Біз серуенге шығамыз



бет35/59
Дата25.11.2023
өлшемі8,93 Mb.
#126610
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59
Байланысты:
Балабақшада серуен ортаңғы топқа арналған

Ортаңғы топ

10




Сүңгіні бақылау


Жұмбақ
Отқа жанбайды,
Суға батпайды. (мұз)


Бақылау: Табиғат өзгерістерін бақылауды жалғастыру, қар ерігенде төбеден су тамшылап, аязбен ол сүңгіге айналды. Сүңгінің түр-түсіне назар аудару. Көшеде жүру ережелерін пысықтау (сүңгілері бар үйлердің жанында жүрме).


Тәжірибе: Сүңгіні қолда ұстау, бақылау, түрін, түсін анықтау.
Қорытынды: Сүңгі-бұл қатқан су, жылыда ол ериді.


Қимылды ойын: «Қоймадағы тышқандар»
Өрмелеу тәсілдерін орындау білімін бекіту. Ойынның ережесін сақтау. Белгі бойынша ұйымдасқан түрде ойнау.


Еңбек: Ауладағы еңбек.
Қоқысты балаларға жинауды үйрету және оларды белгіленген жерге апарту. Тазалыққа тәрбиелеу.


Өз бетімен ойындар: Сүйікті ойыншықтармен ойын
Балаларды өзінің сүйікті ойыншықтарымен көңілді ойнауын қадағалау. Ойын барысында ойыншықтарға ұқыптылықпен жанашырлықпен қарап әрекет етуге тәрбиелеу.





Ортаңғы топ

11




Тамшыны бақылау


Жұмбақ
Мұрны жоқ шымшық,
Мұз тесер.(Тамшы)


Бақылау:
Көктем құбылысы – тамшыға назар аударып бақылау. Балалардың сөздік қорларын байыту. Табиғат құбылысының «күн қыздырады» - «төбеде қар ериді» деген түсініктермен таныстыру.


Қимылды ойын: «Кім жоғары секіреді»
Бір орында секіру, қимыл – қозғалысын шапшаңдықтарын арттыру. Жолдастық сезімдерін арттыру.


Еңбек: Табиғат бұрышындағы жұмыс
Аквариумдағы балықтарды тамақтандыру.Өздігінен балықтарды тамақтандыруды қалыптастыру. Еңбекке деген сүиіспеншілігін дамыту.


Өз бетімен ойындар:«Көпіршік сабын буларды үрлеу»
Балалар арасында қалыпты қарым-қатынасты орнату, көпіршіктермен ойнау. Достарының пікірімен санасуға тәрбиелеу.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет