көз жеткізгенін айтты.
асанәлі әшІМОВ,
Қазақстанның Халық әртісі:
– Аса үлкен академияны тауыспаса
да Әлжекеңнің өмірді тануы, ана сүтімен
келген дарыны халыққа бақыт болды.
Оның ішінде театрға да, әсіресе Әуезов
театрына. Өзім талай жылдар еңбек ет-
кен театрда Әлжекеңнің қойылмаған пье-
сасы жоқ. Мен көбінде ойнай алма дым,
тек бір ғана «Мансап пен ұждан» ат ты
қойылымды қою барысында ағаме нен
қызмет істедік. Бір жақсысы, ол кісі көп
нәрсені миыңа қонымды етіп айтып, са -
наңа сіңіріп беретін. Тіптен сах наға шық-
қалы тұрғаныңда бір парақ моно ло гын
әкеп, «мынаны айта салшы» деп қо лы-
мызға қыстырып кететін әдеті де бар еді.
қойып, жазушының рухына тағзым етті.
РеспубликалыҚ ҚоҒамдыҚ-саяси
аҚпаРаттыҚ газет
№182 (182)
16.10.2009 жыл, жұма
www.alashainasy.kz
6
e-mail: info@alashainasy.kz
АлАш АзАмАты
? Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
Б i л г i м к е л г е н Б i р с џ р а ћ
ДАТ!
Болатхан МАХАТҰЛЫ, Адам және жануарлар физиологиясы институтының
директоры, ауыл шаруашылығы ғылымының докторы, профессор:
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің
2007 жылғы 5 шілдедегі №149-бұйрығымен бекітілген Еңбек кітапшаларын
жүр гізу және сақтау ережесіне сәйкес еңбек кітапшасына жұмысқа қабылдау ту-
ра лы жазбалар қызметкермен жасалған еңбек шарты негізінде енгізіледі. Осы
орайда, жеке кәсіпкерлермен жасалатын азаматтық-құқықтық нысандағы шарт-
тар бойынша еңбек кітапшасына мәліметтер енгізілмейді және жеке кәсіпкерлікпен
айналысу жылдары еңбек стажы ретінде де саналмайды.
ҚР Еңбек кодексінің нормаларына сәйкес (198-б.) негізгі жұмыс орны
бойынша күнделікті жұмыстың және қоса атқаратын жұмыстың жиынтық
ұзақтығы осы Кодекстің 82-бабында белгіленген күнделікті жұмыс ұзақ-
тығы нормасынан (яғни, 8 сағат) 4 сағаттан артық аспауға тиіс. Осы орай-
да, кез келген қызметкерлердің 2 ставкада (яғни 16 сағат бойы) жұмыс
істеуіне жол берілмейді. Сонымен қатар, зиянды (аса зиянды) және қауіпті
жағдайларда жұмыс атқаратын қызметкерлерге қосымша атқаратын жұ-
мыс тарда істеуге болмайды. Сондықтан екінші жұмысқа заң жүзінде рұқсат
етілмегендіктен жауапкершілігіңізге алмағаныңыз жөн.
Екінші жұмыс заңды ма?
Еңбек еткен жылдарым елеусіз қала ма?
Қазір жұмыс орындарының көбісі жекеменшік негізінде құрылған
жауа п кершілігі шектеулі серіктестіктер. Менің де осындай жұмыс орнында
жұмыс істеп келе жатқаныма биыл жетінші жыл. Бухгалтеріміз біз жеке
кәсіпкер (индивидуальный предприниматель) негізінде серіктестікпен
ке лі сімшарт арқылы жұмыс жасап жатқандықтан «еңбек өтілі уақыттары
енбек кітапшасына жазылмайды» — дейді. Бұл қаншалықты негізді?
Алмас АҚЫЛБеков, Шымкент.
Мектепте техникалық қызметкер болып жұмыс істеймін. көбінесе
айлығым шайлығыма жетпей жатады. Сондықтан тағы бір ставкада
қосымша жұмысқа орналассам бола ма? Болса қандай заңмен көз-
делген?
Маржан, Алматы.
Қан тазалығы – біздің
мақтанышымыз
ЖАзмыш
Апатқа
ұшыраған
шекарашылар
марапатталды
– Физиология институтының б а р
екенін білг енімен, оның қандай шара-
лар атқарып жатқанынан хабарсыз-
быз. Жалпы, физиология институты
біз ге не береді?
– медицина саласы ешуақытта тәжі-
рибемен айналыспайды. Өйткені адамға
тәжірибе жасауға рұқсат жоқ. Осы орайда
адамға, медицина саласына қатысты іргелі
зерттеулердің барлығы осы жерде іске
асы рылып, мұқият зерделенуден соң өн ді-
р іске түседі. Негізі, институт 1949 жылы
құ рылған. Соғыстан кейінгі уақытта көп-
теген адамдар алған жарақатының әсері-
нен емес, сол жарақатты алу кезіндегі шок-
тан қайтыс болып жатқан кездері
ли м фо логия саласын зерттеу қажеттілігі
туды. Осылайша ең алғаш физиология ин-
с титуты лимфология саласы негізінде
құрылған. Одан кейінгі уақытта замана
ағымына сай қоғамның ең керек еткен
салаларына қатысты арнайы зертханалар
ашып, іргелі зерттеулермен айналысуда.
Соның ішінде соңғы кездері ашылған зерт-
ханаларға тоқталсам. мәселен, соңғы 10
жыл ішінде адамдардың организміне қор-
шаған орта, табиғат көп әсер ете бастады.
Адамдар ғарышты игеру мақсатында көп-
теген іс-әрекеттерге барды, жаңадан ашы л-
ған зауыттар да айналаға зиянды қал-
дықтарын бөліп шығарып ауаны ластауда.
Ғаламдық жылыну процесі жүріп, азон қа-
батының жұқаруына байланысты да өз-
герістер орын алуда. Айналып келгенде
мұның бәрі адамның организміне өз әсерін
тигізіп жатыр. Осы мәселелерге қатысты
адамның физио ло гиялық өзгерістерін
зерт теуді түсініп, эко логиялық лимфология
зертханасын аштық. Осылайша әр кезеңде
орын алған қоға мдағы өзгерістерге бай-
ланысты іргелі зерт теулер жүргізіп, өз ба-
қы лауымызға ала мыз. Қазір адам дар дың
иммундық қабілеті төмендеп, орга низ-
мінің өзін-өзі қорғауы әлсіреуде. Біз өз
тарапымыздан адам дардың қорғаныш-
тылығын күшейту мақ сатында жұмыс істеп
жатырмыз. Адам дардың арқасында қор-
шаған ортаның дамуы күшейген сайын
түрлі аурулар да көбейіп барады. Осыдан
біршама уақыт бұрын жүйке, қан тамыр-
лары жүйесінің аурулары ең қауіпті аурулар
санатында болса, қазір қант диабетімен
ауы ратын дардың саны өсіп, қауіптілігі де
артуда. Сондай-ақ та мақ тың түр-түрі кө-
бей ген, жеміс-жидек те мол заманда қана-
з дық ау руы да ел ішіне кең таралуда. Ал-
лер гиямен ауыра тын дар дың саны да
жыл дан, жылға артқан үстіне арта түсуде.
мұның бәрі қор шаған ортаның әсері екені
даусыз. Физио логия инсти тутының құра-
мы нда қазіргі таңда жеті зертхана бар.
– Өзіңіз айтпақшы, түрлі тағамдар
мол заманда адамдардың қаназ дық-
пен ауруы неге жиі тіркелуде?
– Аналардың ауруға көп шалдығуының
арқасында өмірге келіп жатқан сәбилері-
міздің де іштен ауру болып тууы көбейіп
кетті. мәселен, балалар тумай жатып, бас-
тың қан қысымы, қаназдық секілді түрлі
дерттерді ала туады. Ең алдымен, анада
қан аз болған соң қан арқылы балаға
баратын заттардың түрі азая береді. Жаңа-
дан қалыптасып жатқан балада керекті
заттар жеткіліксіз болған соң бала да ауру-
ға шалдығады. Қазіргі таңда біз осы қаназ-
дықтың алдын алу жөнінде зерттеулер
жүр гізіп жатырмыз.
– осы уақытқа дейін қаназдықтың
салдарынан босану кезінде жағдайы
күрт нашарлаған талай ана қайтыс бо-
лып кетті. Ал біз әлі күнге зерттеу үстін-
деміз. Жалпы, ғылымымыз кенже да-
мып жатқан жоқ па?
– Ғылымның ерте не кеш дамып жат-
қаны мемлекеттің материалдық жағдайын
көрсетеді. Ғалымдарымыздың методика-
лық деңгейі төмен емес, бірақ ғылымның
технологиямен жабдықталу жағдайы тө-
менірек. Сондықтан ғылымның кенже да-
муын ғалымдардан емес, зерттелуге жағ-
дай жасалмауынан іздегеніміз жөн.
– Ал ғылымды практикамен ұштас-
тыру қалай өрбуде? Сіздердің зерттеу-
леріңізге Үкімет тарапынан қолдау бар
ма? Мәселен, ұн құрамын байытудың
пайдалылығы дәлелденсе де іс жүзінде
ұн құрамын байытуға әлі күнге қол
жет кізе алмай келеміз...
– Тәжірибе жасалып, дәлелденген нәр-
се лердің өндіріске ұштасуы қиындау болып
жатқаны рас. Бұл тек физиология ғылы-
мының ғана емес, барлық ғылымның мә-
се лесі. Ең бірінші кедергі ол – қаражат. Ір-
ге лі зерттеулерге қарағанда, қолданбалы
зерттеулер қымбатқа түседі. Космос сала-
сына қатысты көптеген зерттеулерді өн-
діріс ке дайындап қойдық. Бірақ оны
қолдануға қаражат жоқ. Сондай-ақ біздің
институт Білім және ғылым министрлігіне
қарайды. Алайда тұтынушы медицина жә-
не ауылшаруашылығы саласы болып табы-
лады. Осы орайда аталған үш саланың
арасында ведомствоаралық байланыс
ойдағыдай емес. Бұл да зерттеулеріміздің
өз арнасын табуға кедергі. Тағы бір мәселе
дайын тұрған зерттеулерді күнделікті өмір-
де іске асыратын қондырғылар жеткіліксіз.
Ал ұнның құрамын байыту немесе тұзды
иодтау шараларының кедергіге ұшырауы-
ның себебі жаңа нәрсеге әрқашан да қоғам
жатырқай қарайды. Сондай-ақ темекінің
сыртына зиян деп қанша жазып қойсақ та,
оны тұтынатындардың саны азаймайды.
Неге? Себебі сол мезетте темекінің зиян-
дылығы сезілмейді, тек уақыт өте зиянын
тигізеді. Сол секілді адамдар да ұнды
байы т қанның жақсы нәтижесін бірден кө-
ре алмайды. Сондықтан енжарлық басым.
Сол бейқамдықтың арқасында міне, ұн
құрамын байытуды кейінге ысырып келе-
міз. Оның үстіне нанның құрамында пай-
далы микроэлементтері молайған соң ол
қымбатқа түседі. Сол уақытта тұрғындар
арасында наразылық та тууы мүмкін. Өйт-
кені олар пайдасы бақырайып, сыртына
шығып көрініп тұрмаған соң пайдаланғысы
келмейді. Әйтпесе қазіргі таңда құрамы
байытылған нанның пайдасы зор екені
дәлелденген, тек соны тәжірибеге енгізуге
құлшыныс танытпай отырмыз. Өндірісте
пайдаланылып жатқан нәрселер де жоқ
емес. мәселен, біздің институттың зерттеп
өндіріске енгізген тәжірибесі Семей өңірін-
де нейрофизиология саласына қатысты
адамның ішкі белсенді нүктелерін ыстық
немесе суық ауамен тітіркендіру арқылы
өзінің ішкі күшін ауырған жерге бағыттау
арқылы емдеуге болатынын анықтап, қол-
дану үстінде. мәселен, бір адамның сырт-
қы бір нүктесін қыздыру арқылы, оның қан
айналымын тежеп өлтіруге де болады
екен. Ал қант диабетін қазіргі таңда жа-
нуар ға тәжірибе жасап, зерттеп жатырмыз.
Алдағы уақытта бұл ауруға да жол бермеу
шараларын жүзеге асырамыз.
– Сіздің докторлық диссертация-
ңыз дың тақырыбы қой болған екен.
Бір ғана қойдың өзінен 18 түрлі зат
алып отырған елдер де бар көрінеді.
Ал біз қойдың мүмкіншілігін толық
пай далана алдық па?
– Рас, қойды өз игілігімізге пайдалана
алмай келеміз. Англияда қойдың жүніне
сұраныс өте үлкен. мәселен, спикерлер
астына қой жүнінен жасалған бөстек жасап
отырады екен. Олар мұны қой жүнінен жа-
сал ған заттың пайдасына көзі жеткен соң
істеп отыр. Олардың жеңіл өнеркәсібі қой
жүні арқылы дамыған. Ал біз қойды мүл-
дем пайдалана алған жоқпыз. Ол түгіл,
кең байтақ жерімізді дұрыс пайдалана
алмай отырмыз. Кезінде 38 миллион ма-
лы мыз болса, қазір 17 миллион бар көрі-
неді. малдың басын еселей түсуге жер
жағ дайымыз бар. Онан түсетін табыстың
ұшан-теңіз екенін де білеміз. Бірақ жүзеге
асыруға құлықсызбыз. Кеңес одағы кезінде
малдан алынатын өнімді шикізат өндіруші
ел ретінде шетел асырып жүн ретінде Бал-
тық жағалауы елдеріне, ет ретінде мәскеу
мен Ленинград қалаларына жіберіп отыр-
дық. Кейінгі уақытта шикізаттың тіпті қадірі
бол май тіпті тиын-тебенге бағаланып та
кетті. Алдағы уақытта өзіміздің шикізатты
өзіміз өңдеп, пайдалана алатындай етіп
да мыт сақ, көп нәрседе ұтар едік. мал өн-
ді рісінің артықшылығын ұққан көптеген
ел дер қазір оны дамыту үстінде. мәселен,
Қы тай мал өндірісінен қазір алға шықты.
– Басқа елдермен тәжірибе алмасу
жайы қалай?
– Жақында ғана алты бірдей жас ға-
лымымыз үш ай бойына Қытай еліне ба-
рып, білім дерін ұштап, тәжірибе алмасып
қайтты. Олар негізінен қаназдық ауруының
алдын алу мәселесі жөнінде тәжірибе
алмасты. Дәл қазіргі таңда аспан асты елі
қаназдық ауруын емдеуге толық дайын.
Бірақ оны біздің тәжірибемізге енгізуге біз
дайын емеспіз. Сондай-ақ көршіміз Ресей
елімен тәжірибе алмасу жақсы жүзеге
асуда. Бірақ бұл тәжірибе алмасу әзірге тек
ақпараттық тәжірибе алмасу деңгейінде
ғана. Кейде бізге шетелдік әдістемені неге
пайда ланбайсыздар деп жатады. Біз ол
тәжі ри бені алып, өзімізге енгізгенше уақыт
керек. Ал ол уақыт ішінде олар бізді күтіп
тұрмай ды, онан әрі дамып кетеді. Ака де-
мик Капи цанның «шетелдік ғылыммен
қа тар тұру үшін тұру аз, қарсы жүгіріп
отыру керек. Сонда қатар жүресің» – деген
сөзі бар. шетелдік ғылым бізді күтіп тұр-
майды, олар дамыған үстіне дамып жатыр.
Олар дың ғылымының дамуы үшін бөлініп
жатқан ақшасы да біздікінен бірнеше есе
көп. Алайда бізде де сүйіншілейтін жайттар
аз емес. мәселен, қазақ халқының жеті
атаға дейін қыз алыспауы, қан, ген таза-
лығы арқылы дүниежүзіне мақтанып айта
алады. Қазір осы қан тазалығының арқа-
сында біздің халқымызда дүниежүзіне кең
таралған аурулардың көбісі жоқ. Ал қан
тазалығы – көптеген мемлекеттерде үлкен
мәселе. Оның ішінде әзірбайжан, түрік,
ұйғыр, өзбек халықтарында қан жүйесіне
байланысты аурулар өте көп. Ал қан таза-
лы ғы – біздің мақтанышымыз. Дүние жү-
зілік озық биология ғылымына біз осы қан
тазалығы артықшылығымызбен ене ала-
мыз. Сондай-ақ бізде жылдар бойғы дәс-
түрлі емдеу тәжірибеміз қалыптаспаған.
мәселен, осыдан талай жылдар бұрын да
біз ауырдық. Бірақ құлан таза айығатынбыз.
Тәуке ханның кезінде Өтейбойдақ деген
емші болған. Сол заманның өзінде-ақ
вакцинаны ойлап тапқан. Одан кейін ғана
Луй Пастер вакцинаны ойлап тапқанын
айтып жар салған. Тамыр басу арқылы
талай ауруды анықтаған. Артына 7 томдық
медициналық еңбектерін қалдырды деген
сөз бар. Қазір осы еңбекті табуды арман
етемін. Кейбіреуін қазірдің өзінде ғылыми
негізде қайта жалғастыруға болады. Тағы
бір мысал, ертеректе әжелеріміз микроб-
тан сақтану үшін кіндікті ұзын қылып кес-
кен. Ондағы мақсат кіндіктің ұзын болуы
ми кро бтың ағзаға тез еніп кетуінен сақ-
тайды. Ата-бабаларымыз медицинаны
оқы маса да осыны асқан көрегенділікпен
білген. Жылдар бойы ата-бабаларымыз
екшеп, өмір салтымызға енгізген талай
дәстүрлі емдеу әдістеріміз бар. Осыны
қай та жаң ғырту арманым. мысалы, біз
шөппен ем деу дің көптеген түрін білгенбіз.
Ал
қазір
дамыған
мемлекеттер
синтетикалық жол мен шөптерді алып дәрі
қылып шығаруда. Ал біз оны олардан да
бұрын білдік. Бірақ қазір жаңғырта алмай
отырмыз. Халқы мызда тіпті майдаланып
кеткен сүйектеріне шейін орнына салған
сынықшыларымыз болған. Сынықшылық
жылдар бойы ата дан балаға жалғасқан.
– Қазір институттарда жағдай жа-
сал мағаннан кейін ғылымымыз қар-
тайып барады, жастар ғылымға келуге
құлықсыз, жасы үлкен ғалымдар зей-
неткерлікке шығайын десе орнына жас
мамандар жоқ деген әңгімелер жиі
айтылады. Сіздерде де бұл мәселе бар
ма?
– Жастар түгіл, орта буын ғалым да ры-
ның өзі ғылымнан күнкөріске кетіп, инсти-
туттың дағдарысқа ұшыраған кездері бол-
ған. Бірақ соңғы төрт-бес жылдан бері
ғы лы мға жастар көп келіп жатыр. Тіпті
арнайы өздерінің ұсыныстарымен келетін
жастар да кездеседі. Қазір біздің инсти-
туттағы қызметкерлердің орта жасы 48-де.
Бұл – жақсы көрсеткіш. Ғылымның дамуы-
ның дұрыс жолға қойылуының арқасы.
Бұрын алдыңғы орында жалақы мәселесі
тұратын. Қазір жалақы мәселесі жақсарып
келеді, енді алдыңғы орынға әлеуметтік
мәселелер шыққан. Бұл кішкене де болса
жағдайымыздың дұрысталып келе жатқа-
нының айғағы.
– көбінесе қазір адамдар өмірден
ерте өтетін секілді. Бұрындары ғылым
мен технологияның дамымаған кезін-
де керісінше адамдардың өмір сүру
ұзақ тығы ұзағырақ болған секілді.
Физиологиялық тұрғыдан мұның сы-
ры неде?
– Нақты статистикаға жүгінер болсақ
адамдардың өмір сүруінің орта жасы кері-
сінше ұзарып келеді. Дәл қазіргі таңда ол
68 жастың төңірегінде. Ал жапондарда
ор та жас 70-75 жастың айналасында. Біз-
де бұрын 40 жастағыларды «ақсақал»
дей тін. Адамның физиологиялық өзгеріс-
терін бір ғана нәрседен көруге болмайды.
Оған әсер ететін фактор көп. Өтпелі кезең
кезінде тіпті құр нан мен шайға қақталған
отбасылар да болды. Тағамның құрамының
өзгеруі де ауыруға әкеледі. Қазір жаста-
рымыз «фаст фуд» деп аталатын тағам
түрлеріне әуес болып алған. Кока Кола,
кириешки сынды тағамдардың адам ағза-
сына зияндылығы үлкен. Табиғи мал өнім-
дерінен алынатын құрт, ірімшік сынды та-
ға м дар
адамдарға
ешқашан
зиян
бо л маған. Қазіргі таңда осыларды өнді ре-
тін кәсіпорындардың жоқтығына, бар бо л -
са да аздығына қынжыламын. Егер бала-
ла рымыз кириешкидің орнына құрт
со рып, немесе ірімшік жеп жүрсе қандай
жара сымды, әрі пайдалы болар еді. Сон-
дай-ақ адамның аз немесе көп жасауына
эколо гияның да әсері бар. Оның үстіне біз
бұрын көп қимылдадық. Ал қазір ғылым
мен тех но логиямыздың дамуымен аз қи-
мылдап керісінше ой еңбегі күшейіп кетті.
мұның әсерінен миға ауырлық түсіріп, ст-
ресс кө бейді. мұның бәрі адамдардың
түрлі фи зи ологиялық өзгерістерге ұшы-
рауына, тіпті науқасқа шалдығуына толық
әсер етеді.
– Өз басым физиология ғылымы
дамуының шарықтау шегі адам дар-
дың ұзақ өмір сүру кезеңін ойлап та-
буымен өлшеймін. Физиология ғылы-
мы нда адам дардың барынша ұзақ
өмір сүруін ойлап табу мүмкін бе?
– Жалпы, физиология ғылымы мен дү-
ние жүзілік ғалымдардың бұл сауал басты
зерттеуі болып табылады. Көптеген фи-
зиологтардың пікіріне сүйенсек, әрқашан
жақсы тілек-ниетпен, жақсы энергияда
жүр ген адам басқалардан да дәл сондай
жақсы энергия бөліп алады екен. Ал үнемі
жақсы энергиямен жүрген адамның не-
ғұрлым өмірі ұзақ болатыны ғылыми дә-
лелденуде. Сондай-ақ Нарынқол ауда ны н -
да Қаратоған атты елдімекен бар. Қо л дағы
бар деректерге қарасақ, салыс тырмалы
түрде Республика бойынша осы ауыл хал-
қының өмір сүру ұзақтығы жоғары екен.
Алдағы уақытта осы ауылдың суы мен же-
рі нің, ауасының жағдайын зерттеуге ар-
найы мамандарды ала барып зерттеу жүр-
гізбекпіз. Себебі алдын ала барлау жасап
байқағанымыздай бұл ауылдың жанынан
Байынқол атты өзен ағып жатады екен.
Атал мыш өзеннен алтын шайылатын көрі-
неді. Біздің алдын ала жасап отырған тұ-
жы рымымызға сәйкес шайылған алтын-
ның иондарының адамдардың ұзақ өмір
сүруіне қатысы бар секілді. Себебі Қара-
тоған ауылының тағамымен көрші ауыл-
дың ішіп-жеп отырғанынан айырмашылық
білінбейді. Сондықтан ұзақ өмір сүрудің
сырын алтын шайылатын өзеннен іздеп
отырмыз. Бұл тұрғыда қазір терең зерт-
теулер жүріп жатыр.
Айта кетерлік нәрсе ешқандай мемлекет
бұл тұрғыда жүргізген үздік зерттеулерін
басқа мемлекетке бермейді. Сондықтан
өзіміздің зерттеуіміз қажет. Өз тарапы мыз-
дан ұзақ жасаған адамдарға барып, не
ішіп, не жейтінін, өмір сүру әдісін де зерт-
тейтініміз рас. Сонда байқағанымыз ұзақ
жасағандардың барлығы «жақсы тілек ті-
ле ңіз» — дейді. Яғни, адам неғұрлым жақ-
сы ойлар ойлап, жақсы тілекпен жүрсе со-
ғұр лым ұзақ өмір сүріп, ал үнемі стресте,
ашулы жүретін адам тезірек қартаятыны
дәлелденіп отыр.
Достарыңызбен бөлісу: