Ортаңы топ
№ 18
Ағаштардың гүлденуін бақылау
Жұмбақтар:
Жаз болса жайнап,
Саясында ән салып,
Құстар жүрген сайрап.
Бұл не?
(Ағаш)
Жазда жатсаң – көлеңкесіне алады,
Қыста жатсаң – жаның рахат табады. (Ағаш)
Бақылау: Ағаштар бүр жарды, одан кейін жапырақ шықты енді гүлдеді. Басқа гүлдеген ағаштардың гүлімен салыстыру. Балаларды табиғатты қорғауға тәрбиелеу арқылы олардың әдемілігіне сүйсіндіру.
Қимылды ойын: «Домалақты жерге түсіріп алма»
Берілген дыбыс бойынша қасықты қолына алады. Қасыққа кішкентай домалақ шарды салып түсірмей берілген жерге жеткізу, ептілікке баулу.
Еңбек: Алаңдағы жұмыстар. Жасаған құс ұясын ағашқа орнату.
Өз бетімен ойындар: «Доппен ойнаймыз»
Ортаңғы топ
№ 19
Қылқанды ағаштарды бақылау (қарағай, шырша)
Жұмбақ
Қар су болып жөнелді,
Қалды дала жалаңаш.
Күн нұрына кеңелді,
Бүршік атып бар ... (Ағаш)
Тақпақ
Алма ағаштың құшағы –
Қанат жайған бұтағы.
Жапырағы жүрегі,
Бұтақтары білегі.
Бақылау: Балаларға қылқанды ағаштарды білуге үйрету. Балабақша аймағындағы өсіп жатқан екі түрлі қылқанды ағашты, сыртқы белгілерінен білу. Басқа ағаштардан ерекшеліктерін көру, оларды атау. Ағаштарды қастерлеп, оларды күтуге тәрбиелеу.
Қимылды ойын: «Жіпті көтеру»
Жіпті бекітіп, белгі бойынша жүгіріп келу. Кім бірінші болып мәре жеріне келіп, бірінші болып жіпті тартып алса, сол жеңімпаз. Баланың шапшаңдығы мен ептілігін дамыту.
Еңбек:Табиғат бұрышындағы жұмыс. Гүлдерді отырғызу.
Балаларды жерді қопсытып, суаруға үйрету. Үлкендерге көмек көрсетуге тәрбиелеу.
Өз бетімен ойындар:
Ойын барысында бір-бірімен қарым-қатынас жасап, өз ойларын ортаға салып, құрдастарының шешіміне келіспеушілік білдіре білу, рөлдерге бөлу, ойыншықты бөлісе білуге дағдыландыру.
Достарыңызбен бөлісу: |