Біз серуенге шығамыз



бет52/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ


№ 15


Бағбанның жұмысын бақылау


Көркем сөз
Жеміс біткен бау-бақша
Желі жайды жан-жаққа
Бақта құста сайрады,
Құйқылжытып сан-саққа
Қолға ап бақша құралын,
Суды атызға бұрамын.
Ағаш түбін қопсытып.
Арам шөпті жұламын.


Бақылау: Үлкендердің жұмысы жөніндегі түсінікті қалыптастыру. Жұмысқа қажет құрал-саймандармен таныстыру (тырма, күрек,су құйғыш т.б.). Бағбанның жұмысының нәтижесіне қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.


Қимылды ойын: «Біз көңілді балалар»
Құрдастарымен, ересектермен жағымды эмоционалдық қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту.


Еңбек: Гүлдерді күтуде бағбанға көмек:
Тапсырмаларды орындауға үйрету, жұмысты ұжыммен келісіп орындауға үйрету.


Өз бетімен ойындар: Доппен ойнау
Доппен ойнау әдістерін жоғары лақтыру, ұстап алу, тебуді бекіту, жылдамдыққа баулу.





Ортаңғы топ


№ 16


Бақаны бақылау
Көркем сөз: «Бақа»
Бақа, бақа, балпақ,
Басың неге жалпақ,
Темір телпек көп киіп,
Басым содан жалпақ
Бақа, бақа, балпақ,
Көзің неге тостақ
Қарауылда көп қарап,
Көзім содан тостақ,


Бақылау:
Бақаны бақылау, оның ерекшеліктерін айту, түсі жасыл және дақтары бар, шөпте көрінбейді, саусақтарының арасындағы бос тері, жүзуге көмек береді, секіреді, жәндіктермен қоректенеді. Бақаның өмірі жайлы білімді кеңейту.


Қимылды ойын: «Өз үйшігіңді тап»
Әр түрлі қыймыл қозғалыстарды жасау жөніндегі білгілерді бекіту: жүгіру, жүру, секіру, белгі бойынша қимылдау (өз үйшіктерін табу), кеңістікті бағдарлауға үйрету.


Еңбек:
Балаларды еңбек етуге үлкенге көмек көрсетуге тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: Қағаз бақамен ойнау
Өз бетінше ойнай білу қабілеттілігіне тәрбиелеу.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет