Біз бірінші бөлімде астрономияда нүктенің кеңістіктегі орнын анықтауда қолданылатын координат жүйелерін қарастырғанбыз



бет4/11
Дата07.01.2022
өлшемі195,96 Kb.
#17689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
3 Уақыттың жаңа түрлері
Бірақ тәуліктің ұзаруы бірқалыпты өтпейді. Жалпы баяулаумен қатар тәулік ұзақтығының жылдық тербелісі болады. Жыл сайын маусымнан қарашаға дейін Жердің айналуы жылдамдайды, ал қарашадан маусым айына дейін – бәсеңдейді, және бұл тербелістердің салыстырмалы шамасы дейін жетеді. Олар ең алдымен жер атмосферасындағы маусымдық өзгерулерге байланысты. Сонымен қатар, айналу жылдамдығының кездейсоқ өзгеруі де байқалады, ол Жер ішіндегі массаның таралуының өзгеруіне байланысты. Жалпы ғасырлық баяулауға келетін болсақ, оның негізгі себебі – тасу күштерінің әсері, мұнда Жердің айналу энергиясының бір бөлігі жылу энергиясына айналып, ал бір бөлігі Айға беріледі. Нәтижесінде, Жер-Ай жүйесінің импульс моменті қайта таралады: Ай Жерден бірте-бірте алыстайды және Айдың импульс моменті артады, ал Жердікі – азаяды.

1984 жылы техниканың дамуы жаңа эталондық уақыт бірлігінің – атомдық секундтың пайда болуына алып келді, ол цезий атомының 133Cs изотопының негізгі күйінде екі аса нәзік деңгейлерінің арасындағы 9192631770 өтуіне сәйкес келетін сәулеленуге тең. Атомдық секунд негізінде жасалған уақыт шкаласы атомдық уақыт деп аталады, ал оның нөлпункті 1955 жылғы дүниежүзілік уақытпен сәйкес келеді. Атомдық уақыттың қателігі шамамен , уақыттың дәл сигналы атомдық сағаттардан беріледі.

Дүниежүзілік уақыттың атомдық уақыттан артта қалуына байланысты дүниежүзілік үйлестірілген уақыт енгізілді, ол UTS немесе ДҮУ деп белгіленеді. Ол да атомдық секунд негізінде жасалынған, бірақ оның сандық мәндері дүниежүзілік уақыттан 0,9 секундқа ерекшеленеді, ал атомдық уақыттан – міндетті түрде бүтін секундтарға ерекшеленеді. Жер айналуының ғасырлық баяулауы арқасында дүниежүзілік уақыт атомдық уақыттан бір жылда шамамен бір секундқа артта қалады. Сондықтан орта есеппен жыл сайын календарлық тәуліктің кез келген күніне бір секунд қосамыз.

1976 жылы Ай мен планеталардың қозғалыс теориясын анықтау және релятивистік түзету есебі тағы да екі жаңа уақыт шкаласын енгізуге мүмкіндік берді: жерлік динамикалық уақыт (ТDT) және барицентрлік динамикалық уақыт (ТDВ).

Жердің динамикалық уақытының масштабы эфемеридтік уақыттың масштабымен бірдей, тек Жердің центріне қатысты көрінерлік геоцентрлік эфемеридалардың тәуелсіз аргументі болып табылады. Барлық аспан денелерінің көрінерлік эфемеридалары және Жердің жасанды серіктерінің эфемеридалары осы уақытпен анықталады. Практикада TDT-ны эфемеридтік уақыттың жалғасы ретінде қарастыруға болады. TDT дүние жүзілік уақытпен UT мына қатынас бойынша байланысады:

(5.11)
1999 жылға түзету бойынша .

Барицентрлік динамикалық уақыт Күннің ауырлық центрінің бүкіл Күн жүйесінің ауырлық центріне (барицентріне) қатысты қозғалысын ескереді. Ол Күн жүйесінің ауырлық центріне қатысты есептелінеді және Күн жүйесіндегі барлық денелердің қозғалысының гравитациялық теориясының ньютондық жуықтауының дифференциалдық теңдеулерін құруға негіз болып табылады.



Ақыры, 1991 жылы Халықаралық астрономиялық одақ тағы да 3 жаңа уақыт шкаласын қолдануды ұсынды: барицентрлік координаттық уақыт TCB, геоцентрлік координаттық уақыт TCG және жерлік уақыт ТТ. Бұл уақыттар бір-бірінен Күннің, Жердің массалар центріндегі және Жер бетіндегі гравитациялық потенциалдың ерекшеліктеріне байланысты енгізілген. Практикада жерлік уақытты (ТТ) жерлік динамикалық уақыттың (TDT) жалғасы деп есептеуге болады. Жергілікті уақыт UTC-пен былай байланысады:
(5.12)
1992 жылғы 1 шілдедегі түзету бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет