Бірнеше дүркін мәселе көтеріп, бақ беттерінде жазған болатын быз. Өкі­



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата28.02.2017
өлшемі3,83 Mb.
#5044
1   2   3   4   5   6

гендер! бұл сөз өзі нені 

білдіреді? Әйел теңдігі ме, 

әлде нәзік жандылардың 

билікке ұмтылуы ма? Адамзат 

баласы бұл сауалға өткен 

ғасырдың 60-жылдарынан 

бері жауап іздеп келеді. Қазақ 

қоғамы да бұл сауалдың 

шырмауына сонау «еркек 

пен әйел арасына теңдік 

орнатамыз» деп алашапқын 

болған кеңестік саясаттан 

кейін ұрынды. Тіптен мықтап 

шырмалды. содан бері бір 

ғасырға жуық уақыт өтті. Ал 

«Еркек – үйдің егесі, әйел – 

оның шегесі» деп білген атам 

қазақ қоғамын «гендерлік 

саясат елесі» кезіп жүр...

бүркіт НҰРАсЫл

Кезінде «теңдік бер» деп, бүгін «билік 

бер»  деп  жүрген  нәзік  жандылардың  бір 

тобы  кеше  Астанадағы  «Пекин  палас» 

қонақүй кешенінің ат шаптырым залында 

«Қазақстандағы  әйелдер  мен  ерлерге 

арналған тең мүмкіндіктер: нақты қадам­

дар  мен  болашағы»  атты  үлкен  конфе­

ренция өткізіп, «әйел теңдігі» емес, елінің 

кеңдігі үшін күрескен сақ патшайымының 

атын жамылған «Томирис­2» деп аталатын 

жобаның  жүзеге  асуын  қорытындылады. 

Әйелдер  қауымын  тәнті  еткен  «Томирис» 

жобасына  «елімізде  әйел  теңдігі  аяққа 

тапталып жатыр» деп білсе керек, қыруар 

қаржылай көмек көрсетіпті. 

БА

с Пр


ОК

ур

АТ



ур

А

Жалақысын ала алмай жүргендерге 



жағымды жаңалық 

Жергілікті прокурорлар айлық жалақы­

сын  төлемеуге  қатысты  мәселелерді  на­

зарға мықтап ұстаған сыңайлы. Тек өткен 

аптада  ғана  прокурорлық  ықпал  ету  ша­

ралары  бойынша  3000  жұмысшының   

350 млн теңге көлеміндегі жалақыларына 

қолдары жеткен. Жалпы сомасы 140 млн 

теңгеден  асатын  жалақы  қарызы  алдағы 

күндері иелерін табатын болады. 



Мұрат АлМАсбЕКҰлЫ, 

Астана

дағдарыстың бір пайдасы қосымша жұмыс орындарының 

ашылуы болғаны мәлім. бірақ бір кемшілігі – кейбір жұмыс 

берушілер өз еңбеккерлерінің жалақысын жарытып бермей 

жатқандығы. дұрысында, бере алмай қалғаны немесе бергісі 

келмегені. Аталған жайға еліміздің бас прокуратурасы да бас 

қатыруда. Осы мекеменің ресми өкілі Нұрдәулет сүйіндіковтің 

мәліметінше, жалақы мәселесі прокурорлардың араласуымен 

шешіліп жатқан көрінеді.

еңбек және халықты әлеуметтік қорғау 

министрі, Президент жанындағы Әйелдер 

істері  және  отбасылық­демографиялық 

сая  сат  жөніндегі  ұлттық  комиссияның 

төрайымы Гүлшара Әбдіхалықованың ай­

туынша,  еліміздегі  гендерлік  саясат  жаңа 

заманға  сай  лайықты  түрде  жүзеге  асып 

жатқан секілді. Оны биліктің әр тарма ғын­

дағы  қызмет  ететін  әйелдердің  санының 

артуынан  байқауға  болады.  «Президент 

жанындағы  Әйелдер  істері  және  отба сы­

лық­демографиялық саясат жөніндегі ұлт     ­

тық комиссияның бастауымен 1999 жыл­

дан  бастап  «Томирис  –  1»  деген  үлкен 

бағдарлама басталған болатын. Оған Шве­

цияның халықаралық ұйымдармен жұмыс 

істейтін  агенттігі  қолдау  білдіріп,  1  млн 

доллар  көлемінде  қаржы  бөлді.  Осы 

жылдардың  ішінде  БҰҰ­ның  өкілдігімен 

және  осы  агенттіктің  қатысуымен  қазақ­

стандық  әйелдер  мен  отбасылық  жағ дай­

ларға  қатысты  көптеген  мәселелер  ше ші­

мін  тапты.  Гендерлік  ағарту  жұмыс та ры 

жүр  гізілді», – деп атап өтті министр ха ным. 

Оның  айтуынша,  қазақ  қоғамында 

әйел  мен  еркек  теңдігі  сақталып  отыр. 

«Барлық  база  толығымен  бар  деп  айтуға 

болады.  Дегенмен  кемшіліктер  де  жоқ 

емес.  Әйелді  кемсіту  жағдайлары  жасы­

рын  түрде  болса  да  болып  жатады.  Мә­

селен,  олар  айлықтарын  ерлердікіне  қа­

рағанда  15­20  пайыз  аз  алып  жатады. 

Білім саласында да, қаржы саласы болсын 

осылай.  Оның  үстіне,  отбасындағы  зор­

лық­зомбылық көбіне әйелдерге жасала­

ды», – деп атап өтті ол. 

Қалай  дегенмен  де  елімізге  гендерлік 

сая саттың  салқыны  тиіп  отырғаны  жасы­

рын  емес.  Бұл  мәселе  тіптен  еліміздегі 

іскер әйелдер бас қосқан кездесуде де ай­

тылды. сол кезде баяндама жасаушы лар­

дың  бірі  «еліміздегі  20­25  жас  ара лы­

ғындағы қыз­келіншектер бесік тербетуге 

құлықсыз. Қызмет қуып бара жатыр деген» 

мәлімет келтірген болатын. 

«Құрамалы­қорғанды  үйің  болады, 

Ай нымалы­төкпелі биің болады. Халыққа 

бір  тиын  пайдасы  жоқ,  Ай  сайын  жиын 

болады»,  –  деп  Мөңке  бабамыз  айтқан­

дай,  бір  күнге  созылған  жиыннан  жөні 

түзу  еш теңе  ұға  алмадық.  Керісінше,  ал­

қалы жиын да сауын айта келген нәзік жан­

ды лардың  өздері  де  «гендер»  ұғымын 

толық  түсінбейтінін  байқадық.  Оны  ми­

нистр ханым Гүлшара Наушақызының өзі 

де мойындағандай болды. «Көбісі гендер­

лік саясатты билікке ұмтылу деп ойлайды. 

Бұл  жерде  ең  бастысы  отбасы  мәселесі 

екенін  түсінбей  жатамыз.  сондықтан  біз 

осындай  жиналыстарда  үнемі  гендерлік 

ағарту  жұмыстарын  жүргізіп  отырамыз», 

–  деді  Әбдіхалықова.  Ал  баяндама­

шылардың бірі «Швециядағы еркектердің 

30  пайызы  бала  бағып  үйінде  отырады» 

дегенді  қайта­қайта  тамсанып  айтумен 

болды. 

Астана

мент тегі «Нұр Отанға» «спарринг­серіктес» 

болу ынтасы болса керек. естеріңізде бол­

са,  осы  жылдың  басында  Парламент  қа­

былдаған жаңа заңға сәйкес, Парламентте 

кем дегенде екі партияның өкілдері болуы 

тиіс және егер де ешбір партия Мәжіліске 

өтуге  қажетті  7%  жинай  алмаса,  онда 

одан  кейінгі  орындағы  партия  автоматты 

түрде  Парламентке  өтеді.  соған  бай ла­

нысты  қазіргі  кезде  партиялардың  ара­

сында Парламенттегі «екінші» партия болу 

үшін  жарыс  жүріп  жатқан  сыңайлы.  са­

рапшылардың бірқатары еҚыҰ­ға елі міз­

дің  төрағалығы  қарсаңында  жылдың  со­

ңында  мерзімінен  тыс  сайлау  болу  ық­

тималдығы  туралы  әңгіменің  шоғын  оқ­

тын­оқтын  үрлеп  қояды.  «Альтернатива» 

көкейкесті  зерттеулер  орталығының  же­

текшісі  Андрей  Чеботаревтің  айтуынша, 

қайта сайлау өткізуге негіз өте көп. Оның 

Мәскеу зерттеу орталығына жылдың орта­

сында берген сұхбатына сүйенсек, қазіргі 

кезде  экономикалық  дағдарысқа  байла­

нысты  бара­бара  әлеуметтік  наразылық 

күшейіп,  бұл  саяси  ұрандарға  айналып 

кетуі мүмкін. Ал мұның негізінде оппозиция 

біраз ұпай жинай алады. Осы көзқараспен 

қарағанда,  билікке  сайлауды  биыл  өт­

кізген ыңғайлы. Ал Қоғамдық палатаның 

мүшесі,  заңгер  Марат  Башимов  жылдың 

ортасында  «Мегаполис»  газетіне  берген 

сұхбатында  айтқандай,  қайыра  сайлау 

болмайды  деп  түйеді.  Ол  депутаттардың 

мерзімі  заңды,  олар  бес  жыл  жұмыс 

атқаруы тиіс дейді. 

Жалпы, Парламенттегі «екінші» партия 

болудан үміті зор «Ақ жол», «Әділет» пар­

тиялары  ел  аймақтарын  шарлап  кетті. 

Жақында Ә.Байменовтің партиясы «2010­

2020  жылдарға  арналған  Қазақстанның 

ұлттық  дамуы  туралы»  бағдарламасын 

жарқ  еткізді.  М.Нәрікбаевтың  «Әділет» 

пар    тиясы  өзін  оппозиция  деп  жариялап, 

саяси жүйені демократияландыру бойын­

ша бірқатар бағдарламалар ұсынып жүр. 

сондай­ақ В.Косаревтің Қазақстан комму­

нистік  ха лық тық  партиясы  соңғы  кездері 

те ле ар на дан түспей қойды. Әзірше тек «ру­

ханият», «Ауыл», Қазақстанның пат риот тар 

пар тиясынан тырс еткен дыбыс жоқ. 

Алдияр АбАй

Мансұр Х


АМИТ (фо

то)


тәуелсіздік, бұл өте маңызды шешім және 

Қытай  үкіметі  нысанды  қысқа  мерзімде 

салуымыз үшін бізге қаржы ресурстарымен 

көмектеседі.  екіншіден,  «ҚазМұнайГаз» 

қазақстандық  компаниясы  «Маңғыстау­

МұнайГаздың» бақылау топтамасын сатып 

алуы  жөнінде  түбегейлі  уағдаластыққа 

қол жеткізілді. сөйтіп, біз мұнаймен және 

газбен  өзімізді  дербес  қамтамасыз  ету 

бағытында  жылжып  келеміз.  Мемлекет, 

яғни халық бұл ресурстарға өзі иелік етеді. 

Мұнай­газ  саласындағы  үшінші  шешім  – 

бұл  жұмыс  жасап  жатқан  құ быр лардың 

қуатын  10  миллионнан  20  мил лион 

тоннаға дейін кеңейту туралы шарт. Яғни 

біз  Қазақстан  аумағынан  мұнай  өнім дері 

экспортын әртараптандыру бағы тында та­

ғы да алға жылжудамыз, – деді Премьер­

министр Кәрім Мәсімов. 


РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси аҚпаРаттыҚ газет

№182 (182) 



16.10.2009 жыл, жұма

www.alashainasy.kz

3

e-mail: info@alashainasy.kz

ой-көкпар

Басы 1-бетте

? Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Б i л г i м   к е л г е н   Б i р   с џ р а ћ

Ел экономикасы

нЕсиЕ 

Владислав КОСАРЕВ, Қазақстан коммунис тік 

халықтық партиясының төрағасы

Атамұрат ШӘМЕНОВ, экономика 

ғылымының докторы, профессор

жиын


оның  маңайында  көп  дау-дамай 

туындады. оның да түбінде экономикалық 

қауіпсіздік мәселесі жатты емес пе? Қазір 

кеден одағын құруға қол жеткізгенімізбен, 

бірыңғай  валюта  қабылдауға  келгенде 

ешкім  асығар  емес.  Өйткені  одан  әр  ел 

өзінше қауіптеніп отыр. 

Қалай  дегенмен  де,  ШыҰ  аясында 

өзара  ұлттық  валюталар  есебін  жүргізуді 

енгізу  талқысында  жоғары  тәртіп  пен 

мықты тетіктер керек. олай болмайынша, 

бұл  сөз  жүзінде  талқылауда  жүретін 

мәселе болып қала береді. 

Қазір  әлемдік  қаржы  дағдарысының 

салдарынан  аҚШ  әлем  алдындағы 

позициясынан, 

нақтырақ 

айтқанда, 

абыройынан  айырылды.  Енді  оның 

орнын  басуда  экономикасы  мықты 

елдер  міндетті  түрде  қадам  жасайды. 

оны  уақыттың  өзі  талап  етіп  отыр.  Өз 

кезегінде  Қытай  мұндай  мүмкіндікті 

жібермеуі  тиіс.  алайда,  өкінішке  қарай, 

ШыҰ-ны  құрылымы  мықты,  өзара 

қарым-қатынастарды 

реттеуге 

бейім 


ұйым  ретінде  көре  алмаймыз.  Өйткені 

оның  ішкі  тетіктерінде  көп  олқылықтар 

бар. Ең алдымен, соны жою керек. ШыҰ 

өзіне  мүше  елдерге  интеграциялық 

процестерде  тиімді,  экономикалық-саяси 

қарым-қатынаста пайдалы жағдай туғыза 

алуы қажет. міне, сонда ол ұйым аясында 

өзара ұлттық валюталар есебін пайдалану 

туралы сөз етуге болады. 

ал  ШыҰ  шеңберінде  ұлттық  валю-

талар  есебін  жүргізуді  енгізсек,  ол  дол-

лардың  біздің  аймақтағы  қолданыс 

аясын  тарылтуға,  ақырындап  оны  тық-

сыруға  мүмкіндік  береді.  сол  жүйенің 

енгізілуінде  сол  ұйымға  мүше  елдердің 

мүддесі  тапталмаса,  тіпті  ШыҰ-ның 

өңірлік  деңгейін  одан  да  биік  мәртебеге 

шарықтата  түсері  хақ.  Бірақ  шынайы 

өмірде ол мүмкін бе екен?..

Бірақ  әлемдік  жаһандану  әр  елдің 

экономикасына тырнағын батырып жатыр. 

сондықтан  ұлттық  валюта  тұрақтылығын 

қамтамасыз  ету  күн  тәртібінен  түспейтін 

мәселенің бірі болуы тиіс. 

ШыҰ-ның  бір  мүшесі  болғаннан 

кейін,  ондағы  интеграциялық  мәсе-

лелерден  біз  қалыспауымыз  керек.  оған 

мүше  елдермен  иық  теңестіріп  тұратын 

дәрежеге  жетуіміз  тиіс,  соған  ұмтыла 

беруіміз  қажет.  Қытайдан  тауар  өндіруді 

үйренуіміз  керек.  жалпы,  ол  көршіміздің 

саудаға қатысты тәжірибе алмасар дүниесі 

көп.  ол  бізге  қажет.  сондықтан  ұйым 

шеңберіндегі  кез  келген  интеграциялық 

процестен  біздің  ұпайымыз  түгенделіп 

отырады.  Әрине,  егер  мәселені  «жеті  рет 

өлшеп,  бір  рет  кес»  деген  қағидада 

қарастырып  отырсақ,  оған  қол  жеткізуге 

болады. сондай-ақ Ресеймен де интегра-

циялық 


байланыстағы 

өзге 


ортақ 

ұйымымыз  бар.  оны  да  ұлттық  мүдде 

тұрғысында  дұрыс  пайдалана  білуіміз 

керек.  жалпы,  бұл  ұйым  мен  одақтың 

артында  қандай  да  бір  бірыңғай  ва-

лютаның пайда болу мүмкіндігі тұрғанын 

мен  мойындаймын.  ол  қазір  айтып  жүр-

гендей,  10-15  жыл  ішінде  емес,  одан  да 

арғы  мерзімде  пайда  болуы  мүмкін.  ал 

оның  есептері  қазірден  жүргізіліп  жатыр. 

міне,  сондай  маңызды  істерден  біз 

қалыспауымыз тиіс. Әрине, бұл қадамдар 

долларға  деген  тәуелділігімізді  мүлде 

жойып  тастамаса-дағы,  белгілі  бір  дең-

гейде оның ықпалынан шығуға әсер етері 

сөзсіз. 


нарық

тұжы

Ры

М

Егер мұндай келісім заңды тұлға жар-

ғысында  көр сетілген  міндет-мақсаттарға 

қайшы  келмесе,  онда  болады.  жыл жы-

майтын мүлікті оқшаулау туралы келі сімге 

қатысты  нотариус  ең  алдымен  осы 

мүліктің кімге тиесілі екенін анықтайды. 

жылжымайтын  мүліктің  (пәтер,  тұр-

ғын  үй,  саяжай,  жер  учаскесі,  әкімшілік 

және  өндірістік  бағыттағы  ғи мараттар 

мен  үй-жайлар)  заңды  тұлғаға  тиесілі 

екенін растайтын құжаттар:

1) жекешелендіру туралы келісім;

2)  жария  саудада  сатып  алғандығы 

жөніндегі акт;

3)  ортақ  мүліктегі  меншік  құқығын 

рас тайтын куәлік;

4)  заңды  түрде  күшіне  енген  меншік 

құқығын рас тайтын шешімнің көшірмесі;

5) мүлікті бөлу туралы келісім;

6) ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 20 қаң-

тарда  бекіткен  «жылжымайтын  мү лікке 

құқық және онымен шарт жасауды тіркеу 

тәртібі  туралы  уақытша  қағидаға»  дейін 

берілген тіркеу куәлігі;

«мемлекеттiк  бюджет  қаражаты  есе-

бінен  Қазақстан  Республикасы  орган-

дары ның  қызметкерлеріне  сыйлық  беру, 

ма териалдық  көмек  көрсету  және  ла-

уазым дық  жалақыларына  үстемеақылар 

белгілеу ере жесін бекіту туралы» Қазақстан 

Республикасы  Үкіметінің  2001  жылғы  29 

тамыздағы  №  1127  қаулысына  сәйкес, 

қызметкерге  ма териалдық  көмек  көрсету 

оның  ауыр  ма териалдық  жағдайына 

байланысты мынадай жағдайларда беріледі: 

1) оның отбасы мүшелерінің, жақын туған-

туыстарының  (зайы бының,  ата-анасының, 

балаларының,  асыраушы ларының,  асырап 

алынғандары ның,  толық  туысты  және 

толық  туыс  емес  ағалары  мен  әпкелерiнiң, 

аталарының,  әже лерiнiң,  немерелерiнiң) 

немесе 

құда-жек жат тарының 



(ерлі-

зайыптылардың ата-ана сы ның, аға-інісінің, 

әпке-сіңлісінің, 

бала  лары ның) 

қайтыс 

болуы;  2)  некеге  тұру;  3)  бала  туылған, 



бала асырап алған; 4) қосымша қаржылық 

шығындарды талап ететін емдеу жүргізілген 

(санаторийден басқа, стационарлық немесе 

амбулаторлық  емдеудің  10  күнтізбелік 

күнінен  астам);  5)  оған  қатысты  құқыққа 

Өз үлесін өз еркімен кім өткізеді?



Заңды  тұлғалардың  ортақ  иелігінде  бірнеше  жылжымайтын  мүлік 

тіркелген. Бұл орайда бір тарап екінші тарапқа ортақ меншік құқығы негізінде 

өз үлесін өткізе ала ма?

Сайын АЗАтОВ, Алматы қаласы

жәрдемақыдан әркімнің бар дәмесі



жуырда  тұрмысқа  шықтым.  жұмыс  орнымнан  отбасын  құруыма  байланысты 

материалдық жәрдемақы алуға болады деп естідім. Сол рас па?

Шәйза САПАРҚыЗы, Тараз қаласы

Шағын несиеге 

шағым

«Шағын несие ұйымдары 

айына 3 пайыздық өсіммен 

ипотекалық кредит береді. 

төлем мерзімі кешіктірілсе, 

күніне 5 пайыздық айыппұл 

жүреді. Бұл барып тұрған 

өсімқорлық қой!»– деген 

бас банкир кезекті баспасөз 

мәслихатында «Өсімқорлық 

туралы» заң қабылдауды 

ұсынды. 

Ұлыбританияда  жылдық  эффективті 

ставкасы  48  пайыздан  асқан  несиелер 

өсімқорлық  көрінісі  деп  танылады  екен. 

алайда  бұл  қалыпқа  салсақ,  елімізде 

несие беретін қаржы ұйымы қалмас. Қазір 

банктер  ұсынып  отырған  ипотекалық 

несиелердің  құны  жылына  15-21  пайыз 

ара лығында болғанымен, кепілсіз несие-

лердің эффективті (банкке төленетін түрлі 

комиссияларды  қосқандағы  шынайы 

құны) ставкасы 64 пайызға дейін жетеді. 

Шағын  қаржы  ұйымдары  қауымдас-

тығының  директоры  анатолий  Глухов 

айына 3 пайыздық өсіммен (жылына 36 %) 

ипотекалық  несиелер  берілетінін  растап 

отыр. Бірақ бұл – пәтер сатып алуға емес, 

бизнесті  дамыту  үшін  қолда  бар  пәтерді 

кепілдікке  қою  арқылы  рәсім делетін 

борыш.  Өйткені  кепілге  жылжы майтын 

мүлік  қойылған  несиелердің  барлығы 

ипотекалық  несие  деп  аталады.  Шағын 

несие  ұйымдары  туралы  заңға  сәйкес, 

несие  мөлшері  10  миллион  теңгеден 

аспауы 

керек. 


Банктердің 

мұндай 


несиелерге  ұсынатын  ставкасы  –  17-20 

пайыз.  Бірақ  табысын  растай  алмайтын, 

кепілдігі  қала  сыртында  тұрған,  яғни 

банк  елегінен  өтпей  қалғандар  шағын 

несие  ұйымдарына  барады.  соңғылары 

тәуекелге бел буып отырған соң, өсімді де 

аямай белгілейді.

 ШАғыН НЕСиЕ ұйыМдАРы 

АҚШАНы ҚАйдАН АлАды?

 марченко мырзаға елден өсімге ақша 

қабылдап,  көлеңкелі  бизнесті  қыздырып 

жатқан  микрокредиттік  ұйымдар  белгілі 

екен. ал, заң бойынша шағын несие ұйым-

дарына  халықтан  салым  жинауға  тыйым 

салынған. «Депозит тартқысы келсе, банк 

лицензиясын алсын», –дейді Ұлттық банк 

төрағасы. 

анатолий  Глухов  болса,  «көлеңкелі 

бизнестің  көкесі  «Өсімқорлық  туралы» 

заң  қабылданып,  несиенің  жоғары  шегі 

белгіленгенде  болады»  деген  пікірде. 

Шағын  несие  ұйымдарына  тек  жШс 

түрінде  ғана  құрылуға  рұқсат  бар.  олар 

акция немесе облигация шығара алмайды, 

яғни  қор  нарығына  жолдары  кесілген. 

осы  себепті  шағын  несие  ұйымдары 

банктерден  өздері  несие  алып,  оны  қол 

жетпей жүргендерге қарызға береді екен. 

17-20  пайызды  30-36  пайызға  дейін 

көтеретін  болып  тұр  ғой.  2008  жылы 

«Даму»  кәсіпкерлікті  қолдау  қорының 

бағдарламаларын  жақсы  пайдаланыпты. 

Шағын және орта бизнес өкілдері «Даму» 

қоры  несиесін  ала  алмаймыз»  деп  шарқ 

ұрып  жүргенде,  ортадаға  делдалдардың 

бірі – осы шағын несие ұйымдары екен. 

статистика  агенттігінің  есебі  бойын-

ша,  1  шілде де  тіркелген  шағын  қаржы 

ұйым  дарының  саны  1661-ге  жеткен. 

Былтырмен  салыстырғанда  қатары  35 

пайызға  артқанына  қарағанда,  бұл 

табысты бизнес тәрізді. 



BI Group холдингі Астана 

іргесіндегі жоғары маркалы цемент 

шығаратын зауыт құрылысын аяқтап 

қалды. Соның арқасында келесі 

жылдан бастап солтүстік астана 

цементтен таршылық көрмейтін 

болады. 

Қазір  зауыттың  75  пайызы  дайын. 

Барлық  құрал-жабдық  кедендік  рәсім-

деуден өтіп, зауыт алаңында сақадай-сай 

тұр.  БТа  банктің  қаржыландыруды  тоқ-

татқанына  қарамастан,  басты  инвестор 

шетелдік  Fortis  Bank  жобаны  жолда  қал-

дырмайды. жоба Қазақстан даму банкіне 

өткізілсе,  зауытты  әрмен  қарай  қаржы-

ландыра бермекші. 

Цементті  құрғақ  тәсілмен  өндіретін 

қазіргі заманғы технология және теңдессіз 

шикізат  кеніші  м500  –  м700  жоғары 

маркалы цемент өндіруге септігін тигізеді. 

астанадан 40 шақырым жерде орналасқан 

жаңа  зауыттың  ерекшелігі  сол,  цемент 

қаладағы  нысандарға  жабық  күйінде 

жеткізіледі.  сосын  вакуумның  көмегімен 

төкпей-шашпай құрылыс алаңдарындағы 

ыдыстарға  құйылады.  Бұл  астанадағы 

цемент  шығарындыларын  еуропалық 

стандартқа  жеткізуге  мүмкіндік  береді. 

Бүгінде  цементтің  1  пайыздан  астамы 

жеткізу  және  түсіру  кезінде  төгіледі. 

осылайша,  астана  көшелеріне  жылына 

12 мың тонна цемент шашылады. Бұл 200 

вагонды толтыруға жететін көлем. 

 Гүлнар АХМЕтОВА

Астана цементтен 

тарлық көрмейді

ЕурАзЭҚ-тың ауырғысы келмейді

Әлем елдері жаһандық қаржылық «дертке» қарсы жабылып соққы 

беру үшін тізе қосып жатқанда, медицина саласы да халық сырқатына 

қарсы күресу үшін «бір жеңнен қол, бір жағадан бас» шығарысып 

жатыр. Кеше Астанада Еуразия экономикалық қауымдастығына 

(ЕурАзЭҚ) мүше бес елдің денсаулық сақтау жүйесінің басшылары 

мен өкілдері бірігіп, «Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа 

мүше елдер халықтарының денсаулығы» мемлекетаралық 

бағдарламасының тұжырымдамасын талқыға салды. «ЕурАзЭҚ 

халықтарының денсаулығы» мемлекетаралық бағдарламасы ұйымға 

мүше елдердегі медициналық көмектің сапасын жақсартып, осы 

саладағы ұлттық кадрлардың шыңдалуына сөзсіз себеп болады», – деді 

кеңес төрағасы, тәжікстанның денсаулық сақтау министрі Нусратулло 

Салимов.

экономикалық  ұйымға  денсаулық 

ісінің  қатысы  қанша  дерсіз,  бәлкім. 

Әдетте  біз  денсаулық  сақтау  саласының 

экономикалық-қаржылық 

қамтамасыз 

ету  жүйесі  аса  күрделі  екенін  ескере 

бермейміз.  ЕуразэҚ  елдері  денсаулық 

саласы басшыларының бірігуі осы күрделі 

істегі бірқатар мәселелердің шешілуіне жол 

ашпақ.  ЕуразэҚ  интеграциялық  комитеті 

жанындағы  Денсаулық  сақтау  кеңесінің 

7-отырысы  барысында  төрт  мәселе 

қаралды.  атап  айтсақ,  бірінші  мәселе 

ЕуразэҚ-қа мүше мемлекеттердің халқын 

дәрі-дәрмекпен,  медициналық  құрал-

жабдықтармен қамтамасыз ету турасында, 

сондай-ақ медицинаның өзекті бағыттары 

бойынша кеңестер өткізу жайында болды. 

«Қауымдастыққа  мүше  бес  мемлекет 

шығарып  жатқан  дәрі-дәрмектер  қазіргі 

кезде  өте  сапалы  болып  тұр.  сондай-ақ 

бұл елдердің жасап жатқан медициналық 

құрал-жабдықтары  да  осал  емес.  осы 

отырыста сол медициналық заттар қай елге 

қанша  қажет,  қанша  мөлшерде  шығару 

керек,  соларды  талқыламақпыз.  Бұл 

бізге  халқымызды  сапалы  медициналық 

қызметпен  қамтамасыз  етуге  мүмкіндік 

береді», – деді еліміздің денсаулық сақтау 

министрі жақсылық Досқалиев.

Екінші мәселе – қауымдастыққа мүше 

елдердің  өзара  жұқпалы  ауруға  қарсы 

ынтымақтасуы.  «Барлығымызға  ортақ 

өзекті  боп  тұрған  мәселе  –  жұқпалы 

аурулармен  күрес.  Әсіресе,  туберкулез, 

безгек,  тұмау,  оның  ішінде  қазіргі  кезде 

өршіп  тұрған  ан1/N1  вирусы  және  құс 

тұмауы бар. осыған байланысты ЕуразэҚ 

құрамына  кіретін  бес  мемлекетке  ортақ 

жұқпалы  ауруларға  қарсы  әрекет  ететін 

ұлттық  бағдарлама  болу  қажет»,  –  деп 

атап көрсетті жақсылық ақмырзаұлы. 

Бұл мәселеге келгенде ресейлік өкілдер 

«ЕуразэҚ  мемлекеттеріне  ортақ  тұмау 

вирусын  зерттейтін  орталықты  Ресейден 

ашу керек» деген ниеттерін танытты. 

Үшінші  мәселе  –  ЕуразэҚқа  мүше 

елдердің  азаматтарына  жоғары  техноло-

гиялық  медициналық  көмек  көрсету. 

оның  ішінде  жоғары  технологиялық 

диагнос тикалық  қызмет  көрсету,  емдеу 

қызметтері  жатады.  «Әсіресе,  сирек 

кез десетін  ауруларды  емдеу  үшін  әр 

мемлекет өзінде бар барлық әлеуетін емдік 

қызметке салу қажет. осыған байланысты 

әр ел азаматтарына осы ЕуразэҚ-қа мүше 

мемлекеттерден  жоғары  технологиялық 

көмек  алуға  мүмкіндік  беретін  құжат 

қабылданбақ»,  –  дейді  жақсылық  Дос-

қалиев. 

соңғы  мәселе  –  мигрант-жұмыс-

шы лар ға  медициналық  қызмет  көрсету 

бойынша ЕуразэҚ елдерімен ынтымақтасу 

мәселесі.  «сіздер  Қазақстанға  қаншама 

мигрант-жұмысшы  келіп  еңбек  етіп 

жатқанын  білесіздер.  Біздің  елден  де 

сыртқа  шығып  жұмыс  істеп  жатқандар 

бар.  міне,  бұл  мәселе  жұмысшылардың 

сауықтыру  және  медициналық  жедел 

қарсы іс-қимылдар жасалуы, (тонау, ұр-

лық және т.б.), сондай-ақ дүлей зілзала 

апаттары  (өрт,  су  тасқыны,  жер  сілкінісі 

және  т.б.)  салдарынан  қыз меткерге 

мүліктік  зиян  келтіру;  6)  қыз меткердiң 

зейнеткерлiкке  шығуы  жағдай ларында 

жүзеге  асырылады.  Басқа  ұйым дық-

құқықтық  нысандағы  мекемелер  мен 

кәсіпорындарда  жұ мыс  беруші  қыз-

меткерлердің  өндіріс  тиімділігі  мен 

орындалатын  жұмыстың  сапасын  арт-

тыруға  мүдделілігін  күшейту  үшін 

сый ақы  беру  жүйесін  және  еңбекке 

ынталан дырудың  басқа  да  нысандарын 

енгізе алады. Қызметкерлердің еңбегіне 

ақы  төлеу  және  еңбекке  ынталандыру 

жүйелері  ұжымдық  шарттың,  еңбек 

шартының  талаптарында  және  (не-

месе)  жұмыс  берушінің  актілерінде 

айқындалады. 

7)  жергілікті  атқарушы  органдар 

берген меншік құқығы туралы куәлік;

8)  серіктестіктің  жарғылық  қоры на 

үлес  ретінде  өткі зіл ген  кездегі  ке лісім 

мен өткізу-қабылдау актісі;

9)  сауда-саттық,  конкурс,  аукцион 

қорытынды сының  протоколы,  мем-

лекеттік  мүлікті  сату-сатып  алу  келісімі 

немесе басқа да келісімшарт. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет