Бірінші сынып оқушыларын мектеп өміріне бейімделуін психологиялық сүйемелдеу Берілген жұмыста бірінші сынып оқушыларының мектеп өміріне бейімделу кезіндегі қиындықтарын диагностикалау, қажет болған жағдайда түзету жұмыстарын жүргізу, ата-аналар мен мұғалімдерді ақпараттандыру, дамыту жаттығулары жүргізіледі. Бірінші сынып оқушысының мектеп өміріне бейімделу кезеңінде әртүрлі қиындықтарды жеңу мақсатында оларға психологиялық қолдау көрсету өте маңызды.
Мақсаты: Сыныпта үйлесімділік орнату, танымдық процесті дамыту, диагностика нәтижесі бойынша төмен деңгейді көрсеткен оқушыларды бақылау, оларға мектепке деген оң көзқарас қалыптастыруды үйрету;
Міндеттері:Есте сақтау, зейін, ойлау процестерін дамыту, балада жағымды эмоцияны қалыптастыру, коммуникативті дағдыны орнату;
Жүргізу әдістері: Диагностикалау, бақылау, әңгімелесу, қысқа дәрістер, тренингтік жаттығулар, жеке және топтық кеңес беру, жаднамалар тарату;
Оқушылармен төмендегі бағыттар бойынша жұмыстар жүргізіледі: ● Диагностикалық Мақсаты: Оқушылардың мектеп өміріне бейімділік деңгейін анықтау, таным процестерін дамыту, зерттеу.
«Керн-Йерасек» тесті (Баланың мектептегі оқуға дайындық деңгейін анықтау)
Танымдық процестерді анықтауға арналған диагностикалық әдістемелер жиынтығы.
Оқушыларды бақылау, сабақтарына қатысу.
● Ағартушылық
Мақсаты: Топпен практикалық жұмыс, ата-аналардың психологиялық білімдерін жоғарылату, ата-аналарға «Бірінші сынып оқушыларының мектепте оқуға бейімделуі»тақырыбында жиналыс өткізу;
●Түзету-дамытушылық
Мақсаты: Айына бір рет /қыркүйек-желтоқсан/ тренингтер ұйымдастыру, оқушылар бойындағы эмоционалды қысымды шығару, өз-өзіне сенімділік деңгейін арттыру;
●Кеңес беру Мақсаты: Ата-аналарға кеңестер беру, жеке және топтық кеңестер беру сұраныс бойынша