Бірінші сынып оқушыларын мектеп өміріне бейімделуін психологиялық сүйемелдеу жоспары



бет4/4
Дата10.10.2022
өлшемі27,28 Kb.
#42084
1   2   3   4
Байланысты:
1 сынып тузету жоспары

«Көңіл-күй өлшегіші» жаттығуы.
Мақсаты: Қысымды түсіру, жағымды эмоциялық хал-ахуал жасау.
Нұсқау: Жүргізуші баладан жалпы өлшейтін зат туралы сұрайды/термометр, дене қызуын өлшеуіш/ және ол не үшін қажет. Содан кейін өз көңіл-күйін тек қолымен көрсетеді: нашар көңіл-күй – алақан бір-бірімен жанасады, жақсы – қолы екі жаққа бағытталған.

4 сабақ «Біз біргеміз!»




Мақсаты: Топты біріктіру. Ырықты есте сақтауды, зейінді дамыту;


«Көңіл-күй өлшегіші» жаттығуы.
Мақсаты: Қысымды түсіру, жағымды эмоциялық хал-ахуал жасау.
Нұсқау: Жүргізуші баладан жалпы өлшейтін зат туралы сұрайды/термометр, дене қызуын өлшеуіш/ және ол не үшін қажет. Содан кейін өз көңіл-күйін тек қолымен көрсетеді: нашар көңіл-күй – алақан бір-бірімен жанасады, жақсы – қолы екі жаққа бағытталған.


«Бұл мен. Мені таны» жаттығуы
Мақсаты: Эмоциялық қысымды, агрессияны түсіру, эмпатияны, тактильді қабылдауды дамыту, топта жағымды эмоциялық жағдай қалыптастыру;
Нұсқау: Топ ішінен арқасымен тұратын бір жүргізуші таңдалады. Бала кезекпен арқасынан алақанымен сипалап былай дейді: «Бұл мен. Кім екенін тапшы». Жүргізуші кім екенін табуы қажет. Жүргізушінің орнында баланың барлығы болып шығуы қажет.


«Шатасу» жаттығуы
Мақсаты: Ерікті есте сақтауды дамыту, топта жағымды эмоциялық жағдай тудыру.
Нұсқау: Бір жүргізуші таңдалады, қалғаны шеңбер бойына немесе бір қатарға орналасады. Жүргізуші 15 секунд ішінде баланың ретіне қарап есінде сақтайды. Содан кейін ол теріс қарайды. Ал баланың кейбіреуі орнын ауыстырады немесе жасырынып қалады. Жүргізуші өзгерісті табуы керек.


«Мейірімді піл» жаттығуы
Мақсаты: Қысымды, агрессияны түсіру, қозғалыс белсенділігін төмендету.
Нұсқау: Бала шеңбер бойына орналасады. Тұтас мейірімді піл екенін айту. Әрбір бала алдындағы баланың белінен құшақтайды. Нұсқау бойынша көршісінің иығын, басын, арқасын, қолынан сипайды. Содан соң бөлме ішімен жүру және орнына отыру ұсыналады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет