Ортаңғы топ № 23 Мұзды бақылау Көркем сөз Дала аппақ, жапалақтап Қар жауып тұр тынбастан Қалың орман қар жамылған Маужырайды түнгі аспан
Жұмбақ Отқа жанбайды, Суға батпайды. (мұз)
Бақылау: Ауа температурасының күрт өзгеруіне байланысты судың қатты күйге айналуын анықтау, балаларға не себепті ауа температурасы өзгергенде судың қататындығын түсіндіру.Мұз бұл –қатты су құрамы екендігін түсіндіру; мұз медицинада тағамды салқын қалпында сақтап тұруға қолданылады. Мұз құрамы- тұнық, суық, қатты екендігін атау. Қимылды ойын: «Мұзды аулаға кіргіз»Таяқшаның көмегімен мұзды берілген бағытта сырғанату. Спорттың басқа да түрлерімен таныстыру.
Еңбек:Табиғат бұрышында құстытамақтандыру Табиғат бұрышында құстыөз беттеріншетамақтандыруға үйрету (тамақтандыру, суларын ауыстыру).Табиғат аясындағы құстарды аялай білуге тәрбиелеу. Өз бетімен ойындар: Балалар ойын барысында бір-бірімен араласа білуге, өз ойларын айта білуге, достарының ойымен келісіп тату ойнау дағдыларын қалыптастыру.
Ортаңғы топ № 24 Қылқанжапырақты ағаштарды бақылау Көркем сөз Күн мұңайып тұр бүгін, Қыс ызғары келеді
Жұмбақтар Жаңа жыл күні Төріңде тұрар. Басқа күні Өскен жерінде тұрар. (шырша)
Бақылау: Қылқанжапырақты ағаштарды еске түсіру. Шырша мен қарағай ағаштарын ажырата білу. Шырша ағаштарының бұтағы бүкіл бойға , жоғарыдан төменге салбырап өседі; түбірі-қара;қылқан-бір-бірден өседі;жаңғақ-көп өмір сүргіш, дөңгелекше тәрізді. Жаңғақтың тұқымы бар.Білімдерін анықтау, қарағай мен шырша – үнемі жасыл түсті, қыста да сол түсін сақтайды. Шырша мен қарағай- қылқанжапырақты ағаш.Ағаштардың ерекшелігі мен белгілерін және ұқсастықтарын айыра білу, салыстырған сөздерін нақты жеткізу. Қимылды ойын: «Қақпа»Алаңда қозғалып жүру, «Бір, екі, үш-ұста» дегенде- бәрі алаңға жүгіреді. Бір-біріне көмек беруге тәрбиелеу.
Еңбек:Ағаштың қасына түскен бұталарды жинау Балаларға алаңда жүрген кезде қоқысты жинату (ағаш жанындағы бұталар), содан кейін арнайы орынға апаруға үйрету. Өз ойларын жолдастарының ойларымен ұштастыра білуге үйрету. Өз бетімен ойындар: Ойынға өз беттерінше тақырып таңдап үйрену, қоршаған ортаны жақсы жақтарынан көрсетіп, алған білімдерін көрсете білу.