Өзенді бақылау Жұмбақ Еркелеп жатамын, қаңтарда қатамын. (Көл)
Мақал-мәтел: «Қалған көлге бақа басшы»
Болжам: Егер жазда көлде су көтерілсе, онда бұл құрғақ ауа райына әкеледі. Егер көлдегі балық секіріп маса ауласа, жаңбыр жауады.
Бақылау: Су айдынының өмірін бақылауға үйрету(бақалар қатты бақылдайды, суда кішкентай балықтар көрінеді, судың бетінде су өлшеуіш қозғалады, өсімдік пайда болады, құстар жүзеді, қанаттарын тазалайды, дәндерді тереді ); су айдынының әсемдігін тамашалауға болады (су көп, күннің көзіне су жарқырайды, өзеннің айналасында шөптер, гүлдер өседі, олар өзенді жарқыратады, ағаш бұтақтары өзенге иіліп, оның бейнесі түседі). Жаздың басында су таза, көгілдір, өсімдік көп болатынына назар аудару керек, ал жаздың аяғында бұлдыр, өсімдік аз.Көгілдір суда құм, тас, өсімдік және шағын балықтар көрінеді. Су айдынына ілтипатпен қарауға тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Қарғып секір және бұрыл» Орнынан жоғары секіруге үйрету. «Хоп!» белгісі бойынша кеңістікке бейімделу.
Еңбек: Балаларды ең үнемді жұмыстарға үйрету. Еңбек қызметінің мәдениетіне тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Жаппаның астында ауа- райының жағдайын ескере отырып,іс - әрекет және ойын үшін жағдай жасау. Жағымды әдет ғұрпын қалыптастыру.
Ортаңғы топ № 10 Балықтарды қадағалау Көркем сөз Ақ балық-ау, ақ балық!
Қармағымды қап, балық!
Жұмбақ Аузы бар, тілі жоқ,
Терісі бар, жүні жоқ.
Тірегі бар, ізі жоқ,
Қанаты жоқ ұшпайды
Су астында қыстайды. (Балық)
Бақылау: Судын астындағы балықтардың өмірі туралы мәлімет беру (ұстаған балықтын қабықты жіңішке денесін «талқылап», жүзу қанаттары және құйрығы туралы, олардың төмен, жоғары және бағыттарын жиі ауыстыратыны жөнінде айту. Кішкентай балықтар – уылдырықтардан шыққан балықтар. Оларды дұрыс тамақтандыруға үйрету, өзенге, табиғатты аялауға тәрбиелеу, көпірде тұрған кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау.
Қимылды ойын: «Көпірдегі лақтар»Өз бетінше сергектік ойынын, физикалық сапасын, шапшаңдығын, ептілігін ұйымдастыру қажеттілігін жалғастыру.
Еңбек: Табиғат бұрышындағы жұмыс Балықтарды тамақтандыру. Аквариумға су құю. Балықтарды тамақтандыру әдісін бекіту, балықтарды байқау. Тапсырмаларға жауапты болуға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Балаларды құрастыру ойынына қажетті заттарды жинастыруға; ойында табиғи заттарды қолдануға үйрету.