Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет44/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
ТЕНТЕК КӨШЕ


Құдайдан  патшаны  адалынан,  əділінен,  ақылдысынан  бер  деп

тілейміз.  Баяғы  һарон  əл  -Рашидтей  патша  қайда?!  Наушарбандай

патшалар енді қайтып туа ма, тумай ма, кім біледі? Патша тұра жүрсе,

халық та түзу.

Басшы  ақылсыз  болса  –  елге  азап.  Бастық,  əрі  ақымақ,  əрі

араққұмар  болса  –  нағыз  тозақ.  «Мына  бастық  оңбаған,  орнынан

алынсын!» – деп жақ ашып, айбат қылар біреу жоқ. Соғыс заманы.

Біздің  Мыңбұлақтың  бастығын  түлен  түртіп,  елдің  ішін  бүйі

тигендей бүлдірді. Бірің қалмай, жаппай жаңа қонысқа көшесіңдер, –

деді.  «Біз  əлі  жабайымыз,  мəдениетіміз  төмен  қараңдаршы  ана

Евгеньевкаға,  мына  Андреевкаға!  Көшелері  түп-түзу.  Біз  де  көше

салып,  соған  көшеміз.  Бұған  көнбегендеріңді  колхоздан  аластап,

итжеккенге жер аудартамын!» – деді.

Былай қарасаң, мұныкі əбден дұрыс. Рас, көше салу керек. Қазіргі

үйлердің  бəрі  тозған.  Балшық.  қыштан  салынған  үйлердің  көбінің

күнбатыс  жағын  Шақпақтың  бораны  мен  дауылы  мүжіп  жеп  қойған.

Сол қабырғалар құлайын деп тұр.

Сондықтан  бастықтың  айтқаны  өте  дұрыс.  Əр  сайдың  басына

шошайып-шашырап жатқан ауыл бір көшеге жиналса, құба-құп.

Бірақ  дəл  қазір  емес  қой.  Дəл  қазір  тұяқтары  сіңіріне  ілініп,

«шықпа  жаным,  шықпа»  деп  отырған  ел  қайдан  үй  салады?  Соғыс

бітсін, ер-азаматтар оралсын. Əне сонда, сəл-пəл əлденіп алғанда, хан

сарайын салып аламын десең де жарасады.

Жаңа  көшенің  бас  жағынан  үш-төрт  үй  де  пайда  болып  қалды.

Шамасы келгендер салған үй.

Бізге  жер  əлгі  көшенің  аяғынан  тиді.  Мейлі  ғой.  Бірақ  Айша

оңайлықпен  шыдасын  ба  мұндай  қорлыққа?!  Қорлық  емей  немене:

біріншіден,  бізге  кесіп  берген  жері  қып-қызыл  тастақ.  Екіншіден,

көшенің  бас  жағындағылардан  су  артылмайды.  Сусыз  қурап

отырғанымыз.  Үшіншіден,  бізге  жаңадан  үй  салып  алатын  қайрат

қайда?!



Осыны  айтып,  Айша  едəуір  арпалысып  көріп  еді,  бастықтардың

жүрегі  жібімеді.  Көшесің,  көшпесең,  күшпен  лақтырып  тастаймыз

деді. «Ескі үйлерді қиратып, орнына егін саламыз. Топырағы құнарлы.

Айналаңа  егін  салып  тастағанда,  соның  ортасында  жалғыз  үй

отырмақшысың ба? Далбасалама!» – деп Жуанқұл жуандығын жасады.

Сөйтіп,  ата-бабамыздан  қалған  ақ  сарайдай  үйімізден  қуып

шығарып, жүгімізді əлгі жаңа көшенің аяғына апарып, түсіріп тастады.

Амал  жоқ,  көртышқаншылап  жертөле  қаздық.  Əскерге  кеткен

Нəметқұлдың  қырғыздан  алған  Седеп  дейтін  қатыны  бар.  Сол

көмектесті. Екі үй бірігіп, бір үйге тұратын болдық. Жеке-жеке қазуға

шама жоқ.

Бір  біз  емес,  елдің  көбі  жертөле  қазып,  соған  кіріп  алды.  Сөйтіп,

тұтас бір ауыл көртышқан халіне түстік те қалдық. Жерді үңгіп, астына

түсіп кетті. Содан мұны жұрт «Тентек көше» деп атады.

Мен  Əулиеата  сапарынан  қайтып  келсем,  колхоз  қызылын  жинап

болып,  бəрін  элеваторға  өткізіп,  енді  қызылша  қазуға  кірісіп  жатыр

екен. Оқу басталып кетсе де, оқушыларды қызылша жинауға қуалапты.

Бесінші кластың партасына отырмай жатып, тəтті түбір науқанына мен

де араласып кеттім.

Тасбет мені бұл жолы итжеккенге айдаттырған жоқ. Жамбыл жаққа

қашып кетіп, жарты ай жүріп қайтқанымды итжеккенге баласа керек.

А,  бəлкім,  мен  Саид  –  Акбар  қожамен  ілесіп  келгенімді  есітіп,  сол

пірден қорыққан шығар.

Олай дейтінім, Саид – Акбар қожа осыдан бір жыл бұрын Тəжібай

бір  андарының  үйінен  бір  қап  бидай  алып,  еліне  қайтып  бара

жатқанда,  Теріске  жетер-жетпесте  алдынан  Тасбет  шыға  келіп,  əлгі

бидайды тартып алып қалған екен. Сонда Саид – Акбар:

− А, шырағым, адал бидайымды алсаң ал. Бірақ соны менің үйіме

əлі өзің əкеліп беріп жүрме, – деген ғой.



Айтса  айтқандай,  Тасбет  мұрттай  ұшып  құлайды.  Тілі  байланып

қалады.


Не  керек,  қожекем  айтқандай,  бір  қаптың  орнына  екі  қап  бидай

апарып  беріп,  жаны  əрең  қалғандай  ғой.  Сол  Саид  –  Акбар  қожамен

бірге  Барсхан  ілесіп  келгенін  бүкіл  ауыл  көріп  отыр  ғой.  Əй,  осы

бəлеге  тиіспей-ақ  қояйын  деген  болар.  Тасбет  маған  неге  кеттің,  неге

келдің  деген  жоқ.  Бірақ  оның  есесіне  көкіректен  кетпес  тағы  бір

қорлыққа  салды.  Бұл  Тасбет  емес,  тасжүректің  несін  алғанымызды

білмедім.  Қыр  соңымыздан  қалмады.  Əлде  кезінде  Мұртазадан  бір

қиянат  көрген  жайы  бар  ма?  Айшадан  сұрасам,  əкең  адам  баласына

қиянат қылған емес дейді.

Тастақ жерді өгіз жеккен соқамен əрең жыртып, тасын теріп еккен

жасымық  пен  зығыр  су  ішпей  қурап  кетті.  Таласбай  бұлақтың  суы

Тентек  көшенің  аяғына  жетпей-ақ  қойды.  Күн  суи  бастады.

Қыркүйектің  түні  салқын  тартты.  Үңгірде  жата  берсек,  үсіп  өлетін

түріміз  бар.  Əлі  де  болса  күз  ғой.  Қыс  келгенде  не  боламыз?  Сонда

Айша айтты:

−  Қараң  қалғыр,  қараң  қалсын  бүйткен  өмірі!  Бердімбет  байдың

ұрпағы  үңгірде  қатып  қалыпты  дегізбей,  не  де  болса  Мұртазадан

қалған үйге барып өлейік, – деді.

Сөйтті  де  арбакеш  Қуанышбайды  көндіріп,  өгіз  жеккен  сатылы

арбасын  ешкім  көрмесін  деп  түнде  алып,  оны-мұны  жүгімізді  артып,

өрдегі өз үйімізге қарай көштік те кеттік. Құдай Тасбеттің бар өнерін

жамандыққа  арнап  берген  шығар.  Əйтпесе,  ел  орнына  отырған

қараңғы  түнде  ербиіп  алдымыздан  Тасбет  шыға  келе  ме?!  О  да  бір

мезгіл  үй  иесі  болып,  тыныштық  тауып,  отбасында,  бала-шағасының

қасында отырса қайтеді?!

Жоқ, жол торыған қарақшыдай болып, астындағы атын ойқастатып,

Бердімбет сайдың қабағынан шыға келді. Келді де:

−  Əтəңə  нəлəт,  көнтрə!  Тəртіп  бұзып,  елге  іріткі  сəліп,  көшкенің

не?!  –  деп,  аттың  үстінен  өгіздердің  мойынтұрығындағы  темір

самияндарды суырып-суырып алды. Самиян алынған соң, əккі болған




өгіздер  шаңырақтай  мүйіздерін  шайқап-шайқап  қалып  еді,  ағаш

мойынтұрық  сақыр-сұқыр  етіп  жерге  түсті.  Мойны  босаған  өгіздерді

Тасбет қамшысымен ұрып-ұрып, алдына салып айдады да кетті.

Сөйтіп,  арба  Бердімбет  сайдың  аяғында,  орта  жолда  қалды.  Түн

іші,  енді  кімге  барып  жалынамыз?  Тəпе-тəннен  мұндай  сұмдықты

күтпеген  Айша,  ə  дегенде  сөз  айта  алмай  қалған  Айша,  есін  жиып

алған соң, арынының аузы ағытылып, айқайға бір басты дейсің:

− Тасбе - е - е - ет! Көріңде өкір, Тасбе - е - ет! Көріңде өкір! Аш

ішегің  аяғыңа  оралсын,  кəпір,  тоқ  ішегің  тобығыңа  оралсын,  кəпір!

Сендей  имансыз  кəпірді  қара  жер  қалай  көтереді?  Қақ  айырылып

астына  неге  тартып  кетпейді  сендей  қара  қабанды?  А?  Бесіктен  əлі

белі  шықпаған  жас  балаларымның  жанына  жара  салдың.  Сенің  де

балаларың осылардай шулап қалсын!

Атаңа лағнет, Тасбе - е - ет! Аруақ, Құдай бар болса, осы көрсеткен

қорлығын алдыңнан шықсын. Бұл сасық дүниеде болмаса, о дүниеде!

Айша аспанға қарап қолын созып, алақандарын жайды. Саусақтары

салалы  еді,  Ай  сəулесімен  садақтың  жебесіндей  болып,  одан  бетер

ұзарып  кетті.  Ұзара-ұзара  Айдың  өзін  барып  түртетіндей.  Жер

бетіндегі  мынадай  қорлық  пен  зорлыққа,  қаныпезер  қатыгездікке,

əділетсіздікке  биіктен  көзін  жұма  қарайтын  Айды,  Ай  арқылы

Құдіретті түртіп оятпақшы болғандай.

−  Уа,  Көк  Тəңірі!  Жастайымнан  жесір  қалып,  біреудің,  ала  жібін

аттамаған,  ешкімге  қылдай  қиянатым  жоқ,  бейнеттен  басқа  рахатым

жоқ  мына  менің  жазығым  не?  Не  жаздым?  Не  жазып  едім  саған,

Құдай? Мені жазғырсаң жазғыр, мына үш жетімнің не жазығы бар еді?

Кенет  арбаның  үстінен  үрпиісіп  отырған  үшеуімізге  бұрылып

Айша:

−  Барсхан,  Барсхан,  Құрманқұл!  Тұр,  түрегел!  Қолдарыңды



жайыңдар! –деді.

− Уа, Көк Тəңірі! Ая біздей бейбақтарды!




− Қайталап айтыңдар – деп бұйырды бізге.

−  Уа,  Көк  Тəңірі!  Ая  біздей  бейбақты!  –  деп  шырылдағанымызда,

Тəңіртау теңселіп кеткендей болды. Содан соң Айша айтты:

−  Ал  бүйтіп  далада  қалған  жарамас,  –  деді.  –  Барсхан,  сен  түс.

Мына  мойынтұрықтың  бір  жағына  мен,  бір  жағына  сен  жегілесің

Батырхан, Құрман! Сендер арбаны артынан итеріңдер!

Айшаның  айтқанын  істеп,  өгіз  орнына  өгіз  болып,  ап-ауыр

мойынтұрыққа  басымды  сұғайын.  Айша  –  он  жағында,  мен  –  сол

жағында.

− Түстіңдер ме, ей? – деді Айша Батырхан мен Құрмашқа.

− Иə, иə, – Тоңған, жаураған дауыстары дірілдеп шығады.

− Ал онда итеріңдер!

Айша  екеуміз  алға  тарттық.  Ана  екеуі  арттан  итерді.  Бірақ  арба

орнынан  былқ  еткен  жоқ.  Алдымыз  тым  өр  еді.  Үстіндегі  жүгі  жеңіл

болса да, арбаның сүйегі ауыр. Мойынтұрығының өзі мойнымды үзіп,

желкемді қиып барады.

− Таста! – деді Айша.

Мойынтұрықтан  басымызды  шығарып,  ауыр  ағашты  жерге  тастай

салдық. Оқтығымен қоса сақыр-сұқыр құлады.

Айша  көрпе-жастықтар  буылған  теңді  шешіп,  Құрмаш  пен

Батырханға:

− Ал, жатыңдар, – деді.

Сөйтіп, сол қыркүйектің сап-салқын түнінде далада қонып қалдық.

Көпке  дейін  ұйқы  қашты.  Арбаның  үстінде  аспанға  қарап  жатып  не

көресің?  Айды  көресің,  баданадай-баданадай  жұлдызды  көресің.

Бектөбедегі Қалатай апамның қуырған жүгерісіндей шашылып жатқан

жұлдыздарды  санамақ  болып  бақырайып  жатырмын.  Бірінен  соң  бірі



екі жұлдыз аспанды отпен сызып, ағып түсті. «Мұртаза мен Əміреқұл,

–  дедім  мен  ішімнен.  –  Біздің  мына  түрімізді  көріп,  шыдамастан

жандары  шырқырап  жерге  құлады.  Бізге  көмектеседі».  Бірақ  көмекке

ешкім келген жоқ. Күдер үзіп, көзім енді іліне бергенде, Айша:

− А, Барсхан, – деді. – Не?

− Бұл елден кетпесек болмайды екен. Ұйқым шайдай ашылды...





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет