Біз бірінші бөлімде астрономияда нүктенің кеңістіктегі орнын анықтауда қолданылатын координат жүйелерін қарастырғанбыз


Жергілікті, белдеулік және декреттік уақыт



бет3/11
Дата07.01.2022
өлшемі195,96 Kb.
#17689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
2 Жергілікті, белдеулік және декреттік уақыт
Жергілікті орташа уақытты азаматтық өмірде қолдану қолайсыз. Әр қала өзінің уақытымен өмір сүру керек болады да, олардың арасындағы байланыс қиындайды, себебі біз бір елді мекеннен екінші мекенге өткен сайын уақытқа түзету енгізіп отыруымыз керек болады. Сондықтан бойлық бойынша көп созылмаған елдерде жергілікті астана уақытымен сәйкес келетін бірыңғай уақыт енгізілген. Мысалы, Англия, Франция, Германия және тағы басқа бірқатар елдерде осылай алынған. Бірақ бойлық бойынша алшақтығы үлкен елдерде мұндай шешім дұрыс болмады. Сондықтан белдеулік уақыт енгізілді, мұнда бүкіл Жер шары әрқайсысының ұзақтығы болатын 24 белдеулік сағатқа бөлінді және 0-дік белдеудің орта меридианы Гринвичтік меридианға сәйкес келеді деп есептелінді. Сағаттық белдеулер шығысқа қарай сайын өседі (,,, ...), ал олардың шекаралары орталық меридианнан шығысқа және батысқа қарай 7o,5 ығысқан (0-ші белдеу - 352o,5-тан 7o,5-қа дейін, 1-ші белдеу - 7o,5-тан 22o,5-қа дейін, 2-ші - 22o,5-тан 37o,5-қа дейін және т.с.с.). Әр белдеу ішіндегі уақыт бірдей және орталық меридианның уақытына сәйкес келеді. Сонымен әртүрлі сағаттық белдеулердің уақыттары бір-бірінен сол белдеулердің нөмірлерінің айырымына тең бүтін сағатқа айырылатын болды.

Негізінде сағаттық белдеулер бойлықтар бойымен дәл өтпейді, мемлекеттер шекарасымен, ал бір мемлекет ішінде администрациялық аймақтардың немесе табиғи түзілістер – таулар мен өзендер арқылы өтеді. Әйтпесе бір аудан немесе бір қаланың өзі әртүрлі сағаттық белдеуге түсіп қалуы мүмкін. Ол тұрмысқа, шаруашылыққа ыңғайсыз.

2004 жылғы реформаға дейін біздің мемлекетімізде UTC+3, UTC+5 және UTC+6 үш сағаттық белдеу енгізілген және жазғы уақытқа ауысу болатын. Үшінші сағаттық белдеуде жатқан Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының уақыты Москва уақытымен бірдей болды. Бесінші белдеуге Ақтөбе, Қостанай, Қызылорда облыстары, алтыншы белдеуге Ақмола, Алматы, Жамбыл, Қарағанды, Өскемен, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Шымкент, облыстары біріктірілген болатын.

Реформа екі этап бойынша жүргізілді:

1. 2004 жылы Қостанай және Қызылорда облыстары қысқы уақытқа өткен жоқ.

2. 2005 жылы Ақтөбе облысы жазғы уақытқа өтпеді, ал Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстары қысқы уақытқа көшкен жоқ.

Осы реформалардан кейін аталған облыстардың сағат айырымдары жоғалып, 2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы UTC+5 және UTC+6 екі сағаттық белдеуге бөлінді. Бесінші сағаттық белдеуге Ақтөбе, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстары, алтыншы сағаттық белдеуге – Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Өскемен, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстары біріктірілді.

Жергілікті орташа күндік уақыт немесе белдеулік уақыт Жердің өз осінен айналуына байланысты. Бірақ олар нақтылы күнтізбелік даталарға байланысты емес. Географиялық бойлықтар шектелмеген, себебі батысқа немесе шығысқа қарай шексіз жүре беруге болады. Мысалы, батысқа қарай орын ауыстырғанда белдеулік уақыттардың талаптарына сәйкес жуықтап әрбір сайын сағатты 1 сағат артқа жылжытып отыру керек, яғни барлық 24 белдеуді кесіп өткеннен кейін бастапқы сағаттық белдеуге қайтып келеміз. Бірақ алдыңғы айналымдағы «жергілікті» датаны аламыз (бір тәулік бұрынғы). Ең алғаш рет мұндай құбылыс Жер шарын ең бірінші айналып шыққан Магеллан экспедициясының қатысушыларына белгілі болған, бұл оларды тығырыққа тіреді. Датадағы қателікті жою үшін жаңа дата басталатын даталардың ауысу сызығы (демаркациялық сызық) туралы халықаралық келісім енгізілді. Жаңадан ыңғайсыз жағдай тудырмау үшін бұл сызық географиялық меридианмен Тынық мұхиттың қоныстанылмаған облыстары арқылы жүргізілді. Ол оңтүстік-шығыс Азияда елді мекендер мен аралдарды баспас үшін аздап ауытқиды. Демаркациялық сызықты батыстан шығысқа қарай кесіп өткенде аптаның күнін бір күнге артқа шегеру, ал шығыстан батысқа кесіп өткенде – алдыға жылжыту келісілген.

Әрине бұл келісімдердің Жердің полюстерінде тұратын ақ аюлар мен пингвиндер үшін немесе Жерді айналып ұшып жүрген космонавтар үшін еш мағынасы жоқ

1930 жылдың 16 шілдесінен бастап ССРО үкіметінің арнайы декреті бойынша елдегі барлық сағаттар 1 сағат ілгері жылжытылды және ол декреттік уақыт деген атқа ие болды. Ол жаз мезгілінде электр энергиясын үнемдеу мақсатында жасалған. Декреттік уақыт бойынша Күн жай шығады және кешірек батады. Ал жаз мезгілінде көптеген адамдар бәрібір Күннің шығуынан кешірек оянады, сондықтан күннің кешірек батуы кешқұрым 1 сағатқа электр энергиясының шығындарын азайтуға мүмкіндік береді, өйткені қараңғы кеш түседі.

Бойлығы болатын -ші сағаттық белдеудің белдеулік және декреттік уақыттың дүниежүзілік және жергілікті орташа уақытпен байланысы былай өрнектеледі:

. (5.8)

. (5.9)

Мұндағы мен сағатпен берілген.

Кешкі жарықтандыру электр энергиясын үнемдеу мақсатымен жыл сайын 1981 жылдан бастап ССРО-да жазғы декреттік уақыт енгізілді. Бірақ барлық облыстары мен республикаларда енгізілмеді. Көктемгі-жазғы маусым басында сағат тағы да 1 сағатқа алдыға, ал соңында, яғни жазғы науқан аяқталар кезде – қайтадан 1 сағат артқа жылжытылды. Бірақ жаз уақыты әрекетінің бастапқы және соңғы мезгілдері бірнеше рет өзгертілді. БАГҰ-ның әр жылғы астрономиялық календарының мәліметтері бойынша 1981 жылдан 1985 жылға дейін ол 1 сәуірден 1 қазанға дейін енгізілген, 1986 жылдан бастап наурыз айының соңғы жексенбісіндегі түнгі сағат 2-ден қыркүйек айының соңғы жексенбісіндегі түнгі сағат 3-ке дейін. Ал 90-жылдардың ортасында наурыз айының соңғы жексенбісіндегі түнгі сағат 2-ден қазан айының соңғы жексенбісіндегі түнгі сағат 3-ке дейін жазғы уақыт енгізілді.

Сонымен жазғы уақыт былайша жазылады:


(5.10)
ХХ ғасырдың бірінші жартысында Ай, Меркурий және Шолпанның теориялық және бақыланатын қозғалыстарының арасында айырмашылық бар екені байқалған болатын, және егер олардың эфемеридаларын бірдей уақытқа өзгертсе, бұл айырмашылықтарды толық жоюға болатындығы белгілі болды. Жаңа жоғары дәлдіктегі сағаттардың пайда болуы бұл айырмашылықтардың Жердің айналуының біркелкі еместігінен екендігін дәлелдеді. Егер жақсы маятникті сағаттар бір тәулікте секундтың жүзден бір бөлігіндей қате жіберетін болса, яғни олардың дәлдігінің реті болса, ал ХХ ғасырдың ортасында пайда болған кварц сағаттардың дәлдігі дейін жетеді, ал қазіргі кездегі молекулалық және атомдық сағаттардың дәлдігі шамасында.

Сонымен, жоғары дәлдіктегі сағаттарды жасау сенімді бірқалыпты уақыт алуға мүмкіндік берді. Бірқалыптылыққа жету үшін 1952 жылы Халықаралық астрономиялық одақтың 8-съезінде бір секунды 1900-ші тропиктік жылдың ұзақтығының 1/31556925,9747 бөлігіне тең – эфемеридтік уақыт (ЕТ) – уақыттың жаңа шкаласы енгізілді. Эфемеридтік уақыттың нөлпункті 1900 жылдың 0 қаңтарының 12 сағатына сәйкес келеді. Кейінірек Жердің баяу айналуы негізінде дүниежүзілік уақыт эфемеридтік уақыттан артта қалып отырды, ET = UT + ΔT, мұндағы ΔT — Жердің айналуының ғасырлық баяулауы. Орта есеппен бір тәулік ұзақтығы жүз жылда 0,0015 секундқа дейін артқан, және 1983 жылы артта қалушылық 45,5 секундқа дейін жеткен (1900 жылдан бері 83 жыл өтті, онда ).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет