Ортаңғы топ № 27 Көшені бақылау Көркем сөз Ала таяқ ұстаған, Жол тәртібін нұсқаған. Өміріңді күзеткен, Ысқырығы күшті адам. (жол инспекторы) Бақылау: Қалада көшенің көпекенін, олардың атауы әр түрлі екендігі және балабақша қай көшеде орналасқандығы туралы түсінік беру.Балабақша жанында қандай мекемелер орналасқандығын айыра білу.(дүкен, дәріхана, банк, почта,колледж, кітап баспасы және т.б.). Барлық жерде адамдар жұмыс істейді, әрқайсысы істеген жұмысы басқаларға жақсы және ыңғайлы болғанын қалайды. Есейгенде олар да жұмыс істейді, ол үшін балаларға көп оқу керектігін ескерту қажет.Адамдардың еңбектеріне сыйластықпен қарай білуге үйрету. Қимылды ойын: «Бірінші бол»Әр түрлі бағытта бір-бірімен жарыса отырып жүгіруге үйрету (біреуі-оңға, басқасы-солға), ортаны тез айналып, бос орынға келіп тұра қалу. Тез жүгіруге баулу. Ойын талаптарын орындауға үйрету. Еңбек: Алаңдағы құралдарды қардан тазарту(сырғанайтын жер, алтыбақан және т.б.).Өз беттерімен алаңдағы құралдарды қардан тазартып, бастаған істі аяғына дейін жеткізуге үйрету. Өз бетімен ойындар: Балаларға өз рөлдерін және жолдастарының рөлдерін біліп, 2-3 рөлде кезекпен ойнап; бағыну, басқару, теңдік-қарым-қатынас ретінде- рөлдік ойын ережесін білу.
Ортаңғы топ № 28 Отырғызылған гүлдерді табиғат бұрышына қою, гүлдерді бақылау. Тақпақ «Су құям гүлге» Қ.Сауғабаев Ұмытпай күнде, Су құям гүлге. Жайнайды гүлім, Құлпыртып түрін.
Бақылау: Балалар бойына бөлме гүлдері, олардың атаулары білімін кеңейту .Бөлме өсімдіктерін күту; бөлме өсімдіктерінің негізгі талаптары бөлімін бекіту, негізгі белгілері туралы мәлімет беру( шіріген, жапырақтары сарғайған және т.б.) , суарудың қосымша түрімен таныстыру.Бөлме өсімдіктерін жақсы көру, оларды күту, тірі ағза сияқты қарым- қатынаста тәрбиелеу. Қимылды ойындар: «Қара сиыр»(қазақтың ұлттық ойыны)Дабыл бойынша тығыз орта құра білу дағдысын бекіту,ойын ережесін сақтау (ойыншының жанына бір затты жасыру, дабыл бойынша затты іздеу, тапқан адам қарауылдайды, қалғандары оны алып қоюға тырысады). Шынығуды, ептілікті, төзімділікті дамыту. Еңбек: Гүлді суару, жапырақты жуу.Балаларды өз бетінше тәрбиешінің берген тапсырмасын орындауға үйрету (гүлді суарып, жапырақтың шаңын сүрту).Өсімдікке ұқыптылықпен қарап, уақытында күте білуге бағыттау Өз бетімен ойындар: Ойында балалар өз іс-әрекеттерімен жолдастарының қимыл-істерімен ұштастыра білуі.