Ересектердің бақшадағы еңбегін бақылау. Мақал-мәтел Еңбек етпесең, елге өкпелеме,
Егін екпесең, жерге өкпелеме.
Тақпақ Бітік егін өсіріп,
Еліне бақ сыйлаған.
Егінші ісін дөс біліп,
Ол-халыққа сыйлы адам.
Бақылау: Балалар да көктемде топырақты дайындап, көкөніс егу науқаны басталатыны жайында түсінігін қалыптастыру.Тынымсыз еңбек ету нәтижесінде адамдар көкөністі өсіріп күтуде мол өнім алу мүмкіндігіне ие болатынын балаларға түсіндіру.
Қимылды ойын: «Арқан тартыс» Күш-жігерді дамыту, қарсыласын өз жағына тартуда шыдамдылық таныту.
Еңбек: Гүлзарға гүл отырғызу Гүл отырғызатын орынды таңдап алып, оны суару. Еңбек мәдениетін қалыптастыруды үйрету (еңбек құралдарын қолданужұмыс орнын таза,ұқыпты ұстау).
Өз бетімен ойындар: Ойыншық пен рөлдерді бөлісуде мәдениеттік білдіріп, келіспеушілік тұстарын анықтап, өз ойын іске асыра білуге тәрбиелеу
Жаз Ортаңғы топ
Ортаңғы топ
№1
Ауа райын бақылау Жұмбақ Тырсылдап түседі,
Жер бетіне жетеді.
Жер бетіне жеткен соң,
Ғайып болып кетеді. (Бұршақ)
Қимылды ойын: «Допты дәлдеп тигіз» Балаларды дұрыс дәлдеп допты түзу лақтыру арқылы ойынды жалғастыру, арақашықтықты сақтау.
Өз бетімен ойнау: «Сабынды сумен ойнау» Табақшаға көпіршікті жинап, дөңгелек көпіршіктерін жіберу немесе дайын көпіршіктерді қолданып үрлеп, ойынауды жалғастыру.