Біртуар, бірегей түЛҒа бірінші бөлім ежелден еркіндік аңСАҒАН



Pdf көрінісі
бет2/17
Дата31.03.2017
өлшемі1,73 Mb.
#10866
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Екінші тарау
БАУЫРЛАРЫМЫЗҒА ҚУШАҒЫМЫЗ АШЫҚ
Дуниежузі қазақтары Қурылтайының 1992 жылғы
салтанатты мəжілісінде сөйлеген сөзі
Қадірменді кауым!
Алыстан келген ағайын!
Ардақты отандастар!
Бүгінгі  күн  -  ерекше  күн.  Орта  толды  деген  осы.  Дəл  осынау  сəтте
өзін  қазақпын  деп  сезінетін  əрбір  адам  жүрегі  лүпілдеп,  атамекеніне,
тəуелсіз Қазақстанның астанасы Алматыға көз тігуде. Өйткені мұнда дүние
жүзінің  түкпір-түкпіріндегі  исі  қазақ  атаулының  өкілдері  тұңғыш  рет
бастарын қосып, алқалы жиын, салтанатты мөжіліс - Құрылтайға жиналып
отыр.  Күні  кеше  ғана  мүндай  болады  деген  ой  көбіміздің  киялымызға  да
кірмеген  шығар.  Енді,  міне,  аңсаған  арманның  тағы  біріне  кол  жеткіздік.
Сан  ғасырға  созылған  отаршылдыктың  бұғауынан  босанып,  таяуда  ғана
тəуелсіздік алса да, кысқа мерзім ішінде бүкіл айдай əлем түгел мойындап,
абыройы  асып  үлгірген  Қазақстан  жұртшылығы  сіздерді,  ардақты  ағайын,
туған жерде кұшақ жая карсы алып жатканын өздеріңіз көріп отырсыздар.
Мен  республика  Президенті  ретінде  бəріңізді  Дүниежүзі  казақтары
Құрылтайының  салтанатты  ашылуымен  шын  жүректен  құттықтаймын!
Барщаңызға: «Туған жерге кош келдіңіздер!- деймін.
Төрткүл  дүниенің  түкпір-түкпірінен  карлығаштай  ұшып  келген
көңілдеріңіз  үшін,  кайда  жүрсеңіздер  де  атамекен  мен  атажұртқа  деген
сағыныш
пен
сүйіспеншілікке
толы
перзенттік
пеиілдеріңізді
сақтағандарыңыз үшін ризашылық білдіреміз. Сіздер арқылы бүкіл əлемдегі
казақ  бауырларымызға  ыстык  сəлемімізді  жолдаймыз!  Жер  бетіндегі  бар
шаңырағымыздың бөрінің де бақыты асып, ырыздығы тасысын дейміз.
Ардакты ағайын! Осындай жүрек толқытар салтанатты сəтте, тарих
шежіресіне  енетін  ерекше  күнде  біз  өткеніміз  бен  бүгінімізге,  ертегді
болашағымызға  ойша  көз  жіберіп,  барымыз  бен  жоғымызды,  тапқанымыз
бен  жоғалтқанымызды  көңіл  таразысына  салғанымыз  орынды  болатын
сияқты.
Қазақ  халқы  -  тамырын  жеті  қабат  жер  астына  жіберген  алып
бəйтеректей,  өзегін  ғасырлар  тереқіне  тартып,  осынау  қасиетті  ұлы
даласынан  табан  аудармай,  дауылдармен  алысып,  тағдырымен  қарысып,
14

өсіп-өркендеп  келе  жатқан  байырғы  халық.  Оның  тарихы,  кейбіреулер
айтып  жүргендей,  кешегі  Қазақ  хандығы  шанырақ  көтерген  XV  ғасырдан
басталмайды.  Хандықтың  құрылуы  бір  басқа,  халықтың  қалыптасуы  бір
баска.  Бүгінгі  қазақ  халкы  -  сонау  есте  жоқ  ескі  замандарда-ақ
тұлпарларының тұяғымен дүниені дүр сілкіндірген көне сақтардың, ежелгі
ғұндардың,  байырғы  түріктердің  ұрпағы,  үлкен  үйдід  кара  шаңырағын
атажұртта  сақтап  қалған  халық.  Бұл  -  ескіден  калған  көне  жəдігерлер,  сак
заманының  куəгері  «Алтын  киімді  адамның»  алтын  тостағанындағы  жөне
Түрік қағанатының тарихын танытқан Орхон-Енисей мен Талас жазбалары
дəлелдеген шындық.
Өздеріңіз білесіздер, кейіннен біздің халңымыздың кұрамына кірген
тайпалық  одактар  Ұлы  Түрік  қағанаты,  Түргеш,  Қарлүк,  Қимак,
Қарахандықтар  мемлекеттерінін  негізін  калаушылар  қатарында  болған,
Азияның алып даласындағы небір жойқын оқиғалардың, қанкасап күрестің
ортасында жүрген, кай дəуірде де азатшыл рухымен, туған жерді алабөтен
қадірлейтін  отаншылдығымен  ерекшеленген.  Біз  өз  халкымыздың  əлемдік
өркениетке  хал-қадерінше  үлес  косканын  орынды  мактан  етуге
құкылымыз.  Əл-Фараби,  Қоркыт  ата,  Жүсіп  Баласағұн,  Қожа  Ахмет
Иассауи,  Мұхаммед  Хайдар  Дулати,  Қадырғали  Жалайыр  секілді
Шығыстың  даналары  осы  даланың  перзенттері.  Кейінгі  бірер  ғасырдың
өзінде  халқымыздан  Шоқан  Уəлиханов,  Абай,  Мұхтар  Əуезов  сынды
алемдік аукымдағы кемеңгер ойшылдар, ұлы суреткерлер шыкты.
Біздер талай-талай оқиғалардың куəсі болған асқар таулар мен ұлан-
ғайыр даланың түлегіміз. Бұл - біздің сан буын бабаларымыздың кір жуып,
кіндік кескен жері, көлжазира өңіріміз, атадан қалған байтақ мұрамыз, баға
жетпес  байлығымыз,  алтын  босағамыз.  Бұл  өлкенің  айдарынан  жел  есіп,
байрағы  талай  желбіреп,  азат  мемлекет  болғаны  да  белгілі.  Бүгінгі
бостандықтың,  бүгінгі  тəуелсіздіктің  өзінен-өзі  келіп,  басымызға  кона
қалмағанын,  азаттык  үшін  миллиондаған  адамдардың  каны  төгіліп,  жаны
қиылғанын, жазыксыз зардан шеккенін де сіздер жақсы білесіздер.
Бүгінгі  күн  ата-бабаларымыздын  талай  ғасырлар  бойғы  арманы  еді,
отаршылдықтың  темір  кұрсауының,  отызыншы  жылдардағы  ашаршылык
пен  сталиндік  жаппай  жазалау  құрбандарының,  Ұлы  Отан  соғысында  от
ортасынан ораямаған боздақтардың, кешегі Желтоқсанда ұлттың намысын
колдан  бермеу  үшін,  халықтын  сағын  сындырмау  үшін  бел  буып  шыққан
жастарымыздың арманы еді.
Ардақты  ағайын!  Еліміздін  төуелсіздігі  жолында  шейіт  болып,  осы
күнді көре алмай кеткен азаматтарымызды орнымыздан тұрып еске алайық,
15

аруақтарына
тағзым
етейік. (Мəжіліске  қатысушылар  орындарынан
көтеріліп, бір минут үнсіз тұрды.)
Қазақ ұлтының бүгінге дейінгі қат-қабат тарихының басты мазмұны
-  азаттық  үшін  күреске  сайып  келеді.  Елдік  пен  бостандық  жолындағы
күресіміздің  байырғы  скиф,  ғүн,  оғыз,  сақ,  үйсін,  қаңлы,  қыпшақ
замандарынан  кешегі  шерлі  Желтоқсанға  дейінгі  сан  ғасырлық  шежіресі
бар.
Жанқиярлық,  табанды  күресінін  арқасында  ата-бабаларымыз  өзінің
бірлік-берекесін  сақтап  қана  қоймай,  XV  ғасырда  қуатты  Қазақ  хандығын
құрды. Алайда, тəуелсіз Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады,
ұлан-байтақ  өлкемізге  жан-жақтан  көз  тігін,  ойран  салушылар  көбейді.
Акырыңда  Төле  би,  Қазыбек  би,  Əйтеке  би  ұйытқы  болған,  Абылай,
Қабанбай,  Бөгенбай,  Наурызбай,  Есет,  Қарасай,  Жəнібек,  Олжабай,
Райымбектер  корған  болған  есіл  өлке  бəрібір  отаршылдықтың  табанына
түсті.
Сөйтіп,
ХVІІІ-ХІХ
ғасырларда
халқымыз
еркіндігі
мен
тəуелсіздігінен айырылды.
Қазакстанның  Ресейге  косылуының  жай-жапсарын  бірер  ауыз
сөзбен  айта  салу  мүмкін  емес.  Бұл  оқиғаның  мəн-маңызына  сол  дəуірдегі
тарихи  жағдайды,  екі  оттың  ортасында  қалған  елдің  киын  халін,  ұлт
ретінде  жойылып  кету  каупі  анық  төніп  тұрған  тұста  жасалған  амалсыз
шара  екенін  ескеріп  барып  баға  беру  əділ  болмақ.  Сондай  сын  сағатта
шешімді  дəл  таба  алмаған  көптеген  ұлттардың,  мысалы,  Жоңғар
хандығының тағдыры калай аяқталғанын сіздер жаксы білесіздер.
Əрине,  бодандықтың  аты  -  бодандык.  Патшалык  Ресейдің
отаршылдығы  басқа  елдердің  отаршылдығынан  асып  түспесе,  кем  түскен
жоқ.  Үлан-ғайыр  даламыз  империя  меншігіне  айналды.  Дініміз  төрік,
тіліміз  ғаріп,  мəдениетіміз  мүшкіл,  өзіміз  мүскін  халге  ұшырадық.  Мұңдай
жағдайда  ел  намысының  козбауы,  ер  ашуына  мінбеуі  мүмкін  емес  еді.  Ең
ірі халық көтерілістерін Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы мен Махамбет
Өтемісұлы,  Кенесары  Қасымұлы,  Амангелді  мен  Бекболат,  Ақкөз  сйякты
батырлар бастады. Зеңбіректі өскерге найзамен қарсы шапкан көзсіз ерлерді
халык əлі күнге əн-жырға қосып, аяулы аттарын ардак тұтып келеді. Ардак
тұта береді.
Біз  1917  жылы  да  аңсаған  азаттыкты  ала  алмадык.  Большевиктік
саясат  уəдесінде  толық  тұрмады.  Отаршыл  Ресейдің  кесір  саясатын  мирас
етті.  Бұрын  Ресей  болса,  енді  Қазақстан  «халықтар  түрмесі»  атанды,
тоталитарлық  жүйенін  тұтас  халықтарды  жер  аударатын  аймағына
айналды.  Сөйтіп,  өзге  халықтар  біздің  өлкемізге  өзге  аймақтардан  көшіп
16

келіп,  өгейлік  көрсе,  біз  өз  жерімізде  отырып-ақ  өзгелерден  кем  өгейлік,
өзгелерден кем озбырлық көрмедік. Өз жерімізде өзіміз кырғынға ұшырап,
өз  жерімізде  өзіміз  куғынға  түстік.  Мыңдаған  жандар  кырылып,  мыңдаған
жандар  атажұртын  тастап  көшуге  мəжбүр  болды.  1932-33  жылдарда  қазақ
даласындағы  болған  адам  айтса  нанғысыз  ашаршылық,  6  миллиондай
халықтың 2,2 миллионы айдың-күннің аманында опат болғаны, сталиндік
репрессия  жылдарында  аяулы  да  абзал  азаматтарымыздың  жойылғаны  -
большевизмнің  бетіне  басылар  қара  таңба,  біздін  ғасырлар  бойы
ұмытпайтын қасіретіміз. Мұндай қысымшылдық пен əділетсіздік дəл соңғы
кездерге  дейін  жалғасып  келді.  Ұлт  мүддесін  корғаған  азаматтарға
«ұлтшыл»  деген  айып  тағылып,  қудалауға  түсті,  талайы  атылып  та  кетті.
Республиканың  ұлттык  кұрамына  таяу  арада  түзеп  болмастай  нұқсан
келтірілді,  жер  күнары  азып,  атамекен  тозып  кетті.  Кербез  сұлу
Кекшетаудағы  сексен  көлдің  сөні  азайып,  айдынды  Аралымыз  тартылды,
Абай  туған  Шыңғыстауды  қырық  жыл  бойы  Семей  атом  полигонындағы
сынақтар  сілкінтіп  тұрды,  Сарыарқаның  шалғыны  азып,  жер  жаннаты
Жетісудын  жайлауы  жүдеді.  Тарихымыз  аяусыз  бұрмаланды.  Рухани
мəдениетіміз  де  небір  зобалаңды  басынан  кешірді.  Сөйтіп,  кейінгі  ұрпакқа
бабаларынан  калған  байтақ  мұра  жат  болды.  Ен  киыны  -  бұл  жылдарда
тұтас  бір  ұлттың  еңсесін  түсіретін,  намысын  аяққа  таптайтын  талай  қадам
жасалды.  Шын  мəнінде  Қазакстан  басшылары  тек  Мəскеудегі  орталықтын
тағайындағандары  жөне  солардың  бұйрығын  бұлжытпай  орындайтындар
болып келді. Халық өз басшысын өз еркімен сайлай алмады.
Жиырмасыншы  ғасыр  қазақ  халқына  не  берді  деген  мəселе
төқірегінде  қым-қиғаш  пікір  бар.  Иə,  кешегі  насихат  жетпіс  жыл  бойы
Кеңес  өкіметі  қазаққа  ұдайы  тек  бақыт  нұрын  себелеп  келді  деп  үйретті.
Оның  қаншалықты  растығын  тарихтың  өзі  дəлелдеп  беріп  отыр.  Бірақ
солай  дей  тұра,  қазақ  халкының  1917  жылдан  бергі  тарихын  жоққа
шығаруға  да  болмайды.  Баскасын  айтпағанның  өзінде,  өткен  ғасырда
қайтадан  үш  таранка  күштеп  бөлініп,  ұлттық,  территориялық  тұтастықтан
айырылып  қалған  еліміз  бен  жеріміздін  республика  болып  кұрылуы,
аумағы  калпына  келтіріліп,  шекарасының  ресми  турде  бекітілуі  Кеңес
өкіметінің алғашкы жылдарында жүзеге асқанын, мұның өзі қазіргі төуелсіз
мемлекетімізді  заңдастыруда  бірден-бір  негіз  болып  отырғанын  калай
ескермей  кете  аламыз?!  Мен  өткеннін  бəрін  қаралап,  ата-бабаларымыздың
жасап  кеткен  еңбегін  жокка  шығарудан  аулақ  болғым  келеді.  Қалай
болғанда да бұл тарих - өз тарихымыз.
Бүгінгі  деңгей-дəрежеміздің  өзі  соншалықты  төмен  дей  алмаймыз.
17

Егеменді  ел  болып,  халкымыз  өз  еркімен  демократиялық  тұрғыда  тұңғыш
Президентін  сайлады.  Мемлекеттік  теуелсіздігіміз  жарияланғалы  бері
жылға  да  толмайтын  уакыт  ішінде  Қазакстанды  əлемнің  жүзден  астам  елі
таныды,  еліміз  бірқатар  аса  беделді  халықаралык  ұйымдарға,  оның  ішінде
Біріккен  Ұлттар  Ұйымына,  Халықаралың  валюта  корына  муше  болып
қабылданды. Таяуда біздің республикамыздын делегациясы осы лауазымды
халықаралық  қауымдастық  -  БҰҰ  Бас  Ассамблеясына  тұңғыш  рет
катысады. Ғарышқа қазақ жігіті үшып, ұлттың мерейін бір көтеріп тастады.
Жаңадан  Елтаңбамызды,  Туымызды  белгіледік.  Аяулы  ана  тілімізге  -  бай
өрі  қүнарлы  қазақ  тіліне  -  мемлекеттік  мəртебе  берілді.  Елді  мекендердің
тарихи  атаулары  қайтарылуда,  халыктың  біртуар  ұлдарынын  аты
ардакталып, мерейтойлары өткізілуде.
Қысқасы,  туған  жерімізде  талай-талай  өркенді  өзгерістер,  жан
жадыратар  жақсы  жаңалықтар  бар.  Ең  бастысы  -  тату-тəтті  ынтымағы
жарасқан  көп  ұлтты  халқымыз  бар.  Ел  дегенде,  жер  дегенде  білегін
сыбанып іске дайын тұрған азаматтарымыз бар. Сан ғасырлап бойы талай
теперішті  көрсе  де,  жайсаң  жанын,  əсем  өнін,  күмбір  күйін,  əдемі  əдет-
ғүрпын,
таза
тілін
сактаған
ұлтымыз
бар.
Қандас,
жандас
бауырларымыздың  қазаққа  ежелден  тəн  қонақжайлылықты,  сүйегімізге,
санамызға  сіңген  мейірімділікті  аман  алып  қалғанына  осы  Кұрылтай
күндері əбден көздеріңіз жетеді деп ойлаймын. Бұл бағытта, əсіресе, соңғы
жылдарда  кыруар  іс  тындырылды.  Қазақы  калпымызға  қайта  келіп,
тарихымызды  таразылап,  жоғалтқанымызды  түгендеп,  тілімізді,  дінімізді
жанғыртып  жатқанымыздын  куəсі  боласыздар.  Қазақтың  өзіндік  ұлттық
қасиеттерінің  қайта  қалыптасуына  камқорлық  жасау  -  менің  Президенттік
те, перзенттік те парызым.
Осы  тұста  басын  ашып  айтатын  бір  жай  бар.  Өр  азаматтың  өз
ұлтының
көркеюін,
нығаюын
армандауы
заңды.
Бірақ
оған
республикамыздағы  өзге  ұлт  өкілдерін,  əсіресе,  орыс  ұлты  өкілдерін
кемсіту,  шеттету,  мұқату  арқылы  жетемін  демеу  керек.  Халкымыздың
басынан  өткен  азап  пен  мехнатқа  республикада  өмір  сұріп  жаткан  өзге
ұлттардың  өкілдері  кінəлі  емес.  Оған  сол  кездегі  саясат  кінəлі,  сондай
саясат  ұстанған  коғам  кінəлі.  Республикамыздағы  казіргі  ұлтаралык
жарасым ахуалын көздің карашығындай сактай білу - барлык ұлттың, əрбір
азаматтың  ең  жауапты  міндеті.  Қазақстандағы  ұлтаралық  жарастықтың
негізгі  ұйытқысы  болу  міндетін  алдымен  осы  атамекеннің  иесі  -  қазақ
халқы өз мойнына алуы керек. Өйткені, халқымыз ұлтаралық жарастықты,
сыртқы  дүниемен  өзара  тиімді  ынтымақтастықты  жүзеге  асыра  алса  ғана
18

өзінің  өркениетті  мемлекетіне  ие  бола  алады,  Басқадай  бағыт  ұстанар
болсақ,  онда  біз  тұйыққа  тірелеміз,  талай  тағдырдың  обалына  қаламыз,
қазіргі  абыройлы  атымыздан  айырыламыз,  исі  қазақтың  дарқан  көңіліне
көлеңке  түсіреміз.  Тəуелсіз  Мемлекеттер  Достастығындағы  ұлт  пен  ұлт
жаға  жыртысқан  республикаларда  кандай  канқасап  қырғын  болып
жатқанын  өздерініз  де  естіп-біліп  жүрген  шығарсыздар.  Лайым,  сондай
кесапаттын бетін аулақ қылсын!
Біздің  туымыз  -  тəуелсіздік,  тілегіміз  -  бейбітшілік,  тыныштық.  Күш
колдану мен жанжал атаулыны болдырмауға бар ерік-жігерімізді аямаймыз.
Осы  мақсат  жолында  Қазақстандағы  барлық  ұлт  өкілдерінің  бір  кісінің
баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруіне мүдделіміз.
Қазір  бой  жарыстыратын  заман  емес,  ой  жарыстыратын  заман.
Білекті  бірді  жығады,  білімді  мыңды  жығады.  Ашу  -  дұшпан,  ақыл  -  дос.
Ашу емес, бөрін ақыл шешуі керек. Елдің тыныштығын бұзу ұлтымыздың
болашағына балта шапқанмен бірдей. Өз халқын сүйетін адам, өз жұртына
жаксылық тілеген кісі өзге халықтарды ашындырмайды, өз ұлтын ешкімге
карсы қоймайды.
Тарихи  болашағымыз  үшін  осынау  жауапты  сəтте  баршамыз
саналылык  пен  парасаттылык  көрсетіп,  байсалдылык  пен  ұстамдылық
сактауға  борыштымыз.  Қазіргідей  алмағайып  кезеңде  бұл  ерекше  қажет.
Сондықтан,  ардақты  ағайындар,  сіздердің  де  біздің  республикамыздың
өзіндік  ерекшелігін,  ұлтаралық  қатынастың  өте  нəзік  мəселе  екенін  ұдайы
ескерулеріңізді калаймыз.
Республикадағы  ұлтаралық  жарасым  ахуалын  орнықтыра  түсу
мақсатымен мен жақында халықтарды жақындастыруға аянбай үлес косқан
азаматтарға  арналған,  Президенттің  жыл  сайын  берілетін  Бейбітшілік  пен
рухани  татулык  сыйлығын  белгілеу  жөнінде  Жарлық  шығардым,  Оны
казақстандыктарға  ғана  емес,  шетелдіктерге  де,  оның  ішінде,  əрине,
отандастарымызға  да  беруіміз  мүмкін.  Бұл  іске  сіздердің  əрқайсыңыз  өз
үлестеріңізді коса аласыздар.
Бұл  дүниеде  біздің  бір  ғана  Отанымыз  бар,  ол  -  төуелсіз  Қазақстан.
Біз  туған  мемлекетіміздің  тəуелсіздігін  баянды  етуге,  куатын  арттыруға,
оның  игілігіне,  халықаралық  қоғамдастықта  абыройының  өсуіне  адал
қызмет  етуге  парыздармыз.  Ол  үшін  əрбір  азамат  еліміздің  тұтастығын,
жеріміздің  бүтіндігін,  халықтарымыздыға  жарастығын  аман  сақтай  білу
каншалықты үлкен тарихи жауапкершілік екенін жан-тəнімен сезінуі керек.
Бұл  жауапкершілікті  мен  Республика  Президенті  ретінде  де,  қазақ
халқының бір перзенті ретінде де толық сезінемін деп сіздерді сендіремін!
19

Халкымызда «Бөлінгенді бөрі жейді» деген макал бар. Осы уақытқа
дейін  бөлінгеннен,  жіктеліп,  жіліктенгеннен  көрген  зияннан  басқа  тапқан
пайдамыз жоқ. Біз дүние жүзі қазағын Алматыға əділетсіздікті де, касіретті
де,  қуғын-сүргінді  де  көп  көрген  халықтың  енді  басы  қосылса  екен  деп
жинап отырмыз.
«Бірінді, қазақ, бірің дос
Көрмесең, істің бəрі бос», -
деп  Абай  айтқандай,  басымыздың  косылатын,  ұлттық  ой-сананын
биіктеп, тұтасатын мезгілі əбден жетті.
Ұлы  Абай  айткан  өзге  міндерімізден  де  арылатын,  əсіресе,  ежелден
калмай,  жанымызды  жеп  келе  жаткан  күншілдікті,  бақастықты,  жел  сөзге
ерушілікті,  енжарлыкты  қоятын  кезіміз  жетті.  Өзіне  өзі  сын  көзімен
карамайтын  халық  болашағына  көп  үміт  арта  алмайды.  Біз  бойымыздағы
озығымыздан  үйреніп,  тозығымыздан  жирене  білсек  кана  өркениетті
мемлекет, енселі ел боламыз.
Қадірменді туыстар!
Бүгінгі  Құрылтайдьщ  басты  максаты  -  бүкіл  əлемдегі  қазақ
қауымының  болашағы  жөнінде  ойласу,  ұлтымыздың  тарихындағы  осынау
ерекше  белестің  тұсында  ендігі  тағдыр-  талайымыздың  калай  өрілетінін
талқылау.  Қазақ  диаспорасының  қалыптасуы  -  зерделі  жанды  таң
калдыратын  кұбылыс.  Əрбір  үш  адамның  біреуі  атамекенінен  жырақта
жүрген  қазақтан  баска  халықты  атау  киын  шығар.  Қазір  əлемнің  40-тан
астам  елінде  төрт  жарым  миллиондай  қазақ  өмір  сүріп  жатыр,  Қытайда,
Моңғолияда  казақ  ұйысып  отыр,  ағайындарымыз  Түркияда,  Иранда,
Ауғанстанда  көп,  Еуропада  да  аз  емес,  Америкада,  Канадада,  тіпті
алыстағы  Австралияда  да  бар.  Əркайсысының  тағдыры,  тұрмыс  халі  əр
түрлі.  Құбатөбел  күн  кешін  жүргендері  де  баршылық,  дəулеті  тасып,
айбыны асып тұрғандары да табылады. Бірақ бəріне тəн, бəріне ортақ нəрсе
-  сағыныш,  атамекенді  аңсау.  Шетелдік  сапарларға  шыкканда  отан-
достарымыз  іздеп  келіп,  ой-арманын,  мұн-мұқтажын  айтып  жатады.
Сырласа қалсаң, сай-сүйегің сыркырайды, арман-тілектерін тындасаң, жан-
жүрегің елжірейді.
Шеттегі казақтардың халықтык дəстурлерді сақтауы сүйсінтеді, тəнті
етеді.  Өткен  жылы  Түркияға  сапар  кезінде  Ыстамбұл  əуежайында
жиналған  ағайындардын  «Ақсарбас!»,  «Ақсарбас  -  деп  кол  жайып,  бірден
үш  ақсарбас  шалғаны  бізді  Қатты  тебірентті.  Мұндай  ықылас-пейілді  мен
күні кеше Германия мен Францияға барған сапарым кезінде де көрдім.
Атамекеннен  алыстағы  бауырларымыздың  ана  тілін  кадірлеуі,
20

кандай жағдайда да ұмытпағаны - біздің ұлт болып мактан тұтар нəрсеміз.
Не  мектебі,  не  кітабы,  не  теледидары,  не  радиосы,  тіпті  кейде  қазақ
көршілері де жоқ жердің өзінде ұл-кызымен қазақша сөйлесетіні куантады.
Соны көргенде баласының тіл білмейтінін кезінде қазақша мектептін уйден
алыстау
болғанымен
түсіндіруге
тырысатын
осындағы
кейбір
ағайындарымызды ойлал кайран қаламыз.
Əрине,  баска  елдердегі  бауырларымызды  кинайтын  мəселе  аз  емес.
Талай жыл бойы сіздерді, сіздердің ата-аналарынызды Кеңес өкіметі нақақ
айыптап  келген.  Осында  қалған  туысқандарыңыз  сіздермен  хат-хабар
алысу  тұрмақ,  барып  келу,  өлігіне  иман  айтып,  топырақ  салу  тұрмақ,
шетелде  ағайынымыз  бар  деуге  де  қорықты,  бұл  ауыр  айып,  қылмыстай
саналды.  Ауқаттының  бəрін  арсыздай,  кедейдің  бəрін  кереметтей  көрген
кешегі  дəуірде  туған  жерінен  қозғалмайтын  қазақ  жан  сауғалап  үдере
көшуге  мəжбүр  болды.  Ал  бізде  олар  тек  малы  үшін  туған  жерін  тастап
кеткен  адамдардай  айыпталды.  Қайта  оралуға  осында  өзін  күтіп  тұрған
жазадан қорқып, мыңдаған адам туған жерді бір көруге зар болған күйінде
өмірден өксіп өтті.
Біз  демократиялық  мемлекет,  адам  кұқығын  қорғайтын  қоғам  құру
жолына  түскен  ел  ретінде  тоталитарлық  жүйе  санамызға  сіңірмек  болған
мұндай тарихи əділетсіздікті, мұндай қатыгез идеологияны түп-тамырымен
айыптаймыз. Мұнан былай Қазақстан Республикасы адамды, оның өмірін,
бостандығы  мен  ажырағысыз  құқықтарын  ең  қымбат  құндылык  деп
танитын  жөне  өз  қызметін  азамат  пен  қоғам  мүдделері  үшін  жүзеге
асыратын болады.
Кеңес  Одағының  ыдырауына  байланысты  біз  қазір  Төуелеіз
Мемлекеттер
Достастығындағы
республикаларда
тұратын
бауырларымызды  да  отандастар  деп  санаймыз.  Қазір  «таяу  шетелдер»  деп
аталып  жүрген  бұрынғы  Кеңес  Одағы  республикаларында  1989  жылғы
санақ бойынша 1 миллион 600 мыңнан астам қазақ тұрады. Өзбекстандағы,
Түрікменстандағы, Кырғызстандағы қазақтар ана тілін, ұлттық мəдениетін,
əдет-ғұрпын  жақсы  сақтаған.  Мысалы,  бір  ғана  Өзбекстанның  өзінде  543
қазақ  мектебі  бар,  оларда  138  мың  бала  оқиды.  Қазақ  мектептері  кейінгі
кезде  өзге  республикаларда  да  көбейе  бастағаны  куантады.  Соңғы
жылдарда  Өзбекстанда,  Астраханьда,  Орынборда  қазақ  газеттері  жарық
көрді.  Көптеген  қалаларда  қазақ  мəдени  орталықтары  құрылып,  талай-
талай  игілікті  шаруа  атқаруда.  Атамекенен  алыста,  туған  жерден  жырақта
ұлтының  болашағын  ойлап,  қазақ  мəдени  орталықтарын  ұйымдастырып,
бауырларымызға  канатымен  су  сепкен  қарлығаштай  рухани  қазына
21

жеткізіп  жүрген  абзал  азаматтардың  талайы,  олардың  ізгілікті  ісіне
түсіністікпен  қарап,  қазіргідей  қиын  кезде  тиісінше  қолдау  көрсетіп
отырған
туыстас
елдер
үкіметтерінің,
жергілікті
əкімшіліктер
басшыларының  біразы  осы  Құрылтайдың  қадірменді  қонақтары  болып
отыр.  Орайлы  сəтті  пайдаланып,  біз  сіздерге  шынайы  ризашылығымызды
білдіреміз, ақ алғысымызды айтамыз.
Қадірлі  отандастарымызға  басын  ашып  айтар  тілектің  бірі  -
халқымыздың  «Кісі  дегінің  кілті  аспанда»  деғен  даналык  сөзін  ұмытпау.
Бұл  сөз  Казақстан  мен  қазақ  диаспорасы  арасындағы  карым-қатынаска
тікелей
қатысты.
Халықаралық
уағдаластықтарды
мойындап,
мемлекеттердін  бір-бірінің  ішкі  ісіне  араласпау  саясатын  қолдайтын
өрқениетті  ел  ретінде  Қазқстан  да  отандастарының  мұң-мұқтажын  олар
тұрып  жатқан  елдердің  басшылығымен  екі  жақты  келісім  арқылы  ғана
канағаттандыра
алатынын
түсінуге
тиіссіздер.
Мысалы,
жақында
Германиямен
кол
қойылған
келісімде
осында
тұратын
неміс
азаматтарының  мүдделерімен  қатар  сондағы  қазақ  азаматтарының
мүдделеріне  де  қамқорлық  жасау  көзделген.  Біздің  Түркиямен  де  осындай
келісіміміз бар.
Кезінде  Қазақстанға  караған  кейбір  аудандарды  республикаға
кайтару  жөніндегі  талаптарға  қатысты  мынаны  айтуға  болады.  Мұндай
ойланбай  айтылған  сөздер,  жауапсыз  жазылған  газет  Материалдары
бауырлас  халықтардың  арасына  жік  салып,  онсыз  да  ушығып  тұрған
ұлтаралық  қатынастарды  шиеленістіргенен  басқа  ештене  де  бермейді.  Біз
төуелсіз  мемлекеттердің  территориялық  тұтастығын  жақтаймыз,  бүгінгі
қалыптасқан  шекаралардың  мызғымауға  тиіс  екенін  қуаттаймыз,  аран-
датушылыққа ермейміз.
Қазір  біздін  ұлтымыздың  алдында  тұрған  ең  басты  міндет,  ең  қиын
міндет - Казақстаннын егемен мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының
негізгі  бағыт-бағдарын  дəл  айқындап,  сол  мақсатка  неғұрлым  тезірек
жетудің жолында аянбай енбек ету. Экономикалык дəулетіміз артпайынша,
рухани сəулетіміз де артпайтынын анық ұғынуымыз қажет.
Казақстаннын  дамуының  стратегиялық  мақсаттарына  жету  үшін  біз
саясат  саласында  ең  алдымен  жас  егемен  мемлекеттін  президенттік
республика ретінде қалыптасуын көздеп отырмыз. Бұл орайда мемлекеттік
құрылымның  ұлттық  белгілерін  қорғап,  оның  шайылып  кетуіне  жол
бермеуге  көп  көңіл  бəлеміз.  Сондықтан  біз  тұрғылықты  жұртымыздың
мүддесі  жекелеген  жағдайда  ерекше  ескерілуі  керек  екенін  айтпай  тұра
алмаймыз.  Бұл  əңгіме  ұлттық  мөденниет  пен  тілді  түлетуге,  қазақ
22

диаспорасымен  рухани-мəдени  жəне  баскадай  байланыстарды  қалпына
келтіруге,  Қазақстанды  тастап  кетуге  мəжбүр  болған  адамдардың  өз
Отанына  кайтып  оралуына  жағдай  жасауға  алдымен  қатысты.  Сондай-ақ,
көп  партиялы  жүйе  кұру,  коғамда  тұрақтылықты  қамтамасыз  ету,
Казақстанның  қауіпсіздігі  мен  егемендігін  қорғау  үшін  əскери-саяси  жəне
экономикалык
одақтар
жасау,
республиканың
дүниежүзілік
коғамдастықтағы  саяси  салмағын  арттыру  сияқты  міндеттер  алда  тұр.
Экономика  саласындағы  қазіргі  басты  шаруа  -  нарықтық  қатынастарды
қалыптастыру.  Сіздердің  көпшілігініз  осы  нарық  əлдеқашан  орныққан
елдерден келіп отырсыздар, адамша, лайықты өмір сүрудің неғүрлым тиімді
жолы  нарықты  экономика  екенін  жаксы  білесіздер.  Өркениетті,  дөулетті
елдердін  бəрі  де  осы  жолдан  өткен.  Егер  шындап  аяғымыздан  тік  тұрып,
өзгелер сияқты жөндеп өмір сүргіміз келсе, бұл жолға біз де түсуге тиіспіз.
Жүз  жылдық  тоталитаризмнен  тез  арада  демократиялык  коғамға
кешін,  аз  жылдар  ішінде  нарық  экономикасын  орната  салу  оңай
болмайтынына  көзіміз  жетті.  Табандылық  пен  шыдамдылык  керек.  Бүкіл
дүние жүрген жолмен біз де жүре алатынымызға күмөн жоқ.
Біз  үшін  материалдық  өндіріс  саласындагы  басты  бағыттарды
санамалап  өтер  болсақ,  алдымен  азык-түлік  жəне  халық  тұтынатын
тауарлар зəрулігін жоюды, кұрылыс жəне кұрылыс индустриясы базаларын
дамыттуды,
өнеркəсптің
шикізат
өндіру
салаларын
өркендетумен
шектелмей,  түсті  жөне  қара  металлургияны.  ғылымды  көп  кажет  ететін
өндірістер
мен
мəшине
жасауды
дамыттуды,
экологиялық
таза
технологияларды  енгізуді,  осы  замашы  инфракұрылымдарды  (келік,
байланыс,  энергетика,  туризм,  қонақ  үй  жүйесін)  ұлғайтуды  бəле  айтар
едім. Бұл сиякты шешімін күтіп тұрған мəселелер көп-ақ.
Бүгінгі киыншылығы мол заманда көңілімізге медеу болар бір жай -
қазақтардын  өз  атамекенінде  бас  тоғыстыруы,  əртүрлі  себептерге
байланысты  туған  жерден  үдере  көшіп  кеткен  туысқандарымыздың  өз
еліне  қайта  орала  бастауы.  Біздің  бəріміз  сарыла  күткен  ұлы  көштің  алды
атамекенге  жетті.  Мен  бұл  арада  алдымен  көршілес  елдерден  соңғы
жылдарда көшіп келіп жатқан туыскандарымызды айтып тұрмын.
Баспасөз
бетінде
республиканың
Министрлер
Кабинетінің
шетелдердегі  отандастарымызға  косымша  жеңілдіктер  жасау  жөнінде
қабылдаған  каулысы  жарияланды.  Оның  Бұлжытпай  орындалуын  назарда
ұстайтын боламыз.
Республикамыздың
парламенті
«Көшіп
келу
туралы»
Зан
Кабылдады.  Мемлекетіміздің  еғемендігі  мен  өзіндік  сипатына  нұқсан
23

келтірмеу максатымен жана занда сырттан көшіп келу тартібі бұрынғыдан
əлдекайда  катайтыла  түсті.  Сонымен  қатар,  ол  Заңда  сыртта  жүрген
отандастарымыздың  елге  оралуына  байланысты  көптеген  жеңілдіктер
жасау  көзделген.  Мұндай  артықшылдық  «Азаматтық  туралы»  Занда  да
айрықша  ескерілген.  Егер  өздеріңіз  тұратын  елдің  заны  бойынша  кос
азаматтыққа  рұксат  етілген  болса,  ендігі  жерде  сіздер  республикаға  көшіп
келмей-ак Қазақстанның азаматтық ала аласыздар.
Алдағы
кабылданатын
бірқатар
заңдарда
да
шетелдік
отандастарымыздың  мүдделері  жан-жакты  ескерілетін  болады.  Қысқасы,
тəуелсіз Қазақстанның кең кұшағы сіздерге əркашан ашык, бауырлар!
Əрине,  кай  жерде  өмір  сүру  -  əр  адамнын  жеке  өзі  шешетін  мəселе.
Оның үстіне өзі тұратын елдің заңына сəйкес шешілетін мəселе. Қазақ үшін
басқа  елге  көшу  тұрмақ  басқа  ауылға  көшудің  өзі  киын.  Оның  үстіне
шетелдегі  ағайындардын  басым  көпшілігі  Қазақстанда  тумаған,  өскен
ортасы, алған тəрбиесі басқаша. Оның бəрін жақсы түсінеміз. Сондыктан да
дүние  жүзіндегі  қазақтар  кай  елде  жүрсе  де  өзін  Қазақстанның  өкілі
сезінетіндей, қазақ азаматы сезінетіндей жағдай жасау - біздін болашақтағы
мəртебелі  міндетіміздің  бірі.  Қазақ  азаматы  кай  жерде  де  өз  ұлтының  озық
дəстүрлерін,  тілін  сақтаса,  асыл  қасиеттерін  ардақ  тұтса,  атамекенге  деген
сезімін  əлпештей  білсе,  туған  халқы  алдындағы  перзенттік  парызын  өтеп
жүр  деп  білеміз.  Сіздердін  рухани  талап-тілектеріңзді  қанағаттандыруға,
қазақ
мəдениетінін:
хал-ахуалынан
хабардар
болуларынызға,
ұл-
қыздарыңыздын ана тілін үйренуіне қолдан келгенше камкорлық жасауды
республика  үкіметі  алдағы  кезде  назарда  ұстамақ.  Мұнын  бəрінің
ойдағыдай  жүзеге  асуы  Қазақстанның  қазіргі  экономикалық  дағдарыс
кыспағынан  калай,  кашан  шығатынына  байланысты.  Əзірше  қысқа  жіп
күрмеуге келмей тұрған жайы бар.
Осы  Құрылтайдың  барысында  кұрылған  əлем  қазақтарынын
орталығына Бұл орайда көп міндет жүктелмекші. Ол ұлт өмірін жан-жақты
зерттеп,  казақтардын  əлеуметтік-əкономикалық,  мəдени,  рухани  тыныс-
тіршілігіндегі  ең  өзекті  деген  мөселелерді  терең  талқылай  отырып,  тиісті
орындарға  нақты  ұсыныстар  жасауы  керек.  Ұлт  бірлігін  нығайтудын
ұйыткысы  болуы  керек.  Шетелдердегі  казақтардың  өзіндік  ерекшеліктері,
талайғы  тарихы  арнайы  зерттеуді  қажет  етеді.  Бізде  жер  бетіндегі  қазақ
ұлтының тарихы кешенді түрде зерттеу аркауы болып көргей емес. Жалпы,
бізде  қоғамды  дамытудағы  тап  күресінің  орны  тым  асыра  бағаланатын  да,
ұлт идеясының мəн-манызы кемітіліп көрсетілетін.
Күні кешеге дейін Казақстаннан тыскары тұратындардың берін шет
24

жерде  жүргендей  көру,  үркіншілік  жылдары  көшіп  кеткендердің  бəрін
Отанын тастап қашқан опасыздар деп санау əдетінен арыла алмадық. Бірақ
шындық басқаша еді. Кешегі «ақ қашып, кызыл куған» төңкеріс тұсындағы
кырғынға  шыдамай,  жаппай  коллективтендіру  кезінде  албарда  аша  тұяқ
калдырмаған  сорақылыкка  төзбегендер  шетелдерде  өзінше  тіршілік  кешін
жаткан  өз  бауырларына  барып  паналады,  сондағы  қаймағы  бұзылмаған
қалық қазақты көңіліне медеу етіп, пана тұтты. Қазіргі Қазақстанның жан-
жағында  ежелден  қазақтар  мекендеген  өңірлер  көп  екені  бəрімізге  белгілі.
Қазақ диаспорасы тек əмшрация негізінде жасалған емес, оның өзгелерден
түбірлі  айырмашылығы  да  осында.  Бүгінгі  орайлы  сəтті  пайдаланып,  мен
біздің  халкымыздың  атыған  шетелдердегі  отандастарымызды  қиын  кезде
бауырына  тартқан,  қамқорлық  көрсеткен  барша  елдердің  басшыларына
шын жүректен шыққан алғысымды айтқым келеді.
Қадірменді бауырлар!
Қазақ халқы тағы да тарих талқысына түсіп тұр. Біз тəуелсіздік туын
тіккен  кезең  -  дүниенің  дидары  өзгеріп,  əкономикалық  дағдарыс  күшейіп,
ұлт  пен  ұлттың  арасын  қосу  киынға  түскен  тұсқа  тап  келді.  Əлем
мұхитына  өз  бетімізбен  жаңа  ғана  жүзіп  шығып  жатырмыз.  Қазақстан
Республикасы - буыны жаңа беки бастаған жас мемлекет. Осы бір жылдың
шшде-ақ мемлекет құрудың қандай қиын, қандай күрделі іс екеніне көзіміз
анық  жетті.  Шүкіршілік  етейік.  Бүгінде  Қазақстан  əлемдік  аяда
экономикалық  қуаты  үлкен,  болашағы  зор  республика  ретінде  ғана  емес,
қоғамдық-саяси  ахуалы  тұрақты,  болашағы  сенімді  мемлекет  ретінде  сый-
құрметке  еленіп  отыр.  Біз  бұл  құрметтің  қадір-қасиетін  бағалай  білуіміз,
1шкі-сыртқы  саясаттағы  өр  қадамымызға  ерекше  жауап-кершілікпен
қарауымыз  керек.  Халықаралык  карым-қатынастарымызда  біз  дүниедегі
барлық  елдермен,  өсіресе,  көршілес  Ресеймен,  Қытаймен,  түбі  бірге
туыстарымыз - Түркиямен, Орта Азия республикаларымен, бүкіл мұсылман
əлеміндегі  мемлекеттермен  жан-жакты  ынтымақтастық  тиімді  өзара  көмек
саясатын  ұстанамыз.  Тіл-көзден  сактасын,  казір  бағытымыз  дұрыс,
қарқынымыз жақсы.
Қазақстандағы  тыныш  ахуалды  Бұлдіруге  ыкпал  жасауы  ыктимал
күштерді  біз  көріп  те  отырмыз.  Астам  пиғылдағы  саяси  содырлардың
жекелеген  арандату  əрекеттеріне  де,  тұрғылықты  ұлттын  мүддесін
көздейміз  деп  жүріп  асыра  сілтеуге,  кызбалыкқа  бой  алдыратын  түрліше
топтардын  іс-кимылына  да  біз  əркашан  тиісінше  бағасын  беріп  отыратын
боламыз.
Ардакты  ағайын!  «Орнында  бар  оналар»  дейтін  еді  халкымыз.
25

Шүкір,  ел  орнында,  жер  орнында.  Жерге  жетер  ештеңе  жоқ  жерден  өтер
байлык жоқ. Жер болса - ел болады, ел болса - ер болады. Осындай жеріміз
барда, еліміз барда, өздеріңіздей еріміз барда біз ешкімнен кем болмаймыз!
Заман  тыныштығын  берсе,  бүгінгі  дағдарыстан  да  шығармыз.
Төуелсіз Қазақстан дəулетіне сəулеті сай куатты мемлекетке айналар. Қазақ
халқы  əлемдік  өркениетке  казіргіден  гөрі  комакты  үлес  косар.  Даламызда
да,  каламызда  да  шадыман  тұрмыс,  шат  тірлік  орнар.  Бұйыртса,  бүгінгі
Құрылтайға
катысқан
кадірменді
конактарымыздың
өзі
туған
Қазақстанымыздың гүлдеп-көркейгеніне таяу жылдарда-ақ куə болады деп
көміл сенеміз.
Қымбатты туыстар!
Біз  ұлы  жолға  шықтың,  арманды  сапарға  аттандық.  Қолымызда  -
тəуелсіздіктің  көк  Туы,  Елтаңбамызда  -  бар  халықтың  басын  біріктірер
киелі  шанырағымыз,  арманымызды  алға  аларар  қанатты  пырактарымыз
бар.
Лайым, бетімізден жарылқасын!
Үлкен  жолдың  үстінде  бізді  ата-бабаларымыздың  аруағы  желеп-
жебеп жүре берсін!

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет