Біз серуенге шығамыз



бет37/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ


№ 14


Аулада тазартушының еңбегін бақылау
Тақпақ
Еңбек сүйсең, жасыңнан,
Бақыттысын, жас ұлан –
Дейді атам ылғи да,
Сипап менің басымнан.


Бақылау:
Аула тазартушының еңбегін бақылау. Еңбек қимылын көру (қар күреу, белгілі бір жерге лақтыру, жолдарды сыпыру). Үлкендердің еңбегін бағалауға тәрбиелеу,көмектесуге ынталандыру.


Қимылды ойын: «Жүгір, отыр, жүгір»
Балаларды белгі бойынша үйрету, «отыр», «жүгір» ойын шартын сақтау. Балалардың кеңістікте бағыт-бағдарын тездетуге үйрету.


Еңбек:
Аулада үлкендерге көмек беру. Еңбектің маңыздылығын білу. Ойын барысында мадақтау, шапшаңдығын дамыту. Татулық қарым - қатынасқа тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар:
Бірлескен іс-әрекет барысында ереже мен тәртіп нормаларын белсенді қолдана білуге ынталандыру.



Ортаңғы топ


№ 15


Ағаштарды бақылау (қайың, үйеңкі, терек)
Жұмбақ
Ақ көйлекті, көк желек,
Орманда орны бір бөлек.
Әннің аты деседі,
Сызды жерде өседі.
(Қайың)
Бақылау:
Ауладағы ағаштарды қарап шығу. Барлық ағаштардың бұтақтарында бүршік бар және олар әр түрлі екендігіне назар аудру. Ағаштың бұтағы мен діңдерін салыстыру. Ағашты қастерлеуге, күте білуге тәрбиелеу.


Қимылды ойын: «Кім бірінші жүгіріп келеді»
Балаларды тез және белгі бойынша жүгіруге үйрету. Кедергі жасамай өзінің орнына қайтып келіп тұру, есте сақтау қабілетін дамыту.


Еңбек: «Ағаштың жан-жағын қопсыту»
Берілген жеке тапсырмаларды орындауға үйрету.Тәрбиешіге көмек беруге ынталандыру.


Өз бетімен ойындар:
Ойын барысында балалардың бір-бірімен қарым-қатынас жасауын қадағалау, олардың іс-әрекеті мен қылықтарын білдіру, өз ойын іске асырту.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет