Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар



Дата15.02.2023
өлшемі31 Kb.
#68114
Байланысты:
Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар


“Бірлігі бүтін елдің түтіні түзу ұшар”


ХVI –ХVII ғасырда қазақ халқының бірлігін нығайтуға Төле, Қазыбек, Әйтеке сынды алмас тілді билеріміздің еңбегі -өлшеусіз.Қазақ мемлекетінің тарихында ел басқару ісіндегі билер жүйесі,оның мәдениеті,әдеті-тәртібі,өнегесі ерекше құбылыс.Тарих толқынындағы билер жүйесі халықтың өзіндік қалыптасуына,сана-сезіміне ,тіршілігіне,әлеуметіне және мәдениетенің өсуіне орасан зор ықпал етіп ,ел басқару ісінде үлгі-өнегесін көрсетті.Өткір тілді көсемді ,бауыршынған тілдің шешені ,аста-төке қызыл тілге дес бермей ел мен сыртқы саясатының шиеленіскен мәселелері кеменгерлеріміздің елі үшін емешегі езіліп,болашағына күңіренген ақыл-парасат иелерінің еткен еңбегі ерен.Өздерінің осы бір қазаққа біткен қасиеті арқылы тек қана руларының дау –дамайымен ғана тоқталмай,елдер арасындағы алауыздықты,дұшпандықты шеше білген.Осы тұста айта кетерлігі,Қазыбек бидің он төрт жасына елшілікке барғаны әлі күнге дейін аңыз болып айтылады.Бала Қазыбек ешкімге есе бермеген Қонтайшыны ұрыс соғыссыз жеңеді.Біз қазақ мал баққан елміз,Бірақ ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз... Ешбір дұшпанға басындырмаған елміз,Басынан сөз асырмаған елміз,- деген жолдардан жас жігіттің шешендігіне ,ел бүтіндігін ойлағанына риза болған екен.Бірлік –елдіктің ұлт болып ұйысып отырудың негізі саналған.”Береке бастауы –бірлік ,ел іші –тату тірлік “қағидасымен берекені көздеген ел мерекелі тірлік жасаудан жалықпаған.Жан жақты жаулардан қорғанудың басты шарты – бірлік .Дүйім жұртты бір ту астына жию – ел тірегін биік етпек.Бұл ұстанымдарды саналы ұрпақ тәрбиелеуде салт – санаға сіңіруді бсшылыққа алу адами парызымыз.”Халық айтса,қалып айтпайды”


дегендей дана халқымыз бүкіл тіршіліктің,адамзат жаратылысының бүкіл мәнісін “Бірлік – түбі тірлік “ деген екі ауыз сөзбен түйіндеген.Ауыз бірліксіз ешкімнің де, ешбір елдің де ешқашан асығы алшысынан түспеген.Қазақтың тағы бір қасиеті,ешкімнің ала жібін аттамауға көрші кілем,ағайы-жұртпен,алыс жақынмен тату тәтті,сыйлас болуға үгіттеген.Бірлесе еңбек ете жүріп бой түзіп,табиғатпен етене,оны игілігіне игеріп,жаратып,адамзат қауымы,тайпа,ұлт,ел болып қалыптасты.Ішкі бірлігі болмаған талай құдіретті империялар мен мемлекеттер,кейбір мықты деген халықтар мен тайпалардың өзі тарихтың алмағайып тұстарында құрдымға кетті.Біздің қазақ “Ырыс түбі-ынтымақ” деп айтады.”Отан –отбасынан “ демекші, әрбір отбасында уыздай ұйыған бірлік пен тату –тәтті тірлік болса ,әр жанұяда елін сүйетін өрелі өрендер желкілдеп өсіп келе жатса ,олар ең бірінші кезекте өз қазағының,Қазақстан халқының қамын жесе, ұлы Отанымызға да құт береке дарып, қастерлі Тәуелсіздігіміздің тұғыры асқақтай түскені. Қазақстан халқы Ассамблеясының мерекелік кешінде тереңнен толғай сөйлеген Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев елімізді мекендеген 130-дан астам ұлттар мен ұлыстардың өзара татулығы мен ынтымағын сақтау, әрбір қазақстандықтың бойына отыншылдық рухын себу, татулық пен тұрақтылықтың ең бірінші кезекте өз елдігін түзіп жатқан қазақ халқы үшін ауадай қажеттілігін, ал бүкіл халықты жұмылған бір жұдырықтай етіп топтастырып, біріктіруде түртің түбінде мемлекеттік тіл басым рөл атқару үшін бұл істі бала бақшалар мен мектептер қабырғасынан тиянақтай түрде қолға алып,қазақ тілін меңгертуге күш салудың айрықша атап өтті. Киелі қазақ шаңырағында уық болып қадалған өзге ,этнос өкілдері “Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені “ деген ұранға айналдырған.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет