Жұмбақтар Жазда сылдыр қағады, қыста тыным табады. (Өзен)
Бет көрсететін айнам, тауып алдым сайдан. (Ағын су)
Бақылау: Өзенде болатын маусымдық өзгерістерді бақылап және атап берулерін қадағалау: су күңгірттенді, суда жүзетін құстар жоқ, балықтар мен бақалар су түбінде. Өзен – табиғаттың негізгі ресурсы екендігін және оның сұлулығын қарап, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Тәжірибе. Суға ұсақ тастар мен жаңғақтарды лақтыру.
Қорытынды. Ауыр заттар батып, жеңілі су бетіне шығады.
Қимылы ойын:«Жылға арқылы» Екі түзу сызықтан қос аяқтап секіруді қалыптастыру. Сабақ барысында үйренген әдіс-тәсілдерді тиімді қолдануға үйрету.
Еңбек: «Аквариум үшін жағадан ұсақ тастар жинап теру» Тапсырманының маңыздылығына мән беру, Аквариумдағы балықтардың өмірі туралы көзқарастарын кеңейту.
Өз бетімен ойындар: Ойынның барысы мен ережесін өз бетімен ойлап табуға үйрету; шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тақпақ Көкөністі көп ектік,
Өссін, піссін деп ектік,
Көктемде еккен көкөніс,
Күзде берді көп өнім.
Бақылау: Көкөністер жөнінде білімдерін кеңейту: аты, түсі, дәмі, тағамға қолданылуы, құрамындағы дәрумені; күзде көкөністерді жинау; көкөністердің пісіп-жетілуіне мән беру; топырақ салынған жәшіктерді арнай бөлмелерде сақтау. Өз еңбегінің нәтижесіне ұқыпты қарауға үйрету.
Қимылды ойын: «Бақшашылар» Бақшаны топтасып жинауға балаларды ұйымдастыру. Ойын ережесі: тәрбиешінің белгі беруін күтіп, эстафетаны жалғастыру.
Еңбек: Бақшадағы жұмыс. Көкөністерді жинау.
Бақшадағы көкөністерді жинауға ат салысып, ересектер мен жолдастарына белсенді түрде көмек көрсеткен балаларды мадақтау.
Өз бетімен ойындар: «Көкөністер дүкені» Көкөністер мен жеміс-жидектерді құмнан мүсіндеу.
Берілген ойын тақырыбында шығармашылық, белсенділік көрсеткендерді мадақтау; ойынға деген қызығушылықтарын қолдау және дамыту. Көкөністер мен жемістер туралы алған білімдерін бекіту.