Бірінші кітап (роман – диалогия)



Pdf көрінісі
бет46/69
Дата28.03.2022
өлшемі2,11 Mb.
#28989
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69
Байланысты:
Шерхан-Мұртаза - “Ай мен Айша”

ЕКІНШІ КІТАП

АЛҒАШҚЬІ СЫНАҚ

Сəли  атам  бізді  Тəңіртаудың  бауырынан,  Мыңбұлақтан  көшіріп

əкелуін  əкелді.  Қош.  Қартайғанда  тау  асып,  тас  басып,  есек  арбамен

жиен  қызын  үш  баласымен  көшіріп  əкелу  оңай  емес.  Онысы  ерлік.

Бауырмалдық.  Қысылғанда  қол  ұшын  берген  мейірбандық,

имандылық.

Мұнысына  сөз  жетпейді.  Мұндай  жақсылықтың  атын  таппай  əуре

болдым.


Бірақ тұтас бір үй кімнің қолына сыяды. Дайын тұрған бос үй жоқ.

Сөйтсе,  Айша  нағашыларымен,  Зибамен,  Зибаның  əскерден  аман-

есен  қайтқан  күйеуі  Мырзагелдімен  ақылдасқанда  тапқан  шешім:  біз

Бектөбеде,  нағашыларымыздың  қасында  қалмайды  екенбіз.  Сонау

Бурылтаудың  астында,  Аса  өзенінің  бойында  Молотов  дейтін  колхоз

бар  екен,  сол  колхозда  он  жылдық  мектеп  бар  екен.  Оның  интернаты

бар  екен.  Мырзагелді  жездеміз  сол  интернаттың  бастығы  болып

бекіпті.


Айша  болса,  Зиба  сіңлісіне  қарайласады,  сол  үйдің  отымен  кіріп,

күлімен  шығады.  Мен  болсам,  бір  жағынан  мектепте  оқып,

интернаттан тамақтанамын. Жездемнің малын бағамын. Құрмаш Сəли

нағашымның қолында қалады. Батырхан бізбен бірге болады.

Біздің  өмір  осындай  бір  беймəлімдеу  арнаға  түсті  де,  бөтен  ел,

көрмеген жерге кете бардық.

Біздің  алдымызда,  өткен  қыстың  ішінде  бұл  жаққа  қарашай,

балқар,  шешен,  ұңғыш  дейтін  халықтарды  зорлап  көшіріп  əкелген

екен.  Біз  олардан  да  озып  кеттік.  Өз  еркімізбен  елден  кетіп,  жел



айдаған  қаңбақтай  аунақшып  жүрміз.  Тоқтаған  сайымыз  –  Молотов

колхозы.


Мырзагелді  жездем  мектептің  директорына  айтып  мені  бірден

жетінші  класқа  отырғызды.  Алтыншы  оқуым  керек  қой.  Heгe  керек

болғанын білмеймін, жездем мені жата кеп мақтады.

− Алғыр болғанда түрі жаман, – деді мектеп директоры Досмырза

дейтін  егде  тартқан,  бармақ  мұртты  кісіге.  Оныншы  класқа  қазір

көшірсең – қазір үлгереді.

Директор маған көзілдірігін түзетіп қарап:

− Апыр-ай, ə, – деді. Мен ыңғайсызданып:

− И - ə - ə, – деппін.

Онымды  директор  жездемнің  сөзін  қостағаны  деп  түсінбесе

неғылсын. Менің «и - ə - ə» дегенім «өтірік» дегенім еді ғой. Директор

қалай түсінгенін өзі біледі, бірақ маған:

− Абылайды білесің бе? – деді. Сөйтсем, өзі тарихтан сабақ береді

екен ғой. Жездем шар-шар ете қалды:

−  Оу,  Досеке,  программада  қазақ  тарихы  жоқ  қой.  Абылайды

оқытпаса қайдан білсін?!

− Білемін, – дедім мен саспай.

Досмырза  мырс  етті.  Жездемнің  көзі  шарасынан  шығып  кете

жаздады.

− Білсең, айта ғойшы, – деді директор.

− Абылай – Бөгембай батырдың жолдасы.

Директор  мен  жездем  бір-біріне  қарап  мелшиді  де  қалды.  Содан

соң директор:



−  Оны  қайдан  білесің,  шырағым?  Мектепте  оқытқан  жоқ  қой,  –

деді.


Мен  əкем  Мұртаза  бар  кезде,  қысқы  кеште,  біздің  үйге  кісілер

жиналатынын,  Жұмабай  дейтін  мұғалім  Бөгембай  батыр  туралы  жыр

оқитынын айтып бердім. Дап-дардай үлкен кісілер сонда сақалдарына

көз  жастары  тамшылап  жылап  отыратын.  Неге  жылайтынын  мен

қайдан  білейін?  Ол  кезде  мен  бес  жасар  баламын.  Мектепке

бармаймын.  Кейін  Жұмабай  мұғалім  əскерге  кетті.  Ешкім  қисса

оқымайтын  болды.  Абылайдың  хан  екенін  білмеймін.  Бөгембай,

Бөгембай  дегенде  ара-арасында  Абылай  естіліп  қалады.  Содан

Бөгембайдың жақыны екен деп жүрмін ғой.

Директор мені сөзге келмей жетінші класқа отырғызды. Сөйтіп, бір

класс аттап кеттім.

Бірақ соным бекер-ақ болған екен...

Содан  бері  еңбек  етпей  тапқан  мал  бойыма  сіңген  емес.  Арам  ас

сияқты,  құсып  тастаймын.  Ал  кейбіреулерге  майдай  жағады.  Сонда

Құдайдың көзі мені ғана көреді де, аналарды байқамай ма?

Ондайда Айша айтады:

Құдайдың, құдіретімен таласпа, – дейді.

− Тағы не білесің? – деді Досмырза ағай.

Махамбетті білемін, – дедім.

− Айтшы, кəне.

− Ау, қызғыш құс, қызғыш құс,

Қол қорыған сен едің.

Ел қорыған мен едім.

Сен де айырылдың көліңнен,




Мен де айырылдым елімнен.

Сені көлден айырған

Лашын құстың тепкіні.

Мені елден айырған

Тасбет иттің... е - е, жо - жоқ,

Хан Жəңгірдің екпіні.

Бүлдіріп  алдым.  Атаңа  нəлет.  Тасбет  қайдан  киліге  кетті?!  Бұған

директор  таң  қалғандай  аңтарылып  қалды.  Бірақ  жездем  Махамбетті

біле бермейтін болуы керек, менің «бүлдіріп» алғанымды сезген жоқ-

ау деймін. Əйтеуір сампылдап:

−  Əне,  Досеке,  ағып  тұр  ғой,  ағып  тұр,  –  деп  мұрты  аспанға

шаншылып, аппақ тістері ақсия күлді. Директор ойланып тұр.

− Бəрі дұрыс, – деді.

− Е, бəсе, – деп жездем елпең ете түсті.

− Бірақ, – деп директор маған қарады. – Тасбетің кім? Бəтіңкемнің

тұмсығымен  жер  сызғылап,  мұрнымды  бір  тартып  қойып,  тұқшиып

төмен қарап қалдым.

− Бригадир, – дедім Тасбет естіп қоятындай сыбырлап.

−  А  -  а,  –  деді  директор.  Аңғарымпаз  кісі  екен,  түсіне  қойды.

Басымнан сипап:

−  Қорлығы  өткен  екен  ғой,  –  деді.  Көзімнен  жас  ыршып-ыршып

кетті.  Директор  мені  сөзге  келмей  жетінші  класқа  отырғызды.

Алтыншы класты аттап кеттім.

Бірақ соным бекер болған екен...






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет