексикология саласы 


  2. Лексикология салалары 


  3. Бірнеше сөздіктермен жұмыс істеу 


Ұсынылатын әдебиеттер:


Негізгі әдебиеттер тізімі: 1,5,6.
Қосымша әдебиаттері тізімі: 11,12,13,16,19,2 5,3 1,45. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет