Біз серуенге шығамыз



бет9/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

15




Жеңіл көлікті бақылау.

Жұмбақтар


Арқасында алып жүр, ала тайым шауып жүр. (Автобус)
Табаныңда жолы бар, төбесінде қолы бар. (Трамвай)
Бақылау: Жеңіл көліктер жайлы біліп, оларды атап көрсету; жеңіл көліктердің қосалқы бөліктері жөнінде білімдерін кеңейту. Жүк машинасы мен жеңіл машинаның айырмашылықтарын атап көрсету.


Қимылды ойын: «Такси»
Қос аяқты түзу ұстап, аяқтың ұшымен обручпен қосақтасып жүгіру. Бір-бірін итермей ойын ережесін сақтау.


Еңбек:
Берілген жеке тапсырманы мұқият орындауға үйрету. Еңбекке деген түзу көзқарастарын дамытып, тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: Секіргішпен ойна
Ұялшақ және сенімсіз балаларды өзгелермен бірлесіп ойнауға ыңғайлы жағдай жасау.



Ортаңғы топ

16




Жүк автокөлігін бақылау
(сүт таситын машина, жүк таситын машина, самосвал)


Жұмбақ
Резеңке аяқты жануармын
Барлық жолдарды кезіп өтемін,
Құрылыста іске жараймын, Жұмыстан мен қорықпаймын. (Машина)


Бақылау: Жүргізуші мамандығы туралы жалпы білімдерін қалыптастыру. Жүк машинасының құрылысы туралы білімді бекіту (кузов, кабина және т.б.), олардың атауын білу; жеңіл автокөліктен ажыратуға үйрету.


Қимылды ойын: «Оқтау тартыс» Қазақ халқының ұлттық ойыны
Балаларды шағын топтарда бірігіп, келісе әрекет етуге (сигнал бойынша қанатты және қарама-қарсы топ балаларын өзіне тарту) үйрету.


Еңбек: Әткеншектерді қардан тазалау
Балаларды күрекпен жұмыс істеуге үйрету (қарды шанаға тиеп, арнаулы орындарға апару). Еңбектің маңыздылығын түсіндіру.


Өз бетімен ойындар: Әткеншек тебу
Біріккен жұмыс жасау үшін балалардың шағын топтарға бірігуін қолдау; біріккен қызметтегі тәртіп ережелері мен нормаларын орындауға үйрету.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет