Біз бірінші бөлімде астрономияда нүктенің кеңістіктегі орнын анықтауда қолданылатын координат жүйелерін қарастырғанбыз



бет7/11
Дата07.01.2022
өлшемі195,96 Kb.
#17689
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
6 Юлиандық күнтізбе
Күнтізбені - периодты түрде қайталанып отыратын табиғат құбылыстарын - күн мен түннің ауысуын, ай фазалары мен жыл мезгілдерін пайдаланып, ұзақ уақыт аралықтарын есептеу жүйесі ретінде анықтауға болады. Бірақ бір тәуліктің созылуын, синодтық айды және тропиктік жылды бір-бірімен салыстыруға болмайтындықтан, олардың негізінде анық және қарапайым күнтізбе құрастыру мүмкін емес. Әр кезеңде, әртүрлі халықтарда қолданылған күнтізбелерді үш түрге бөлуге болады.

Айлық күнтізбелерде бір жыл әрқайсысының ұзақтығы синодтық айға жақын, саны анықталған, мысалы, 12 айға бөлінген, олардың жыл мезгілдеріне қатысты орналасуына назар аударылмаған. Күндік күнтізбелерде күнді есептеу негізіне жыл мезгілдерінің ауысуы алынған, бірақ Ай фазазалары есепке алынбаған. Күндік-айлық күнтізбелерде уақытты есептеу аймен, ал жылдың ұзақтығы жыл мезгілдерінің ауысуымен байланыстырылған, сондықтан оны қолдану ерекше қиындығымен ерекшеленді.

Осы күнгі күнтізбенің алғашқы жуық нұсқасын біздің эрамызға дейін 46 жылы белгілі Рим қолбасшысы және жазушысы Гай Юлий Цезарь (б.э.д 100-44 жылдар) енгізген, оны құрастыруда Мысыр астрономдарының біліктілігін қолданған (жаңа күнтізбені жасауға александриялық астроном Созиген қатысқан). Оның негізіне ұзақтығы 365,25 тәулікке тең күндік жыл алынған. Күнтізбелік жыл тек бүтін сандық тәулік бола алатындықтан, әр төрт жылдағы үш жыл 365 тәулікке созылған, ал төртіншісі – 366 тәулік болған. Кейіннен бір күні артық жыл «annus bissextus» деп аталған, осыдан қазіргі кездегі аты «кібісе жыл» шыққан.

Реформаның алдындағы ежелгі Римнің күнтізбесі айлық-күндік болған, онда әр айдың бастапқы күндері календа деп аталған («календариум» - қарыз кітап деп аталған, осы айдың алғашқы күндерінде қарыздардың пайыздары төленген). Бұл күнтізбе аты реформадан кейін де сақталды және «күнтізбе» сөзі осыдан шыққан. Бірақ жаңа күнтізбе таза күндік күнтізбе болды, онда ескі айлы-күндік күнтізбесінен айға бөлу сақталды – олар Ай фазасымен байланысын үзгенімен күндік жылдың ішкі құрылымының бірлігіне айналды.

Реформаға ұшырыған күнтізбеде бір жыл 12 айға бөлінген, олардың аттары ежелгі Рим күнтізбесінен алынған: Мартиус (соғыс құдайы Марстың құрметіне), Априлис (aperire - «ашылу» немесе apricus «Күнмен қыздырылатын»), Майус (Жер құдайы Майяның құрметіне), Юниус (аспан құдайы Юнонаның құрметіне), Квинтилис (бесінші), Секстилис (алтыншы), Септембер (жетінші), Октобер (сегізінші), Новембер (тоғызыншы), Децембер (оныншы), Януариус (құдай Янустың құрметіне) және Фебруариус (жер асты патшалығының құдайы Фебруустың құрметіне) қойылған. Реформаға дейін жылдың басы 1 наурыздан басталған, сондықтан бесінші ай мен оныншы ай аралығындағы ай аттарын қарапайым реттік сандармен атаған.

Жаңа күнтізбесінде Юлий Цезарь айлардың ішіндегі тақ нөмірлі айда 31 күн, жұп нөмірлі айда 30 күн болатындай келтірген. Ақпан айы ғана жәй жылдарда 29 күннен, ал кібісе жылы – 30 күннен тұрған. Сонымен қатар, б.э.д 45 жылы жаңа айдың тууымен сәйкес келген күн - 1 қаңтарды жылдың басына ауыстырды. Екі жылдан кейін Юлий Цезарь өлтірілгеннен кейін осы күнтізбе реформасына және әскери жетістіктеріне алғыс ретінде Рим сенаты Цезарьдың туған айы Квинтилиустын атын Юлиус деп ауыстырады. Кейіннен б.э.д 45 жылдың 1 қаңтарынан басталатын осы күнтізбе Юлиандық деген атқа ие болды.

Бірақ кейінен кібісе жылы деп әр төртінші жыл емес үшінші жыл хабарланатын болды және б.э.д. 44-жылдан 9 жыл аралығында 9 кібісе жылдың орнына 12 кібісе жыл болды. Бұл қателікті император Август түзеді, өзіндік бастамасы бойынша ол 16 жыл ішінде (б.э.д. 9 жылдан бастап б.э. 8 жылда) кібісе жылы болмаған. Нәтижесінде Юлиан күнтізбесі біздің эрамыздағы 4 жылдың 1 наурызынан бастап тұрақты қолданыла бастады. Күнтізбенің түзетілуі және әскери жетістіктеріне алғыс білдіріп, сенат тағы да Секстилиус айының атын Августус деп өзгертті. Бірақ осы айда 30 күн болғандықтан, оған Фебруарустан алынған бір күн қосады. Ал үш ай бірдей (Юлиус, Августус және Септембер) 31 күннен тұрмау үшін Септемберден бір күн Октоберге берілді, ал Новемберден Децемберге берілді. Осыдан Цезарь енгізген ұзақ және қысқа айлардың кезектесу тәртібі бұзылған, ал қарапайым жылдағы бірінші жарты жыл екіншісінен 4 күні қысқа болады. Айлардың Римдік атаулары осы күнге дейін сақталуда.

Қарастырылып отырған күнтізбенің ішкі құрылысының соңғы бірлігі апталар тарихы одан да қызық. Уақытты жеті күннен тұратын аптамен өлшеу Ежелгі Вавилоннан келген және ол да айлық айды төрт бөлікке бөлудің нәтижесі ретінде айдың фазасымен байланысқан. Айдың фазасына нақтырақ қарағанда апта жеті немесе сегіз күннен тұру керек (өйткені синодтық айдың әр бөлігі 29,53059/4~7,383 тәуліктен тұрады), бірақ ыңғайлы болу үшін оны жеті күндік деп қабылдаған. Сонымен қатар, жеті санын сиқырлы деп қарастырған және де сол кезде Күн мен Айды қосқанда жеті планета белгілі болған.

Ежелгі Вавилонда пайда болған астрология бүкіл халықтың және жеке адамдардың тағдырын планеталармен байланыстырған. Тәулікті 24 сағатқа бөліп, астрологтар тәуліктің әрбір сағаты белгілі бір планетамен байланысты деп есептеген. Сағатты санау сенбіден басталған, оның бірінші сағатын Сатурн «басқарған», екіншісін – Юпитер, үшіншісін – Марс, төртіншісін – Күн, бесіншісін – Шолпан, алтыншысын – Меркурий және жетіншісін – Ай (Жерден орналасқан қашықтығы реті бойынша, сол уақыттағы түсінік бойынша). Одан әрі бұл цикл қайталанып отырған, Сатурн 8-ші, 15-ші және 22-ші сағаттарды басқарған, Юпитер 9-шы, 16-шы және 23-ші және т.с.с. Осындай схема бойынша бірінші күннің бірінші сағатын Сатурн, екінші күннің бірінші сағатын Күн, үшінші күннің бірінші сағатын Ай, төртінші күннің бірінші сағатын Марс, бесінші күннің бірінші сағатын Меркурий, алтыншы күннің бірінші сағатын Юпитер, жетінші күннің бірінші сағатын Шолпан басқаратын болады. Апта күндері «өз» планеталарына сай атауларын алған, кейін бұл атаулар римдік күнтізбеге ауысты. Сол үшін Еуропаның көптеген халықтарының күнтізбесі біраз өзгерісімен болады. Мысалы, ағылшындар сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі және жұма атауларын Скандинавия аңыздарынан алған, онда Тиу – Марсқа, Водан – Меркурийге, Тор – Юпитерге, Фреге – Шолпанға сәйкес келеді. Қазіргі заманғы ағылшын атаулары осыдан шыққын: «Tuesday», «Wednesday», «Thursday» және «Friday». Қалған үш күн дәстүрлі түрде аударылады: «Saturday» – Сатурн күні, «Sunday» – Күн күні, «Monday» – Ай күні.

Планета атауларымен байланысынан бөлек, көптеген тілдерде апта күндері кейбірі (кейде бәрі) өзінің атауларын реттік нөміріне байланысты алған. Ежелгі Вавилонда жексенбіден басталатын күндер нөмірлері қолданылады. Славян тілінде де кейбір апта күндері нөмірленген және жексенбіден бастап саналған (мысалы, мұсылмандарда бірінші күн сенбі деп саналады). Славяндарда жексенбі апта деп аталған, яғни ештеңе жасамайтын (демалыс) күн және де осы атау орыс тілінен басқа славян тілдерінде сақталып қалған. Орыс тілінде «апта» атауы барлық жеті күнге берілген, ал келесі бес күн қарапайым айтылады. Понедельник – аптадан кейінгі бірінші күн, вторник – екінші, среда – ортаңғы күн (ескі славян тілінде оның ежелгі атауы бар – третийник), четверг – төртінші, пятница – бесінші. Вавилондықтарда Сатурн күні жұмыспен айналыспайтын сәтсіз күн болып саналған және ол аптаның соңғы күніне ауыстырылып «тыныштық» деген меғынаны білдіретін «шаббат» атауын алған. Бұл атау еврей, араб, славян және кейбір батыс Еуропалық тілдеріне енген және де «сенбі» сөзінің шығуы осылай түсіндіріледі. Соңғы күннің (жексенбі) қазіргі атауы христиан дінінің әсерінен-Иисус Христостың тірілген күні ретінде құрылған.

Римдіктердің астрологиямен қызығуынан Рим империясында жеті күндік апта император Август кезінде тарап кетті. Ол түбегейлі 321 жылдан бастап орнықты және «Күн» күнін (жексембі) Рим императоры Константин ресми түрде әр апталық мемлекеттік мейрам деп бекітті.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет