Біз серуенге шығамыз



бет26/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
21
Адам таситын көліктерді бақылау
Жұмбақ Көше бойлап аяңдайды, Адам тасып аялдайды. (автобус)
Бақылау: Адам таситын көліктерді бақылау, білімдерін кеңейту. Оларға автобустың арнайы тротуарға жақын аялдамаға тоқтайтынын түсіндіру. Адамдар көлікті арнайы алаңда күтеді, егер алаң болмаса-онда тротуарда күтуі керек.Көлікке міну және түсу тек қана аялдамада рұқсат етілетінін ұғындыру. Көліктердің жүру ережесін естеріне сақтату.
Қимылды ойын: «Қиын өткел» Көлденеңнен сыпырып, сыпырып жатқан жолақты баспауға үйрету; өз қалаулары бойынша топқа бөлу ( санамақ арқылы немесе қызығушылықтары бойынша); ойын ережесін сақтау(топ ойыншысы бір реттен сыпырады). Шағын топта іс- әрекетке үйрету.
Еңбек: «Қардан сырғанайтын төбешік тау жасау» Аталған тақырып бойынша ұйымдастыра білуге үйрету; еңбек құралдарын пайдалану ( күрек, шелек).Өз еркінше жолдастарына көмек бере білуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Балаларды ойынға керекті құрылыс заттарын жасауға үйрету (үй, кеме және т.б.) Ойынның мазмұны мен тақырыптарын кеңейту және дамыту.


Ортаңғы топ
22
Жаяу борасынды бақылау
Көркем сөз Боран гулеп соғады, Қайсар қалай тоңады? Мақта,мейлі. Айналаны орады. Аяғында саптама, Мақтама. Баста тымақ, Өзіңе дәл,шақ қана. Қайсар бейне атамдай, Үсте-тон. Қолда қамшы,астында ат. Қой қайырған шопандай.
Бақылау : Жансыз табиғаттағы қыстың белгілерімен танысу. Қыстың суық күнінде жолда қар борасыны болады, ауада қатты жел көтеріліп, жолды ақ борасын басады. Борасын қарды ойшыққа, бос жерлерге апарады. Балалардың сөздік қорларын молайту.
Қимылды ойын: «Қайсардың киімін ата» Қысқы киім атауын атай білуді бекіту, ойлау қабілеттерін дамыту(киім атауларын есте сақтау), дабылға назар аудару (ортаға тұрған кезде бос орынға тұру). Нақтылыққа, сенімділікке тәрбиелеу.
Еңбек: Төбешікке су құю Су қасиеті туралы білімдерін бекіту (аязды күндері ол қатып қалады). Тәрбиешіге көмектесуге үйрету; өз еңбегіне жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар: Ойын түрін анықтау арқылы өз бетімен жұмыс істеу қабілетін анықтау. Ойын әркеттерін қалыптастыру және дамыту белсенділіктеріне тәрбиелеу.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет