Біз серуенге шығамыз



бет3/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ
3
Желдің соғуын бақылау
Жұмбақ
Қанаты жоқ – ұшады,
Аяғы жоқ – қашады.
(Жел)
Бақылау: Балалардың бақылау дағдыларын қалыптастыру; ішкі сипат бойынша жел соғуын анықтау; ағаштардың қозғалуы, бұлттардың аспанда тез көшуі, қатты желден ағаштардың жапырақтарының түсуі, жел бағытын анықтау. Жаздың күні жел қандай болады; тым нашар, ағаш басының қозғалуы; күзбен салыстыру.
Тәжірибе. Желге қарсы жүгіру.
Қорытынды. Желге қарсы жүгіру қиын.
Қимылды ойын : «Желбезекпен жүгіру»
Желбезекті қолға алып жарысу, кім бірінші мәреге жетеді, сол жеңімпаз болады.
Еңбек: Тәрбиешіге көмек.
Үлкендерге қызмет көрсету; Ауланы тазартуға қатыстыру, жапырақтарды жинау.

Өз бетімен ойындар: «Желбезекпен ойын»
Ыңғайлы жағдайларды жасау, алаң ішінде іс-қимылдарды дамыту. Көтеріңкі, көңіл күйде болу.



Ортаңғы топ

4



Күздің ерте, алтын, кеш келуін бақылау

Тақпақтар

«Күз» Н. Әлімқұлов «Күз» Қ.Ыдырысов
Берекесін сыйлауға Күзім-ау, күзім-ау,
Өлкемізге күз келді. Мінезін бұзық-ау,
Жемістерін жинауға Жаңбырын сіркіреп,
Шақырады біздерді. Келгенің қызық-ау.

Бақылау: Табиғаттағы өзгерістерді бақылауға үйрету: жапырақтардың түсінің өзгерістері, құстардың жылы жаққа ұшуы, жаңбырлы болуы,күзгі өзгерістерді ажырата білуі.
Қимылды ойын: «Егінді тасымалдау»
Дабыл бойынша арбамен «егін» тасу, бір шеттен, екінші шетке тасу. Шыдамдылық пен шапшаңдыққа баулу.
Еңбек: Гүлзарда жұмыс.
Гүлдерді гүл ыдысына отырғызу. Жұмыстың ыңғайын білу. Гүлге деген сүйіспеншілікті арттыру.
Өз бетімен ойындар: «Құмда сурет салу»
Балаларды құмда сурет салуға үйрету. Атқарған жұмыстарын атап, мадақтап өту. Бірлікке, татулыққа тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет