Ортаңғы топ № 1 Ауа райын бақылау Тақпақ «Алтын күз» Ғ.Қайырбеков Алтын, алтын, сары алтын,
Алтын күзе нұр жатыр
Біз мектепке баратын,
Алақай – ау, күн жақын.
Бақылау: Бірінші күзгі өзгерістер туралы және өлі табиғат туралы балаларға мәлімет беру: ауа температурасының төмендеуі – суық; бұлтты және жаңбырлы күндер – сұр аспан,бұлыңғыр, бұлттың көшуі, күннің көзінің сирек шығуы, жапырақтар сарғайып жерге түседі. Табиғатты сүюге баулу.
Қимылды ойын: «Соқыр теке» (Қазақтың ұлттық ойыны)
Балаларды ойын ережелерін сақтауға үйрету. Алаңда дұрыс қозғала білу. Бір-бірлеріне кедергі жасамау. Дабылға жылдам назар аудару.
Еңбек: Гүл шоқтарынан букет жасау.
Сұлулықты сезінуге баулу. Жеке істерін қошеметтеу.
Өз бетімен ойындар: «Сүйікті ойыншықтармен ойнау» Қуанышты жағдайларға қол жеткізуге жағдай жасап, әр баланың өзінің қызықты ісімен айналысуына жағдай жасау.
Ортаңғы топ
№ 2
Күннің көзін бақылау
Жұмбақтар Ақ сандығым ашылды, Жұрттың бәрі соны сүйеді,
Ішінен жібек шашылды. Бірақ қарағысы келмейді.
(Күннің көзі) (Күн)
Бақылау: Ауа райын ажырата білуге үйрету (бұлтты, не ашық). Себеп – салдар жағдайларын да бақылауға және болжауға үйрету: күн сәулесінің қызуы шамалы – өсімдіктер қурап, адамдар жылы киім киеді.
Қимылды ойын: «Күн шуағы мен жаңбыр» Дабыл соғылғанша өз орындарын табу: «Жаңбыр жауып тұр», «Күн нұрын шашып тұр»; алаң бойынша қозғалыс, бір – біріне кедергі жасамау, ойын ережесін сақтау.
Еңбек: «Гүлдердің тұқымдарын жинау» Гүлдердің тұқымдарын жинастыру. Еңбекке жағымды, әсерлі болуға тәрбиелеу және өсімдіктерге деген қамқорлықты жасауға баулу.
Өз бетімен ойындар: «Түрлі түсті шынылар» Ойын жағдайларын жасау; тату қарым-қатыныста болу, шығармашылыққа және жеке іске баулу.