Біз серуенге шығамыз



бет53/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

17




Құмырсқаларды бақылау
Жұмбақ
Екі басы жұдырықтай,
Ортасы қылдырықтай. (Құмырсқа)

Көркем сөз


Ұзын мұрты құмырсқа.
Бара жатты жұмысқа
Допты алып қолына,
Қойдым оның жолына
Оң жағына қарады,
Сол жағына қарады.
«Биік тау»-деп ойлады.


Бақылау:
Құмырсқалар ұсақ, нәзік, еңбексүйгіш жәндіктер. Олар жердің астында өмір сүреді. Өмір сүретін жерін «илеу» деп атайды. Илеуді бұзуға болмайды өйткені құмырсқалар бізге пайдалы.


Қимылды ойын: «Туннель ішімен еңбектеу»
Ептілікті, шапшандықты, қимыл түрлерін өзгертіп отыратын ойындарға қызықтыру.


Еңбек: Құмды қопсыту
Жұмысқа жауапкершілікпен қарауға, үлкендерге көмектесуге тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: Құмнан шаһар жасау.
Балалар ақылдасып не салу керек екенін шешеді.Ұжым болып жұмыс істеу дағдыларын арттыру.



Ортаңғы топ



№ 18


Құртты бақылау
Жұмбақ
Отырмайды, тұра алмайды,
Жер астында бұраңдайды. (Құрт)


Бақылау:
Балалардың құрт туралы білімін толықтыру: топырақта мекендейді, күндіз қатты жаңбырдан кейін топырақтың бетіне шығады, пйдасы, зияны туралы айту. Қамқорлыққа тәрбиелеу.


Қимылды ойын: «Тауық және балапандар»
Жаттығуларды жасай алу дағдыларын ойын барысында бекіту. Ойынның шартын орындауға үйрету.


Еңбек: Бау-бақшадағы жұмыс
Балаларға еңбектің маңыздылығын түсіндіру.


Өз бетімен ойындар: Көлеңке театры (көлеңкемен ойын)
Көлеңке театрына деген қызығушылықтарын дамыту: Өз көлеңкесімен ойнау. Өз бетінше ойын ойнауға дағдыларын дамыту.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет