Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10866
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Оныншы тарау
АЛАШҚА АЙБЫН БОЛҒАН АРЫСТАР
Тарихи зерде кешінде, 1994 жылғы желтоқсанның 14-інде
жасаған баяндамасы
Бүгін  міне,  бес  арыстын  -  Тұрар  Рыскұловтың,  Сұлтанбек
Қожановтың,  Сəкен  Сейфуллиннің,  Ілияс  Жансүгіровтін,  Бейімбет
Майлиннің туғанына жуз жыл толуына орай ерекше жағдайда тағы да бас
косып отырмыз.
Сөз жоқ, жоғарыда аттары аталған аса көрнекті ел ардақтыларының
əркайсысыяың жүз жылдығы - бүгінгі коғам үшін жеке-жеке рухани окиға,
тарихтың орны бөлек қайталанбас беттері екендігі қазіргі кезеңде ешқандай
да  күмəн  тұғызбаса  керек.  Сондықтан  да  бүкіл  халық  болып  оларды  еске
алу - əрі рухани зерделілігіміз, əрі ұрпактық парызымыз.
170

Үстіміздегі жылы ресдубликамыздын алуан өңірінде, олардың кіндік
қандары
тамған,
өскен,
окыған,
кызмет
еткен
мекендерінде
арыстарымыздың  мерейтойлары  кеңінен  аталып,  жаңа  ескерткіштер,
мемориалдық  тақталар  ашылды.  Акпарат  кұралдарында  сол  тарихи
тұлғалардын  өмірі  мен  кызметіне,  тағдырына  байланысты  тың  деректер
жарияланып,  жұртшылық  игілігіне  ұсынылды,  Жер-жерде  өткізілген
осынау  шаралардың  қорытындысы  ретінде  мемлекет  дəрежесінде  бас
қосып,  қасиетті  ағалар  аруағы  алдында  еліміздің  бірлігі,  іргетасымыздың
беріктігі  жайлы  тағы  да  бір  көңіл  аша  сырласу,  дидарласу  -  бүгінгі
өміріміздің қажеті.
Əркайсысы  қайталанбас,  жеке-жеке  шоқтығы  биік  заман  тулғалары
бола  тұра,  олар  өмірлерін  бір  мүдде,  бір  мақсатка  арнағандықтан,
тағдырлары да бір болып шықты. Бір жылда туған төл құрдастар мемлекет,
қоғам  ісіне  бірге  араласып,  бір  мақсаттың  туын  көтеріп,  амал  қанша,  бір
кезеңде құрбандықөа шалынды.
Екіншіден, олардың тағдыры - елдің тағдыры. Ендеше, бес арыстың
өмір жолын тұтас айту, халықтын тағдырын сөз қылу - тарихи шындықты
тұтас көру деген сөз.
Өткенді зерделеп, жаксы мен жаманды, ак пен қараны айырып, оны
бүгінгі  күннің  кəдесіне  жарату  -  қоғам  алдында  тұрған  ең  өзекті
мəселелердің  бірі.  Өйткені,  айта  беретін  тəуелсіздігіміз,  егемендігіміз  осы
тарихты  тануға  тікелей  байланысты:  өткенді  білмей,  болашақты  анықтау
мүмкін  емес.  Ал,  болашағы  анык  емес  елді  егемен  деп  айтуға  өсте
болмайды.  Сол  себепті  тарихқа,  тарихи  тұлғаларға  көзкарас  аса
жауапкершілікті, байсалды пайымдауды кажет етеді.
«Малым  -  жанымның  садағасы,  жаным  -  арымнын  садағасы»  деген
біздің  халқымыз  қай  ғасырда  да  бас  бостандығын,  рух  еркіндігін  ерекше
қадірлеген,  қастерлеген.  Ел  басына  күн  туып,  ат  ауыздықпен  су  ішкен,  ер
етікпен  су  кешкен  заманда  касиетті  туған  жерді  ак  найзаның  ұшымен,  ақ
білектің күшімен қорғап қалған талай-талай батырлар өткен.
Бірақ  тарих  заңы  қатал.  Еліңді,  жеріңді  найзаның  ұшымен  де,
білектің күшімен де қорғай алмайтын кездер болады. Екі жарым ғасырдай
отарлау  саясатының  кұрбаны  болған  қазақ  халкы  жерінің  құнарынан,
елінің  еті  тірі  ұлынан  айырылып,  бодандықтын  қасіретін  шекті.  Осы
қажеттілікті  сезгендей,  халкымыз  талантты  ерлерді  дүниеге  топ-тобымен
əкелді.  Жүрек  десең  жүрегі,  білім  десең  білімі,  білік  десең  білігі  бар,  ел
үшін,  жер  үшін  ештеңеден  де  тайынбайтын,  табанды  да  талантты
интеллигенция, жаңа тұрпатты саяси күрескерлер дүниеге келді.
171

Сол  тұста  жаңа  өмірді  құрысқан  азаматтардың  арасындағы  аса  ірі
тұлғалардың  бірі  -  Тұрар  Рысқүлов.  Оның  Орта  Азия  мен  Қазақстандағы
1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне белсене қатысканы, сол үшін түрмеге
жабылғаны  бəріңізге  белгілі.  Тұрар  Рысқұлов  1919-1920  жылдар
аралығында Түркістан Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасы
Орталық  Атқару  Комитетінің  Төрағасы  болып  істеді,  1926  жылдан  1937
жылға  дейін»  яғни,  накақ  жазаға  ұшырағанға  дейін,  он  бір  жыл  бойы
РСФСР  Халық  Комиссарлары  Советі  Төрағасынын  орынбасары  болды.
Тұрар  Рысқұловқа  дейін  қазақ  баласы  дəл  мұндай  лауазымды  қызмет
атқарып  көрмеген  болатын.  РСФСР-дай  алып  елдің  ауқымында  күрделі
мəселелер  шеше  білген  Тұрар  Рысқұлов  қазақ  халқын  өзгелерге  танытуға
үлкен үлес косты.
Əрине,  Тұрар  Рысқұловтың  асыл  аруаіына  тағзым  етіп,  атын
ардақтағанда  біздің  ойымызға  оның  ел  үшін  еткен  ең  ересен,  ен  ірі,  ең
қасиетті еңбегі алдымен оралады. Қазақ даласына айдын- күннің аманында,
казан  ұрмак,  кар  жаумай-ақ  келген  нағыз  нөубет  -  алапат  ашаршылык
тұсында  Рысқұлов  тұлғасьшың  шын  мөнінде  ұлы  екені  айқын  көрінді.
Ақдегені  алғыс,  қара  дегені  қарғыс  болып  тұрған,  қырына  алғаннын
қабырғасын  қақыратын,  көлденең  тұрғаннын  бəрін  көрде  шірітіп  жатқан
Сталиндей  тиранға  карсы  шабу,  казақ  даласындағы  колдан  жасалған
кырғынды  тоқтаттыруды  талап  ету  елімге  бас  тігіп,  ажал  аузыва  өзі
барумен  бірдей  ерлік  болатын.  Кейіннен  Рысқұловтың  үш  хаты  бойынша
республикадағы
жағдай
тексерілгені,
Голощекин
басқа
қызметке
ауыстырылып,  орнына  халың  «Мыр.зажан»  атап  кеткен  Мирзоян  келгені,
сөйтіп  айналасы  екі  жылдың  ішінде  тұтас  бір  ұлттын  тең  жартысына
жуығын  жусатып  салған  XX  ғасырдың  сұмдық  трагедиясы  тоқтатьілғаны
беріңізге белгілі. Ал, осы іске қозғау салып берген Тұрар Рысқұлов еді. Осы
ұлы  еңбегі  ушін  қазақ  елі  Тұрар  Рысқұловтың  атын  мөңгі-бақи  ардақтап
өтетін болады!
Біз  бүгінгі  кеште  қазақтың  біртуар  перзенті,  аса  көрнекті  ақыны
жəне  мемлекет  қайраткері  Сəкен  Сейфуллинді  халық  жадында  мəңгі
сақталар  жан,  асылдардың  асылы,  аяулылардын  аяулысы  деп  ееке  аламыз.
Сəкен - біздін ұлттык мақтанышымыз, ел үшін еніреген ер, қайтпас кайсар
курескер. Сəкен - өлеңнен өрнек өрген ақын, қара сөздің сиқырын игерген
прозашы. Сəкен - тыңдаған жанның жүрегін тербемей қоймайтьш сырлы да
сазды өндер шығарган талантты композитор.
Рас,  Сəкен  өз  заманының  саясатына  кызмет  етті,  сол  кездегі  жаңа
құрылған  қоғамның  болашағына  сенім  артты.  Бірақ,  ол  -  өз  халқының
172

болашағына  деген  сенім  еді.  Егер  ол  тірі  болса,  бүгін,  сөз  жок,  өзіне  төн
өткірлікпен,  от  пен  судан  корыкпайтын  батырлықпен  тек  халық  мүддесі
жағында ғана тұрар еді.
Бүгінгі  салтанатты  кешке  біз  Сəкеннің  азатшыл  рухынан  тағылым
алу  үшін,  ел  деп  соккан  жүрегіне  кұлак  түріп,  нақты  ісінен  үйрену  үшін
жиналдык. Өйткені, егемен ел атанып, тəуелсіздік туын тіккен Қазақ еліне
Сəкеннін үздік үлгісі, өрелі өнегесі өте керек.
Халқының елдігіне, рухына кажет мөдени казынаны жараткан алып
тұлға  арыстарымыз  бен  асылдарымыздың  қатарында  біз  бүгін  Ілияс
Жансүгіров  есімін  айрықша  атаймыз.  Оның  ұлан-ғайыр  шығармашылығы
«өнер  алды  -  қызыл  тіл»  деп,  сөз  өнерін  қадірлеп,  өнерпазын  қастерлеген
текті  жұрттың  поəтикалык  дəстүрінен  қуат,  серпін  алған  аса  бір  дарынды,
терең  де  нұрлы  ағыс  болып  көрініс  береді.  Бұл  ағыста  замана  дауылы
көтерген  шуда  жал  бұрқак  толқындар  да,  шымырлап  сыр  бүккен  тылсым
иірімдер  де,  тегеуріні  тұңғиықта  тепсінген  жұмбақ  қуат  та  бар.  Адам
баласының санасын сан соқпаққа бұрып, жан дүниесін жапырып, қалыпка
құйған  XX  ғасырдың  бұркасын  өткелектері,  саяси  жүйенің  алдамшы
идеологиясы, империялың өкімнің қаншеңгел кұрсауы Ілиястың тау бұзьга,
тас жарған алапат дарынын да өз арнасына икемдеп, өз танабына тартып-ак
бақты.
Бірақ,  Ілияс  поэзиясының  бастау-бұлақ,  кұнарлы  көзі  ең  алдымен,
халықтың  бай  фольклорлык  мұрасы  мен  Абай  поэзиясы  болды.  Əсіресе,
«Күй»,  «Құлагер»,  «Күйші»  поэмалары  қазақ  поэзиясында  сол  кездегі
айшықты  жаңалык,  теңдесі  жоқ  алып  шығармалар  болғаны  белгілі.
Ілиястын  қазақ  поэзиясындагы  тағдыр-талайын  Құлагер  тұлпардың
бейнесімен ұк- сатуымыз да тегіннен-тегін емес.
Таңғажайып  талантымен  таңдандырмай,  тамсандырмай  қоймайтын
ұлы тұлғаларымыздың тағы бірі - Бейімбет Майлин.
Бейімбет шығармашылығы қазақ тарихындағы аса бір күрделі кезең
болған  жиырмасыншы,  отызыншы  жылдардың  кескін-келбетін  қаз-
қалпында  бейнелеп  беруімен  айрықша  қунды.  Би-ағаңның  өңгімелерін,
повестерін  ой  көзімен  оқыған  адам  Қазан  революциясынан  кейін  қазақ
санасында,  қазақ  мінезінде,  қазақ  психологиясында  қандайлық  катаклизм
болғанын  анық  көреді.  Бейімбет  жаңа  өмірді  ұйымдастырудағы
солақайлықтарды, коллективтендіру,цщ келеңсіздігін өзінің жанр турлеріне
бай шығармаларында жеңіл əжуа, сезімтал өзілмен де, өткір сарказмға толы
уытты тілімен де сынаған.
Бейімбет те, Сəкен мен Ілияс сияқты, жаңа өмір əкелер жақсылыққа
173

үміт артты, əділетсіздікті жоямыз, ел мен елді теңейміз деген большевиктік
саясатка  шын  сенді.  Өзінің  Жалбыр,  Таңсық,  Айша,  Раушан,  Азамат
Азаматыч  сияқты  кейіпкерлері  арқылы,  есімі  мəтел  болып  кеткен  атақты
Мырқымбайы  арқылы  оқырманын  сол  жаңа  өмірді  бірге  құрысуға
шақырды. Бірақ Бейімбеттей ұлы реалист жазушы шырқыраған шындықты
айтпай  тұра  алмады.  Ал,  сталинизм,  тоталитаризм  басқаны  кешірсе  де
мұндайды  еш  кешірмейтіы,  НКВД  идеологтарының  қанды  қурығынан
рухани  бостандықты  айтқандардың  құтылғаны  сирек  екенін  жақсы
білесіздер.
Міне,  осы  үшін,  басын  бəйгеге  тіге  жүріп,  замана  сырын  ашып
бергенің  үшін,  бүтін  бір  дəуірдің  ғажап  картинасын,  сол  кездегі  казақы
мінездердің  кайталанбас  ғажап  галереясын  жасап  бергені  үшін  біз  Би-
ағанның үлы таланты алдында басымызды иеміз.
Дүниеге  бірге  келіп,  бірге  кеткең  бес  арысымыздың  енді  бірі  -
көрнекті  мемлекет  кайраткері  Сұлтанбек  Қожанов.  Сонау  онтүстіктің  бір
қиырындағы  Ақсүмбе  ауылынан  түлеп  ұшқан  тастүлектің  қандай  занғар
көкке  көтерілгенін,  елі  үшін  қандай  еңбек  еткенін  бəріңіз  де  жақсы
білесіздер.  Алдымен  Түркістанда,  онан  кейін  Ташкентте  білім  алған
дарынды  жастың  бар  қайрат-  қабілетін,  акыл-ойын  халық  үшін  жұмсап
өткенін  айтып  жатудын  өзі  артык  сияқты.  Сұлтанбек  Кожановтың
Түркістан
Республикасының  басшылығында  аса  жауапты  жұмыстар  атқарған,
атап  айтканда,  Ішкі  істер,  Халың  ағарту,  Жер  мəселесі  халық
комиссариаттарында жетекшілік еткен кездегі еңбегі зор.
Сұлтанбек  Қожановтың  өмірінен  біз  алар  өнегенің  бірі  -  кең
ауңымда  ойлау,  өз  халқына  шындап  жан  ауырту,  оның  мінін  де  айта  білу,
сөйтіп олардан арылуға көмектесу. Бір мысал келтірейік.
Сұлтанбек  Қожанов  сонау  1924  жылы  Ташкенттегі  қырғыз-қазақ
институтын бітіріп шыққан жастарға арнап, «Ақ жол» газетіне «Жас буын,
жаңа  жұрт  жолға  түссін»  деген  мақала  жазған.  Онда  қырғыз-қазақ
тұрмысының  ең  үлкен  кемшілігі  -  шаруа  түрінің  орнықсыздығы,  олардың
еркіндікте бола алмай, табиғи жолмен ілгері баса алмағандығы екенін атап
айтқан.  Қазақ-қырғыз  үдесінен  шыгып,  бірте-бірте  медениеттендіріліп,  не
мал  шаруасын  өркендете  алған  жок,  не  орнығып  отырып,  алаңсыз
егіншілікпен айналысқан жоқ, не қолөнерін дамытпады, не сауда үдесінен
шықпады, - деп жазған.
Ал,
акиқатын
айтайықшы;
азамат
ағамыз
көрсеткен
осы
міндерімізден арылып болдық дей аламыз ба?! Əрине, олай дей алмаймыз.
174

Мұның  негізгі  себебін  де  автор  тамаша  ашып  көрсеткен.  Негізгі  себебі
халықтың «еркіндікте бола алмай, табиғи жолмен ілгері баса алмағандығы»
дейді  автор.  Демек,  өз  билігі  өз  колына  тиген  түста  халқымыз  мұндай
міндерден неғұрлым тезірек арылудың қамына кірісуі керек.
Бүгін біз сталиндік қуғын-сүргін кезінде қаза тапкан аса көрнекті бес
кайраткерді ғана емес, соньгмен бірге сол жылдарда нақақтан өмірін қиған
басқа  да  көптеген  адамдарды  еске  аламыз.  Олардың  арасында
Қазақстанның  тамаша  перзенттері  -  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып
Дулатов,
Мұхамеджан
Тынышбаев,
Мағжан
Жұмабаев,
Шəкəрім
Құдайбердиев,  Халел  Досмұхамедов,  Санжар  Асфандияров,  Ораз
Жандосов,  тағы  басқа  көптеген  аяулы  азаматтарымыз  болды.  Бірак
заңсыздықтар  мен  белден  басушылық  тек  сол  жылдармен  ғана  шектеліп
қалған  жоқ.  1986  жылы  желтоқсанда  қазақ  жастары  тоталитаризмге
қарсылық  білдіріп,  алаңға  шыкканда  да  сол  сталиншілдіктің  жаңғырығы
естіліп жатты.
Біздің  республикада  сол  жылдарда  еріксіз  жер  аударылған  сан
мыңдаған  «халық  жаулары»  -  көптеген  ұлттардың  өкілдері:  орыстар  мен
украиндар,  қалмақтар  мен  чешендер,  белорустар  мен  немістер  ажал
тырнағына ілінді.
Жазықсыз қаза болғандар əрқашан халық жадында қала бермек!
Бес арысымыздың өнегелі өмірінен үйренеріміз көп. Ең алдымен, ел
үшін, туып-өскен жер үшін жан-тəнімен, ынта- ыкыласымен беріле қызмет
ететін  азаматтық  жүрегін  үлгі  тұтуымыз  керек.  Олардың  қай-қайсысы  да
қазақ  елінің  өзгелермен  терезесі  тен  болуьш  арман  етіп  өтті,  жальшдап
жанган жүрегімен бүгінгі азаттық танын жакындатып кетті.
Сонан  кейінгі  ерекше  атап  айтатын  қасиеті  -  ауызбіршілігі.
Замандастарының  естеліктеріне,  көзкөрғендердің  дереггне  қарағанда,  осы
асыл  ағаларымыз  қашанда  бір-бірін  ерекше  қадірлеген,  өзара  достығын
көздің  қарашығындай  сақтай  білген.  Асыл  ағаларымызға  «алыптар  тобы»
деген  ғажап  ат  берген  көркем  сөз  зергері  Ғабит  Мүсірепов:  «алыптар
дəстүрінде  ортақ  жанашырлық  бар  еді.  Ортак  істе  ақылдасып  отыратын
дестүрлері берік болатын», деп еске алады.
Өкінішке  карай,  зиялы  қауымнын  бойыңда  бағзы  заманнан  бар
бəсекелестік  сезімін  тоталитарлык  коғам  əбден  өккілікпен  пайдаланды.
Оның  мысалын  алыстан  іздеудін  қажеті  жоқ.  Кешегі  Колбиннің  түсында
қанша азамат сұық саусақтың ұшында кетті! Халықтың ауызбіршілігі, оның
ішінде  интеллигенциянын  ұйымшылдығы  болса,  ел  басына  келген
зұлматтың зардабы мұнан біршама аздау болар ма еді деп те ойлайсың.
175

Ел  бірлігі  -  зиялылар  бірлігі.  Кай  заманда  да  елдің  басын  зиялылар
қосқан. Біздін қазақ ежелден орынды сөзге тоқтаған. Акылы асқан адамның
уөжіне  жығыла  білген  халық.  Əсіресе,  ақыннын,  шешеннін  данагөй  сөзі
халық  үшін  кашан  да  кастерлі,  қасиетті  саналған.  Мұнымен  катар,  елдін;
бірлігін кетіретін, берекесін кашыратын сөз де кей-кейде зиялы кауымның
аузымен  айтылып  калатыны  өкінішті-ак-  Сондыктан  қазіргІдей  күрделі
кезенде  елдін  бірлігі,  ел  аузына  кдрап  отырған  интеллигенцияның  тарихи
жауапкершілік  жүгін  сезінуі  өте-мөте  мадызды.  Тағы  да  айтамын:
тағдырдын  өзі,  тарихтың  өзі  қазақка  берген  осы  бақытымызды  бағалай
білмесек,  ұсақ-түйек  əңгіме  төңірегінде,  ауыл-аймақтың  айналасында
өнбейтін дау қусак, өзімізді-өзіміз төменшектетіп, елдің еңсесін езетін сөзді
айта берсек, онда біз болашақ ұрпақтар алдында аса айыпты боламыз.
Өткеннің  өнегесі  -  бүгінгінің  баға  жетпес  байлығы.  Алайда  төл
тарихы  тағылымының  уызына  жарымаған  ұрпақ  ол  байлықты  еншілеп,
игілігін  еркін  көре  алмайды.  Кешегі  бабасы  жіберген  қатені  енді  өзі
қайталап,  тəуелділік  тозағына  түседі,  Мынау  ұлы  далада  əр  дəуірде  өмірге
келген  атакты  мемлекеттер  осындай  тағдырды  бастан  кешті.  Мысалы,
шаңырағын  Жошы  хан  көтеріп,  ұстынын  Бату  хан  бекіткен  Алтын  орда
елдің  есті  азаматтары  ел  басының  төщрегіне  топталып,  ынтымак-тірлік
танытқан  кезде  сыртқа  айбар,  ішке  береке  ұйытқан  іргелі  мемлекетке
айналды. Алайда, Бұл ұзаққа бармады. Тарихынан тағылым алмаған ұрпақ
өздерінен  бұрынғы  Ғұн  империясының,  Түрік  кағанатының  кателігін
қайталап,  елдің  ұйыған  бірлігін  ірітіп,  тақ  таласына  түсті.  Ханына  карсы
тұрып,  халқына  қайғы  жұттырды.  Акырында  іргелі  мемлекет  елдіктен
қалды,  ұсақ  хандыктарға  бөлініп,  биқұмарлар  мен  таққұмарлардың
еншісіне  тиді.  Осылайша  тұтастықтан  бөлініп  шыққан  Қырым,  Ноғай,
Қазан,  Астрахан,  Өзбек,  Қазақ,  Сібір  хандықтарынын  тағдыры  өздеріңізге
белгілі, бөтен елдің боданы болып, тəуелділік қамытын киіп тынды.
Алайда,  шенкұмарлар  мен  шекпенкұмарлар  бұдан  да  корытынды
шығармады.  Ел  азаттығы  үшін  алыскан  ерлердін  жолын  кесті.  Өсер  елдің
баласы  арманшыл  болса,  өшер  елдін  баласы  жанжалшыл  болатынын
танытты.  Көрші  ел  жауыві  жеңген  өз  батырлары  Невский  мен
Донскойларын  ардактап,  алақанына  салып  аялап  жатса,  біз  сондай  ерлік
көрсеткен  бас  сардар  Əбілкайырды  өз  қолымызбен  өлтіріп  тындық.  Отан
қорғау мəні жөнінен Аңырақай еоғысы Нева соғысынан бір де кем емес еді
ғой!
Будан  кейін  де  алауыздылық  дерті  өршімесе,  өшкен  жок.  Сонын
салдарынан  бодандықтың  бүғауын  үзуге  қайрат  қылған  қазақтың  соңғы
176

ханы  -  Кенесары  да  алты  алаштын  толык  қолдауына  ие  бола  алмады.
Ақыры арманына жете алмай, ағайын қолынан қаза тапты.
Көріп  отырсыздар,  түтас  алмай,  теріп  айтқанның  өзінде  осылай
жалғаса  беретін  тарихтын  ащы  сабақтары  аз  емес.  Бұл  сабақтар  бізден  ел
қамын ойлар есгілікті тілейді. Ол бізге бірлік бар жерде береке бар екенін,
ала ауыздык орын алған жерде азып-тозу болатынын ескертеді. Бақ та, тақ
та  таласқанға  бұйырмайды,  халықтық  істе  жарасқанға  бүйырады.
Айқайшыл күшпен емес, игілікті ісіңмен көрін. Халық кемеңгер ғой, кімнің
кім  екенін  өзі-ак  танып  алады.  Тарихтың  осы  тағылымын  əрдайым  есте
үстайық. Бірлік - біздін касиетті туымыз.
Бірлігіміз болса ғана тірлігіміз болатынын үмытпайық, ағайын!
Бүгінгі  мемлекетіміздін  жағдайы  туралы  өңгімеде,  біз  көп  ретте  тек
басымызға  түсіп  отырған  уакытша  қиындыктарды,  өсіресе,  тұрмыс
қиындықтарын  желеу  етіп,  екілене  сөйлеп,  жүйке  қоздыруға  тырысатын
топтар мен саясаткерлердің жетегінде кететініміз бар. Адамзаттың арманы -
рухани  бостандык  пен  сөз  еркіндігінін  ңүнын  ескере  бермейміз.  Ойлап
караңыздаршы  -  отызыншы  жылдарда  ашаршылнқтан  миллиондаған
адамдар  кырылып  жатқанда,  арыстарымыз  жазыңсыздан  айыпталып,
атылып  жатканда,  соыың  бөрін  жүргізіп  отырған  партия  мен  үкіметтің
үжданын  көтеріп:  «Жасасын,  Коммунистік  партия!»  демедік  пе?  Неліктев
солай болды? Ең бастысы - адамның рухани бостандызгы болмады. Осы ең
биік  категориялар  болмаған  жерде  баска  игіліктердін  барлығынын  неге
тұратындығын  -  70  жылдан  астам  өткен  өміріміз  көрсетті  емес  пе?  Бүгінгі
біздін  мемлекеттін  азаматы  -  ойындағысын  ашык  айтуға  мүмкіндігі  бар  -
еркін  азамат.  Бірак  осы  бостандықты  əр  азамат  мемлекеттін  бірлігін,
тұтастығын,  қоғамнын  шыркын  бұзуға  пайдалануына  жəне  өзіндей  басқа
азаматтардың  бостандығына  зиян  келтіруіне  біздің  Консти-  туциямыз  бен
заңдарымыз тыйым салады. Олай болмаса, біз өркекиетті ел бола алмаймыз.
Егер  біздің  коғам,  əсіресе  саясаткерлер  мен  коғам  қайраткерлері,
зиялылар  осы  ең  қымбат  мүддені  тиісінше  бағалай  білмесе,  бөрінен  де  ең
асылымыз,  кымбаттымыз  -  рухымыздан  айырылуымыз  ғажап  емес.  Кез
келген  халыққа  бəрінен.  бұрын  асқақ  рух  керек.  Қай  уаиқытта,  қай  елде
болмасын,  ұлттың  ұлы  перзенттері  мен  ойшылдары,  қайраткерлері  ең
алдымен  өз  ұлтының,  халкынын  рухын  көтеруді  ойлаған.  Сол  үшін
күрескен,  ой  толгаған,  камыкқан.  тіпті  өз  өмірлерін  құрбан  еткен.  Оған
бүтін еске алып отырған бес арыстың өмірі айқын дəлел. Осы орайда менің
есіме  үндінің  ұлы  перзснті  Махатма  Гандидің:  «Біздің  халық  ұзақ  жылғы
отарлық  езгіде  небір  асылы  мен  қымбатынан  аиырылды.  Солардың
177

арасында  біз  бір  ғана  қасиетті  дүниемізді  таяу  арада  қайыра  алмаймыз  ба
деп  коркамын.  Ол  –  халықтын  рухы.  Одан  үлкен  байлығымыз  жоқ  еді...»
деген  сезі  түсіп  отыр.  Бұл  сөздін  терең  мағынасын  ең  əуелі  сіздер  білуге
тиіссіздер.  Біз  отаршылдықтың  езгісін,  ескі  системаның  зорлығын  көп
көрген  халықпыз.  Күні  кешегіге  дейін  бар  даусымызбен  өзіміздің  біртұтас
халық  екендігімізді,  тарихымыз,  ұлы  тұлғаларымыз,  ғасырлар  тереңінен
сусындаған  төл  медениетіміз  бен  өнеріміз  бар  екенін  ауыз  толтырып  айта
алмай  келдік.  Нағыз  шындықты  айтқызбай,  адамның  мысын  басып
тұратын бір дүлей күш бар еді. Ол күш империялық саясаттың идеологиясы
болатын.
1953  жылы  ұлы  Мұхтар  Əуезовтін  «Абай  жолының»,  бертін  келе
Ілияс  Есенберлиннін  тарихи  тақырыпка  жазған  романдарының  орынсыз
сындарға  ұшырағаны  да  белгілі,  осы  тақырыпқа  қалам  тарткан  бірқатар
жазушылардың  шығармалары  қатал  цензураның  қайшысына  түсті.
Өйткені,  бұл  туындылар  тарихы  таяз,  мəдениеті  төмен,  1917  жылы  Қазан
революциясының  аркасында  ғана  катарға  қосылды  деп  келген  казақ
халқының тарихын, елдігі мен ерлігін, асқақ рухын көрсете білген еді. Ал,
халықтың рухын асқактатпас үшін ат төбеліндей билеуші топ оларға ойдан
шығарылған «ұлтшыл», «арандатушы» деген аттар такты.
Жүз  жылдығы  аталып  отырған  бес  арыстың,  отызыншы  жылдарда
зорлықшыл  режимнің  нақақ  қүрбаны  болған  басқа  да  асылдарымыздың
тағдырына  ой  жіберіп  карағанда,  билік  басындағылар  мен  суреткер
кауымның  ара  катынасы  ежелден  келе  жатқан  күрделі  мəселе  екеніне  көз
жеткіземіз,  Билік  иелерінің  ой-ниеті,  ұстанған  саясаты  халықтың  арман-
мақсатымен  қарама-қайшы  болған  кезендерде  қашан  да  бұкараның  сөзін
сөйлейтін  ақын-жазушы  қауымы  өкіметпен  келісе  алмай  жүреді.  Бұл  -
занды  жай.  Біз  Бұл  мəселеге  де  жанаша  көзбен  қарай  бастадық.  Менің
ойымша,  қазір  өкімет  пен  суреткердің  карым-  қатынасында  өзара  бірлесе
өрекет етушілік басым. Оған бізде толың жағдай бар. Өйткені, бүгінгі танда
ел қамынан баска қандай мүдде болуы мүмкін? Сондықтан елдің ақыны да,
өкімі  де  бір  максатты  көздеуі  керек.  Өз  тарапымыздан  біз  осындай  киын
шакта  шығармашылық  интеллигенциянын  ең  талантты  бөлігінің  алаңсыз
жұмыс  істеуі  үшін  қолдан  келгеннің  бөрін  де  жасап  жатырмыз.  Кеше  ғана
170-тен астам əдебиет пен өнер кайрат- керлеріне Президент стипендиясы
тағайындалды.  Щығар-  машылық  одақтар  мен  мəдени  мекемелерді  сақтап
қалу  мақсатымен  оларға  ортақ  қор  немесе  банк  ашып  беру  мөселесін  де
ойластырып  жатырмыз.  Əрине,  көмек  екі  жақты  болғанда  көрікті  болмак.
Халықтың  бірлігіне,  тыныштығына  бағытталған  мемлекеттік  саясаттың
178

іске
асуына,
ел
мүддесіне
негізделген
когамдык
ой-пікірлердің
қалыптасуыяа əдебиет пен өнер кайраткерлерінің азаматтық көмегі ауадай
қажет  екенін  баса  айтқым  келеді.  Осы  кұрметті  миссияға  адал  болып,
биіктен көріне берсеңіздер, біз рухы мұқалмас ел боламыз.
Қазір коғамымызды өте-мөте аландатып отырған мəселелер аз емес.
Осы  мəселелерді  мен  республикамыздағы  барлык  ұлт  өкілдерінің
зиялыларына бағыттап айтамын. Өйткені, бір ғана ұлтының мұң-мұқтажын
көздеушілік  -  саяси  сокырлық.  Бүкіл  халыңтык  мəселелерді  шешудің
амалдарын  карастыру,  бүгінгі  басқа  тускен  киындыктан  алып  шығатын
жолдарды іздеу - барша республика зиялыларынын ортақ парызы. Ал, бұл
үлкен  сын,  алдымызда  тұрған,  бəрімізге  оңай  тимес  емтихан.  Одан  біз
сүрінбей, абыроймен өте алсак, бүгінгі жəне болашақ ұрпақтың алдындағы
парызымызды ойдағыдай орындап шықтык деп айта аламыз.
Осы  тұста  болашакка  катысты  тағы  бір  оймен  беліскім  келеді.  Біз
бұрын үлкен бір мемлекеттің бөлшегі ғана болдық. Ол кезде дүние жүзінде
барлық жағынан біз ең мықты, ең жақсы, ен озыкдыз деген уағызнамамен
өмір сүрдік. Енді көзіміз ашылды. Əлемге басқа көзбен карай бастадық. Қүр
кеудемсоктықпен  жүріп,  көп  мəселеде  артта,  мешеу  қалғанымызды  енді
сезіндік.  Сондықтан  дүниежүзілік  коғамдастыкпен  мейлінше  араласу,
олардан  жаксысын  үйрену,  еліміздің  пайдасына  асыру  бірден-  бір  үлкен
шаруа.  Шүкір,  казір  тəуелсіздігіміздің  арқасында  еліміздің  мəртебесі
биіктеп,  дүниежүзілік  қоғамдастықтағы  орнымыз  айқындалып  келеді.
Будапеште  өткен  Еуропадағы  кауіпсіздік  пен  ынтымақтастың  ұйымы
кеңесіне  катысушы  елдердін  мемлекет  жəне  үкімет  басшыларының
кездесуінде
біздін
еліміздің
тəуелсіздігі,
аумақтық
тұгастығы,
əкономикалык  қысым  жасамау,  жəй  жəне  ядролық  карумен  шабуыл
жасамау кепілдіктері туралы меморандумға кол қойылды. Егер, бетін аулақ
кылсын,  əрине,  Қазақстан  шапкьшшылыққа  ұшырайтын  болса,  Біріккен
Ұлттар  Ұйымының  Қауіпсіздік  Кеңесі  дереу  шешім  кабылдайтын  болады.
Соңғы екі жыл бойына біз осы үшін күресіп келдік. Тек осындай жағдайда
ғана  біз  өз  елімізді  ядролық  қарусыз  мемлекет  ретінде  танып,  ол  каруды
таратпау жөніндегі шартқа қосыла аламыз. Осыған байланысты АҚШ- тың,
Ресей  мен  Ұлыбританияның  міндеттемесі  Қазақстан  үшін  де,  оның
Президенті үшін де зор тарихи шешім болып табылады.
Айта  кететін  маңызды  бір  мəселе  -  талантты  жастарымызды  дүние
жүзінің  озың  оку  орындарында  окытудан  қаржыны  аямау  керек.
Өздерінізге белгілі, мен осы мақсатпен үстіміздегі жылы шет елдерде окыту
үшін  Президенттің  250  стипендиясын  белгіледім.  Жалпы  біздің  мемлекет
179

есебінен  шетелдерде  2  мыңга  жуык  жас  окып  жатыр.  Біздің  əкономикасы
бір  жүйеге  түсе  бастаган  көсіпорындар,  мекемелер,  қоғамдық  ұйымдар,
бизнес фирмалары осы игілікті іске жіті кіріскені абзал болар еді.
Екінші  бағыт  -  мемлекетімізді  нығайту,  жетілдіру  ісіне  жаңа
ойлармен,  ұсыныстармен  үлес  қосу.  Бұл  тұргыдан  олар  халыкты
рухтандыратын,  адамгершілік  ой-санасын  арттыратын,  казақстандық
патриотизм  рухын  қалыптастыратын  жаңа,  тың  шығармалар  жазып,  оны
көпшілікке  жеткізуі  керек.  Қыскасы,  бүгінгі  зиялыларымыз  алдында
жауапты  міндеттер  тұр.  Қоғамдағы  əрбір  оқиғаны,  əрбір  құбылысты
пайымдау, тіпті тек бір ғана кайраткерді бағалаудың өзі аса ұкыптылықты,
парасаттылықты кажет етеді.
Жас
мемлекетіміздің
қуаттылығы,
оның
əлемге
танылуы
мемлекеттің  өзіндік  дербес  жүргізіп  жатқан  ұлт  саясаты  мен  халқынын
бірлігіне,  ұйымшылдығына,  ынтымақшылдығына  жане  отаншылдығына
байланысты  болмак.  Шынайы  тəуелсіздікке  жетуіміз  барлығымызға
бұрынғыдан  да  гөрі  салмақтырақ  жауапкершілік  артты.  Олардың  ішінде,
əсіресе,  ұлтаралык  жарасымдылықты  айрықша  атап  өтер  едім.  Ұлтаралық
жарасымдылық
республикамыздағы
қалыптаскан
оңды
жағдайды
орнықтыра  түсу  ұшін  де,  өзімізбен  көршілес,  жері  іргелес  елдермен  өзара
достық,  өзара  тиімді  экономикалық,  мəдени,  рухани  байланысты  нығайту
үшін де аса маңызды алғышарт болып табылады.
Бірақ  қазақ  ұлтының,  көбіне  оның  ауылдағы  бөдігінің  нарық
жағдайына бейімделу мəселесінде қиыншылықтар баршылық. Қазақтардың
қазіргі  заманғы  ұлт  ретінде  өзін-өзі  жетілдіру  тұрғысында  шешімін  куткен
түйінді  мəселелер  жоқ  емес.  Ұлтымыздың  өз  тамырынан  қол  үзбей,  оған
балта  шаппай,  əрі  қарай  өсіп-өркендеуіне  жағдай  жасау  -  ен  үлкен
міндеттердің  бірі.  Нарық  қазақтардың  ұлттық  болмысын  бұзбайды,
керісінше,  оны  жанаша  жетілдіре  түседі.  Қазақ  этносын  осы  заманға
бейімдеу  əбден  мүмкін  нəрсе.  Өйткені,  қазақ  халкының  орташа
арифметикалық жасы 25, ал бұл ұлттың нағыз гүлдену шағы ғой.
Егер  біз  өркениетті  елдер  қатарына  қосыламыз  десек,  сөз  жок,
адамзат  баласы  қалыптастырған  баршаға  ортак  кағидаларға  бойсұнып,
соларға  қарай  бірте-бірте  аяқ  басуымыз  керек.  Ол  үшін  өзімізге-өзіміз  сын
көзбен  қарап,  бойымызда  бар,  ұлтымызға  тəн  қасиеттерді  əрі  қарай
дамытып, жетілдіре түсуіміз қажет.
Өздерініз  байқаған  боларсыздар,  мен  еліміздегі  саяси  тұрактылық
пен
ұлтаралық
катынастардың
деңгейін
казақ
халқының
ішкі
проблемаларымен  тікелей  байланыстырып  отырамын.  Естеріңізде  болса,
180

кезінде  мен,  казақ  халқы  біздін  коғамның,  коғамдық  қатынастардың
ұйыткысы  болуы  керек  дегең  пікір  айткан  болатынмын.  Ендеше,  өзімізге
жүктеліп  отырган  осы  тарихи  миссияны  абыроймен  атқару  үшін  алдымен
оған  өзіміз  сай  жəне  дайын  болуымыз  керек.  Яғни,  ол  үшін  бізге
өткенімізге,  бүгінгі  болып  жатқан  оқиғаларға  тарихи  түрғыдан  қарап,
дуние  үнемі  даму  үстінде  екендігін  түсініп,  тарихымыздын  тағылымынан
дұрыс  қорытынды  шыгарып,  болашаққа  сеніммен  карауға  үйрене  берген
жөн.  Егер  өз  ішімізде  ауызбіршілік,  береке  болмай,  ішкі  бакастықтарымыз
бен ошақ басындағы мəнсіз де дəмсіз сөздерден арыла алмасақ, ең алдымен
өзіміздің  көсегеміз  көгермейді  жəне  өзгелердің  де  көсегесін  көгерте
алмаймыз.
Мемлекеттің  қалыптасу  кезеңінде  бүкіл  қоғамды  топтастыру,
Отанымызды нығайту жолында ықтимал кателіктер мен кемшіліктерге жол
бермеу  үшін  зиялылар  атқаратын  жұмыстың  ұлан-ғайыр  əрі  сан  қырлы
екені  бəрімізге  белгілі.  Бүгінде  қазақ  зиялылары  саны  жағынан  кенен  əрі
барынша  кемел,  ал  сапасы  жағынан  жоғары,  ғылыми,  саяси  жəне  мəдени
денгейде,  мол  тəжірибе  жинақтаған  куатты,  парасатты  күш  десек,  ешбір
асырып  айтқандық  емес.  Букіл  ұлт,  күллі  қоғам  ауыр  дағдарыстар
кыспағында  қалған  кезендерде  де,  тіпті,  арманымыз  іске  асып,  мерейіміз
тасыған  сəттерде  де  керуенбасының  ауыр  міндетін  арқалаған,  барлык
ауыртпалықты абыроймен көтерген де осы зиялылар. Біле білсек, дамудың
данғылына  бастай  алатын,  ұлт  мүддесін  білдіріп,  халықтың  ой-ниетінің
шынайы  парқын  бағамдай  білетін  күш  те  осы.  Олай  болса,  қазақ
зиялыларының баршамызға мəлім үлттық мектебінің іргесін өткен ғасырда
біздің  ұлы  бабаларымыз  -  ғалым  Шоқан,  ұстаз  Ыбырай,  ойшыл  Абай
қалағанын естен шығармайық.
Ұлтымыздың  зиялылары  -  халқымыздың  киядағыны  шалатын
қырағы  жанары,  коғамымыздың  еділ  казысы.  Мемлекет,  Коғам,  ұлт
деңгейінде пайымдайтын зиялыларымыз - біздің баға жетпес байлығымыз,
сарқылмас қазынамыз. Араздық дінін себушілерге карсы тұрып, көрегендік
танытқан  зиялыларымызды  бүгінгі  бейбіт  тірлігіміз  бен  жаркын
болашағымызды  корғап  түрған  алынбас  камалға  балар  едім.  Сөз  реті
келгенде, Александр Александрович Княгинин, Герольд Карлович Бельгер,
Иван Павлович Щеголихин, Зия Сəмəди, Александр Николаевич Гаркавец,
Дмитрий Федорович Снегин сынды Қазақстаннын абыройлы азаматтарын
айрықша  атау  керек,  олар  қазақтардың  мүддесін  казақтардың  өздерінен
артық қорғамаса, кем корғап жүрген жоқ. Мұндай тұлғалы туыстарымызды
арқа тұтып та, ардақтай да білгеніміз жөн.
181

Уақыт  бізді  тағы  да  сын  тезіне  салмақ.  Біз  əлемдік  тəжірибеде
тексерілген данғылға бет алдық. Баска жол жок. Біз əлемдегі өз орнымызды
жіті  түсініп,  əлемнің  барлык  мем-  лекеттерімен  жаңа  қарым-катынастар
орнатудамыз.  Біз  жаңа  ахуалды  парыктауға  жəне  барша  өркениетті  елдер
жүріп келе жаткан жолмен жүруте өзірміз. Ал, бізді көп киындықтар тосып
тұр,  оларды  енсеруге  даяр  тұруымыз  керек.  Қиындыкты  еңсеруге
ңолымызда  барлык  мүмкіндіктер  бар.  Алайда  жаркын  болашакқа  арна
тарту үшін баршамыз ортақ күш-кайратымызды жұмылдыруымыз қажет.
Қазақта  «кемедегінің  жаны  бір»  деген  нақыл  бар.  Бəріміз  бірлессек
қана, біз өз проблемаларымызды шеше аламыз, келер ұрпақ үшін берік ірге
қалаймыз.
Егемен ел атанып, тəуелсіздік туын тіккелі бері қазақ жерінде талай-
талай  той  өтті.  Олардың  ел  еңсесін  көтерудегі,  ұлттык  сананы  оятудағы
орны үлкен. Сол тойлардың тұсында мын-мыңдаған адамдар халкымыздың
маңдайына  біткен  асыл  азаматтар  көп  екеніне  көз  жеткізеді.  Сол  тойлар
осындай перзенттері бар, осындай өнегелі өткені бар Қазақ елі өз тізгіні өз
қолына тигенде тəуелсіз мемлекет болып кете алады деген сенім ұялатты.
Жақсы тойдың аяғы жақсы ойға, жақсы іске жалғасса  деп тілеймін.
Ал,  ойланар  жай  баршылық.  Еңбастысы  -  тəуелсіздіктің  тағдыры.  Өзін
азамат санаған əрбір адам күнбе-күнгі ісінде кайткенде осы тəуелсіздігімізді
нығайтуға септігімді тигіземін деген оймен жүрсе ғана, біз тарих сынынан
сыр бермей өте аламыз.
Тұрар,  Сəкен,  Ілияс,  Бейімбет,  Сұлтанбек  ағаларымыз  ғұмыр  бойы
тəуелсіздікті  арман  еткен  еді.  Сол  жолда  халқы  үшін  шырылдап,  шыбын
жанын  құрбан  еткен  еді.  Міне,  тəуелсіздік  таңы  атты.  Азат  ел  атандық.
Дегенмен,  атымыз  да  азат,  затымыз  да  азат  болуы  үшін  өлі  талай  шаруа
аткаруға,  Сəкен  ағамыз  айткдн  «тар  жол,  тайғақ  кешуден»  өтуге  тура
келеді. Бұл - кайырлы сапар, қасиетті жол. Ол жолдан біз таймаймыз.
Осы сапарымызда бізді халқымыздың ұлы перзенттерінін ұлы рухы
желеп-жебеп жүрсін!
Тəуелсіз еліміздің мəртебесі биіктей берсін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет