Бірінші дәріс Тіл білімі және оның зерттеу нысаны (объектісі) Тіл білімі және оның салалары


– дәріс  Тақырыбы: ТІЛДІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕРІ



бет49/51
Дата01.06.2023
өлшемі0,76 Mb.
#97686
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
9 – дәріс 
ТақырыбыТІЛДІҢ ШЫҒУЫ МЕН ДАМУЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕРІ. 


  1. Тілдің шығуы 


  2. Тілдің дамуы 

Адамзат тілінің шығуы-алғашқы адамдардың пайда болуымен байланысты.Тілдің шығуы туралы сөз еткенде, ең алдымен, екі түрлі мәселені бір-бірінен ажыратып алу керек. Бірі - жалпы адамзат тілінің шығуы, екіншісі - жеке ,нақты тілдердің шығуы. Әрине жеке тілдердің пайда болуы кейінгі дәуірлердің үлесіне жатады. Бұл мәселе ең алдымен антикалық тіл білімінде қойылған болатын. Онда тіл «табиғи» және «жасанды» құбылыс деген екі қарама-қарсы көзқарас болғаны мәлім. Кейін бұл екі бағыт ортағасырлық ,Қайта өркендеу, ағарту дәуіріне дейін шешімін таппай келді. XVIII г.бастап ғылыми-философиялық тұрғы да қарастырыла бастады. (Ж.Ж. Руссо, И. Г. Гаман, И.Гердер). Осы саладағы зерттеулердің нәтижесінде В.Фон Гумбольдттың әйгілі тұжырымдамасы дүниеге келді. Гумбольдт тілдің пайда болуын «адамзаттың ішкі қажеттілігінен туындайды. Ол адамдар арасында тек байланыс құралы ғана емес, адамдардың табиғатына тән және олардың рухани күштерінің дамуы мен дүниетанымдарын жасау үшін кажет...» деген. Тілдің шығуы туралы теориялар: дыбысқа еліктеу, эмоционалды теория, одағай теориясы, марксистік теория-қоғамдығ шарттасу теориясы, моногенез. Бұл теориялардың барлығы қате теориялар. 90-жылдарға дейін тілдің шығуының ғылыми тоериясын марксистік теория деп келдік. Қазірде бұл теория тек еңбек пен сананың байланысын көрсете білді. Араласу өндіріс дамуының қажетті салдары деп қабылданған.
Моногенез теориясы-тілдің шығуын, әртүрлі діни әңгімелер, аңыз, ертегілер арқылы зерттейді. Аңыздар да тілдің бір ортадан шыққан жоққа шығармайды. Тілдің бір ортадан тарауы, қандай да болмасын бір негізгі себептен ой мен тілдің пайда болғаны ақиқат екені ғана сөзсіз.
Тіл қоғамда пайда болған. Рудың, тайпаның, халықтың, ұлттың пайда болуына қарай, тілді рулық, тайпалықхалықтық, ұлттық болады. Бұлар бірімен бірі туып отыратын категория.Алғашқы қауымдық құрылыста адамдар ру болып біріккен. Олардың тілдері рулық болған, кейін рулық құрылыс ыдырап, территориялық, мемлекеттер пайда болған, яғни халықтық тіл де пайда болады.. Феодализмнен капитализмге көшу барысында ұлт пайда болып, халықтық тіл ұлт тіліне айналады.
Бақылау сұрақтары: 




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет