Біз бірінші бөлімде астрономияда нүктенің кеңістіктегі орнын анықтауда қолданылатын координат жүйелерін қарастырғанбыз



бет10/11
Дата07.01.2022
өлшемі195,96 Kb.
#17689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
3-дәріс. Уақыт ЖӘНЕ ОНы өлшеу

9 Қазақша жыл аттары. Мүшел
Қазақта жыл басы наурыз айының 22-нен басталады. Он екі жыл бір айналғанда бір мүшел толды деп есептелінеді. Жыл басы ”тышқан” жылынан басталады. Бірінші мүшелге 12 жаста кіріп, 13 жаста мүшелден шығады. Оған он екі жылдан қосып отырсаңыз, келесі мүшел шығады. Григориан күнтізбесі 1 қаңтардан, мүшел есебі 22 наурыздан басталатындықтан, 1 қаңтар мен 21 наурыз аралығындағы уақыт ескі жылдың санатына ілінетінін естен шығармау керек.

Өзінің қай жылы туғанын қазақша атау бойынша білгісі келгендер туған жылын он екіге бөлу керек. Қалдықсыз бөлінсе, “мешін” жылы болғаны, қалдық біреу болса, ол – “тауық”, екеу болса – “ит”, үшеу болса – “доңыз”, төртеу болса – “тышқан” жылы болғаны, сөйтіп әрі қарай кете береді.

Төмендегі кестеде біздің жыл санауымыздан бастап 21 ғасырдың аяғына дейін жылдардың қазақша орналасу кестесі келтірілген.

Кестеден кез келген ғасыр тауық, сиыр, жылан жылдарынан басталып, тышқан, ұлу, мешін жылдарымен аяқталатынын көреміз, мысалы, 1 ғасыр – тауық, II ғасыр – сиыр, III ғасыр – жылан жылдарынан басталатынын бір рет қарағанда-ақ білуге болады.



Кестені пайдалану әдісі оңай. Мысалы, Күлтегін дүние салған 731 жыл мүшел есебінің қай жылына сәйкес келетіндігін білу қажет болса, жылдар кестесіндегі VIIІ санының түйісетін тұсын қарау керек (731 жыл - 8 ғасыр). Яғни, 731 жылы қой жылына сәйкес келеді (кестеде боялған). Үстіміздегі 2011 жыл ХХІ-ғасырға жатады. Жылдар кестесінен 11 санына ХХІ-ғасырға сәйкес бағана бойынша қоян жылының дәл келетінін жеңіл анықтауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет